Тапсырмалар: Тұрақты тіркестерді тауып, астын сызыңыз да, қайсысы идиома, қайсысы фраза екенін ажыратыңыз



Дата20.10.2022
өлшемі18,93 Kb.
#153991
Байланысты:
идеома жане фраза


Тақырыбы: Фразеологизмдер Мақсаты: Фразеологизмді және оның түрлерін айыра білуге жаттықтыру, фразеологизмдердің мағынасын түсіндіру, баламасын бір сөзбен айта білуге үйрету. Тапсырмалар: 1. Тұрақты тіркестерді тауып, астын сызыңыз да, қайсысы идиома, қайсысы фраза екенін ажыратыңыз. 1. Кемпір сөзін алғашқыда жеңіл ажуамен қабылдаған жұрт бұл тұста құлаққа ұрған танадай болып тұнып қалды. 2. Сырт қараған кісіге қабағынан қар жауған, жұп-жуан, бөгде біреу сияқты боп көрінесің. 3. Бұл сөздерге бағанадан бері құлағын салып тұрған Қайырбековтің өңі бірте-бірте жыли түсті. 4. Балқия әңгір таяқ ойнатуын қойған жоқ. 5. Әбеннің екі езуі екі құлағында, қызара бөртіп қонақ күтісіп жүр. 6. Аман әңгімеге құлақ қойған жоқ. 7. Сонда да әлі қабақ шытысқан емеспіз. 8. Өзіміздің табан ақы, маңдай теріміз ғой. 2. Берілген идиомаларды мағыналық жақындығына қарай топтастырып, қай сөзге балама болатынын анықтаңыз. Мұрнын көкке көтереді; ешкімнің ала жібін аттамайды; қара қылды қақ жарған; мойнына су кетіп жүр; көзінің еті өскен; сағы сынды; кежегесі кейін тартады; төбе шашы тік тұрды; ұнжырғасы түсіп жүр; тауы шағылды; салы суға кетті; жүрегім тас төбемнен шықты; жігері құм болды; сай сүйегім сырқырады. 3. Мына сөздердің идиомалық баламаларын тауып, сөйлем құраңыз. Жылдам, лезде, момын, араз, әділ, адал, шебер, қатты, нанымсыз, қисынсыз, зорға, ер жүрек, дос, қирату, тату, өкіну, қорқу, аяу, ашулану. 4. Фразалық тіркестерді тауып, қандай мәнде айтылып тұрғанына түсінік беріңіздер. 1. Адассаң, өзім бармын. Жарғақ құлағым жастыққа тимейді, іздейтін боламын (С.Шайм.). 2. Сүттен ақ, судан таза адамды балағаттауға ұялсаңшы (М.И.). 3. Мұндайда аузын бағатын күзетші Мәмет қарт та сөйледі (Ғ.Мұст.). 4. Келіні оның құлақ аспаған түрін көрсе де, тоқтайтын емес. 5. Ақбалаға үйленгеннен бері ғана, Еламан өзіне туыс тауып, қайын жұртына кәдімгідей арқа сүйейтін болды (Ә.Н.).
Тапсырмалар: 1. Тұрақты тіркестерді тауып, астын сызыңыз да, қайсысы идиома, қайсысы фраза екенін ажыратыңыз.
Идиомалар:2,5,6,8
Фразалар: 1,3,4,7
1. Кемпір сөзін алғашқыда жеңіл ажуамен қабылдаған жұрт бұл тұста құлаққа ұрған танадай болып тұнып қалды.
2. Сырт қараған кісіге қабағынан қар жауған, жұп-жуан, бөгде біреу сияқты боп көрінесің.
3. Бұл сөздерге бағанадан бері құлағын салып тұрған Қайырбековтің өңі бірте-бірте жыли түсті.
4. Балқия әңгір таяқ ойнатуын қойған жоқ.
5. Әбеннің екі езуі екі құлағында, қызара бөртіп қонақ күтісіп жүр.
6. Аман әңгімеге құлақ қойған жоқ.
7. Сонда да әлі қабақ шытысқан емеспіз.
8. Өзіміздің табан ақы, маңдай теріміз ғой.

2. Берілген идиомаларды мағыналық жақындығына қарай топтастырып, қай сөзге балама болатынын анықтаңыз.


Өзімшілдік: Мұрнын көкке көтереді;көзінің еті өскен;қара қылды қақ жарған;
Момындық:кежегесі кейін тартады;ешкімнің ала жібін аттамайды; мойнына су кетіп жүр;
Қорқу: төбе шашы тік тұрды;жүрегім тас төбемнен шықты;
Жабырқау:сағы сынды; салы суға кетті;жігері құм болды; тауы шағылды; ұнжырғасы түсіп жүр; сай сүйегім сырқырады.
3. Мына сөздердің идиомалық баламаларын тауып, сөйлем құраңыз.
Жылдам- көзді ашып жұмғанша
лезде- қас пен көздің арасында
момын- қой аузынан шөп алмас
араз- жұлдызы қарсы
әділ-Айна қатесі жоқ
адал- ала жібін аттамайды
шебер- бит қабығынан биялай тоқыған
қисынсыз-Жүрісі сұйық
зорға -Алқам-салқымы шығу
ер жүрек -Жүрегінің түгі бар
дос-арасынан қыл өтпейтін
қирату -шаңырағын ортасына түсірді
тату-Дәм-тұзы жарасу
өкіну-Бармағын тістеу
қорқу-жүрегі тас төбесіне шығу
аяу- кежегесі кейін тарту
ашулану - арнасынан шығу
4. Фразалық тіркестерді тауып, қандай мәнде айтылып тұрғанына түсінік беріңіздер.
1. Адассаң, өзім бармын. Жарғақ құлағым жастыққа тимейді, іздейтін боламын (С.Шайм.).
Жарғақ құлағым жастыққа тимейді деп, өзінің құлағы сақ екенін және сол арқылы сені іздеп табамын деген мағынада айтылып тұр.
2. Сүттен ақ, судан таза адамды балағаттауға ұялсаңшы (М.И.). Сүттен ақ, судан таза дегеніміз- кіршіксіз, кінәсіз адам. Яғни кінәсіз адамжы балағаттауға ұялсаңшы деген мән береді.
3. Мұндайда аузын бағатын күзетші Мәмет қарт та сөйледі (Ғ.Мұст.) Аузын бағатын дегеніміз- көп сөйлемейтін дегенді білдіреді. Яғни бұл жерде көп сөйлемейтін Мәмет қартта үн қатты деген мәнде айтылған.
4. Келіні оның құлақ аспаған түрін көрсе де, тоқтайтын емес. Құлақ аспау дегеніміз тыңдамау деген мағынаны береді. Яғни келіні оның тыңдамаған түрін көрсе де тоқтар емес.
5. Ақбалаға үйленгеннен бері ғана, Еламан өзіне туыс тауып, қайын жұртына кәдімгідей арқа сүйейтін болды (Ә.Н.). Арқа сүйеу дегеніміз- біреуге сене алу, мысалы қиын сәт түссе ойланбастан олардан көмек сұрау. Яғни бұл жағдайда Еламан Ақбалаға үйленіп өзіне туыс тауып, қайын жұртына арқа сүйейтін болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет