Тапсырмалары



бет1/2
Дата27.12.2023
өлшемі40,96 Kb.
#199657
  1   2
Байланысты:
Қазақстан тарихы




ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


Нұсқау: Сізге бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.

  1. Cақтардың ғарыш туралы түсінігі бейнеленген бас киім табылған қорған

    1. Шілікті

    2. Берел

    3. Есік

    4. Бесшатыр

    5. Сынтас

  2. 1771 жылы Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланған хан:

    1. Абылай

    2. Әбілқайыр

    3. Қасым

    4. Тәуке

    5. Есім

  3. 1741 ж. жоңғарлардың тұтқиыл шабуылы салдарынан тұтқынға түскен саяси тұлға:

    1. Әбілмәмбет

    2. Әбілқайыр

    3. Тәуке

    4. Абылай

    5. Қайып

  4. 985 жылы кінәз Владимирдің оғыздармен одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылды

    1. Қытай шежірелерінде

    2. Грек деректерінде

    3. Орыс жылнамаларында

    4. Моңғол деректерінде

    5. Парсы тарихында

  5. XVIII ғасырдың ортасында қазақ билеушілері мен Қытай арасында шиеленістің басты себебі:

    1. Сыр бойындағы қалалар үшін

    2. Билік үшін

    3. Сауда жолдары үшін

    4. Жоңғар елшісінің өлтірілуі

    5. Жер мәселесі

  6. Ғұндардың бастапқы кезде мекендеген жерлері

    1. Шығыс Еуропа, Кавказ таулары, Иран жері

    2. Оңтүстік Үндістан, Алдыңғы Азия, Шығыс Азия

    3. Солтүстік Қытай, Моңғолия, Байкал өңірі

    4. Араб түбегі, Оңтүстік Азия, Месопотамия жазығы

    5. Батыс Еуропа, Жерорта теңізі жағалауы, Каспий маңы




  1. «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» бекітілген жыл:

A) 1891 ж.
B) 1824 ж.
C) 1868 ж.
D) 1822 ж.
E) 1889 ж.

  1. 1917 ж. 21 қарашада «Қазақ» газетінде бағдарламасының жобасы жарық көрді

    1. «Жас қазақ» партиясының

    2. «Шура-ислами» партиясының

    3. «Алаш» партиясының

    4. «Шура-улема» партиясының

    5. «Үш жүз» партиясының

  2. 1962 жылы республика халқының ішінде қазақтардың үлесі A) 85 %

B) 29%
C) 35%
D) 75%
E) 45%

  1. 1992 жылы Қазақстан Республикасы мүше болған ұйым

    1. ЕҚЫҰ

    2. ИЫҰ

    3. ШЫҰ

    4. БҰҰ

    5. ТМД



Нұсқау: Сізге контекст негізінде бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.
«Кеңес үкіметі билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізді. Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді.
1918 жылы шілдеде Түркістан АКСР-інде Халық ағарту комиссариаты, ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетінде мектеп бөлімі ашылған еді. 1919 жылы желтоқсанда В.И.Ленин «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декретке қол қойды.
Mемлекет ауылға жаппай мәдени жорық ұйымдастыруды жариялады. Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп- интернаттар, рабфактар құрыла бастады.
Қазақстанда сауатсыздықты жою науқаны барысында көптеген кедергілер кездесті: қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үй-жайы және оқулықтар мен тәжірибелі мұғалімдер тапшылығы. Oсыған байланысты А.Байтұрсынұлы жаңадан ашылып жатқан мектептерге 20 мың мұғалім керек екенін айтты. Ал бөлінген қаржы көлемі 2616 мұғалім мен кітапханашылардың жалақысына ғана жеткен еді. Сондықтан ол жергілікті билік органдарына мектептерді өз бетінше ашуға, оларды ұстауға өз қаражаттарын жұмсауға шақырды».

  1. Kеңестік дәуірде жаңадан ашылып жатқан мектептерге 20 мың мұғалім керек екендігін айтқан қоғам қайраткері:

    1. Қаныш Сәтбаев

    2. Мағжан Жұмабаев



    3. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет