Тапсырманы бағалау критерийлері



Дата18.09.2024
өлшемі19,26 Kb.
#204625
Байланысты:
Тапсырма 6 күн


Тапсырма: дүниежүзі тарихы пәні бойынша 5-11 сыныптардың оқу бағдарламаларынан «Феодалдық қоғамның қалыптасуы мен дағдарысы» контенттік (мазмұндық) концепті шеңберінде тақырыпты таңдаңыз және осы тақырып негізінде:
- зерттеудің 6 қадамы негізінде зерттеу мәселесін шешуге бағытталған тапсырма әзірлеңіз (ҮМ_6.2 зерттеудің алты қадамы), ол оқушылардың зерттеу сұрағына сәйкес болжам ұсынуын, фактілерді жинап, болжамға сәйкес тұжырымдар мен пайымдаулар жасауға негізделуі маңызды. 5-9 сыныптардың оқу бағдарламаларында әр тақырып бойынша дайын зерттеу сұрақтары ұсынылған, 10-11 сыныптардың тақырыптары бойынша зерттеу сұрақтарн өз бетінше әзірлеу қажет.
- оқу мақсаттарына сәйкес тақырып бойынша фактологиялық материал ұсыныңыз.


Тапсырманы бағалау критерийлері:
● тапсырма оқу мақсатына сәйкес келеді
● тапсырма зерттеу сұрағын шешу арқылы тақырыпты зерделеуге бағытталған (себеп-салдарлық байланыстарды талдау, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдау, өзгерістер мен сабақтастықты талдау, сабақ тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың, құбылыстардың немесе процестердің маңыздылығын талдау).
● тапсырманы орындау зерттеудің 6 қадамымен байланысты
● ұсынылған фактологиялық материал тақырыптың мазмұнын ашады



Тақырып:



XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?

Оқу мақсаты:

6.3.1.3 феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;



Бағалау критерийлері:



XIV Людовик пен І Петр тұсындағы саясаттағы өзгерістердісалыстырады;
XIV Людовик пен І Петр тұсындағы экономикадағы өзгерістерді салыстырады;
XIV Людовик пен І Петр тұсындағы мәдениеттегі өзгерістерді салыстырады;
екі монарх билігі тұсындағы мемлекеттік басқарудыкем дегенде екі сөйлеммен қорытындылайды;
Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есептейді;



Сабақ тақырыбы бойынша зерттеу сұрағы:
XIV Людовик пен І Петр билігі неге шексіз болды?



Зерттеудің 6 қадамы негізінде зерттеу мәселесін шешуге бағытталған тапсырма:
Миға шабуылXIV Людовик: «Мемлекет - ол мен!», І Петр: «Ұлы мәртебелі – жеке билік ететін монарх, дүниеде ешкімнің алдында өз ісі алдында есеп бермейді». Мұғалім оқушылар назарына XIV Людовик пен І Петр цитаталарын ұсынып, оқушыларды ой-талқыға шақырып, сабақ тақырыбына болжам жасату.

  • Екі цитатының ортақ идеясы қандай?

  • Қандай билік түрін байқауға болады?

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?




Тақырып бойынша фактологиялық материалдардың сипаттамасы (тақырып бойынша негізгі және қосалқы фактілер – даталар, тарихи тұлғалардың есімдері, сабақ тақырыбымен байланысты тарихи оқиғалар мен олардың локализациясы/ болған орны):

Карл мен ІІ Осман


XIV Людовик пен І Петр




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет