ІҮ- тапсырма. «Ребус шешу». Ой толғау.Осы суреттерде сан жасырынған, табыңыз.
100 - ік, 100 - ім, 100 – дік
2. Жалқы есім жасырынған, шешуін табыңыз.
Ү- тапсырма. Сөз ойла, тез ойла.
1 асым -------- су
1 жұтым ------ ет
1 ауыз --------- бидай
1 шымшым -- қамыр
1 жайым ------ нан
1 уыс------ тұз
1 үзім------ өлең
ҮІ- тапсырма.. Әрекеттердің қай мамандыққа байланысты айтылғанын анықтаңыз.
|
|
|
Жарнама жасайды;
Тауарды өткізеді;
Нарықты зерттейді;
Сұранысты анықтайды
|
Айлық, жылдық есеп жасайды;
1С бағдарламасын біледі;
Жалақыны есептейді;
Салық комитетіне есеп береді
|
Заңды біледі;
Адамдардың құқығын қорғайды;
Мекеменің құқығын қорғайды.
|
ҮІІ. Табыс сөзінің мағыналық қолданысына көңіл бөліңіз.
1. Анасына тапқан табысын апарып берді.
2. Әдебиет, мәдениет салаларында ғажайып табыстарға қол жеткізді.
3. Туған-туыстарымен табысатын болды.
4. Мына құжатты ағаңа табыс ет.
5. Екеуіміз тіл табыса аламыз деп ойлаймын.
Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді (түсіндірілмейді). Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Осындай маңызды мәселені еліміздің кез-келген азаматы түсінсе, жүрекпен сезіне білсе, біздің қоғамдағы тіліміздің мәртебесі де асқақтай түсер еді.
Сөзімді қорыта келе айтарым, қазақ елі аман болса, қазақ тілі де жасай бермек. Ең бастысы, Елбасымыз айтпақшы, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Бүгінгі күні егемен ел ретінде әлем мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық ғана емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей түсуде. Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, ай-жұлдызымыз оңынан туып тұрған шақта осы рухани құндылықтарымыздың қайнар бұлағы – қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз қажет. Қазақ тіліне деген құрмет пен ықыласты ұлттық сана биігіне көтерген жөн. Бұл міндет – сіз бен біздің перзенттік парызымыз. Себебі, қазақ тілі –
* ата-бабамыздың келер ұрпаққа аманаттаған асылы;
* халқымыздың небір жауһар мұраларын қалыптастырған тіл;
* әдебиетіміз мен мәдениетімізді сақтап қалған тіл;
* болашаққа апаратын ең құнды жәдігеріміз.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |