Тарау Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні


Тарау15 Банк қызметінің қаржылық бақылауы мен аудиті



бет44/49
Дата26.01.2022
өлшемі348,5 Kb.
#114818
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит

Тарау15 Банк қызметінің қаржылық бақылауы мен аудиті


15.1 Банк жүйесіндегі қаржылық бақылау мен аудиттің функциялары мен ұйымдастырылуы

Аудиторлық қызметтің бір түрі болып банк аудиті табылады. ҚР «Банктер және банк қызметтері туралы» Заңына сәйкес коммерциялық банктердің қаржылық қызметі ҚР ҰБ-нің несиелік ұйымдардың бақылауы мен аудитін жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық фирмамен (өз бетінше жұмыс істейтін аудитормен) жыл сайын аудиторлық тексеруден өтуі тиіс.

Аудиторлық тексеру жүргізудің міндеттері болып табылады, негізінен: аудиторлық тексеру барысында аудиторлық фирма (аудитор) қарастырады:

1. несиелік ұйымның жасайтын операцияларының ҚР ҰБ нормативтік актілері мен заңнамаға сәйкес болуын;

2. несиелік ұйымның жасайтын операциялары бойынша бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын;

3. ҚР ҰБ бекітілген экономикалық нормативтердің орындалуын;

4. несиелік ұйымды басқару сапасы, соның ішінде ішкі бақылаудың жағдайы:

- несиелік ұйымның жасайтын операцияларының көлемдері мен түрлерін басқару құрылымының адекваттылығы (басқару органдарының шешім қабылдауға қатысу, басқарушылар арасында міндеттердің бөлінуі, құрылымдық бөлімшелер мен қызмет лауазымының нұсқаулары туралы ережелердің болуы);

- несиелік саясат пен несиелік қатерлерді басқару сапасын бағалау (несиелік комитеттің болуы; несиелік өтінішті қарастыру процедурасы; несие алушы туралы жеткілікті және қажетті ақпараттың болуы; ссуданың қамтамасыз етілуі, кепілдік міндеттемелердің дұрыс құрастырылуы; несиелердің уақытылы қайтарылуын бақылау, соның ішінде инсайдерлер және несиелік ұйымның қызметкерлерімен; ссудалардың мерзімін ұзартудың дәлелділігі; исктік жұмыстың қойылуы және жүргізілуі; ссудалар бойынша мүмкін айыруларға байланысты резервтердің толық түрде құрылуы);

- бағалы қағаз нарығында мамандырылған қызмет түрлері бойынша ішкі есеп пен есеп берудің жағдайы;

- бағалы қағаз нарығында несиелік ұйымның жасайтын операциялары кезіндегі қатерлерді басқару, бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты резервтің толық түрде құрылуы;

- бухгалтерлік есепте барлық операциялардың көрініс табуына және дәлелді есеп беруді дайындауға бақылауды ұйымдастыру; тексерулер мен ревизияларды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; филиалдардың қызметіне бақылауды ұйымдастыру;

5. алдыңғы аудиторлық тексерудің ұсынымдарды орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет