16.2 Қаржылық инвестицияны бағалау нақтылығының аудиті
Қаржылық инвестиция есебінің маңызды бөлігі - оның бағалануы. Инвестицияларды бағалаудың әдістемесі 8 «Қаржылық инвестиция есебі», 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі» бухгалтерлік есебінің стандарты бойынша анықталады.
«Қаржылық инвестиция есебі» бухгалтерлік стандартына сәйкес қаржылық инвестиция иемденуінің мерзімі бойынша келесі категорияларға бөлінеді :
қысқамерзімді қаржылық инвестициялар - иелену мерзімі 1жыл;
ұзақмерзімді қаржылық инвестициялар - иелену мерзімі 1 жылдан артық.
Қысқамерзімді қаржылық инвестициялар ағымды есепте және қаржылық есеп беруде ағымдағы құны мен сатып алу құнының төмен бағасы бойынша көрсетілуі тиіс.
Ұзақмерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы есепте және қаржылық есеп беруде сатып алу құны бойынша, қайтабағалауды қосқандағы құны бойынша, портфель негізінде анықталатын ағымдағы құны мен сатып алу құнының төмен бағасы бойынша көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |