Тарау Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні



бет3/49
Дата26.01.2022
өлшемі348,5 Kb.
#114818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит

1.3 Қаржылық бақылау тәсілдері

Қаржылық бақылау әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Нақты бір тәсілдің қолданылуы келесі факторларға тәуелді:қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мекеме қызметінің ерекше формалары,бақылаудың объектісі мен субъектісі.

Қаржылық бақылаудың келесі әдістері бар: ревизия,тексеріс,зерттеу жұмыстары,қаржы жоспарының жобаларын қарастыру, мәлімдемелер, қаржылық шаруашылықтың қызметіне есеп,баяндамалардың таңдалуы.

Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі - ревизия - кәсіпорынның, мекеменің өткен уақыт кезеңіндегі қаржылық-шаруашылық қызметінің толық зерттелнуі.

Тексеріс объектілеріне байланысты ревизияның құжаттық,толық фактілік,таңдаулы түрлері бар.

Ұйымдастыру нысанына байланысты олар жоспарлы,жоспарлы емес, комплексті болып бөлінеді.

Құжаттық ревизия кезінде есеп пен сметалар ғана емес, сонымен қатар басқа да құжаттар, әсіресе ақша құжаттары (есептер, төлем ведомстволары, чектер, ордерлер, бағалы қағаздар) тексеріледі.

Фактілік ревизия құжаттарды ғана емес, сонымен қатар ақшаның, материалды құндылықтардың бар болуын тексереді.

Толық ревизия кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің өткен уақыт аралығындағы бар қызметін зерттеумен анықталады,

Таңдаулы ревизия кезінде бақылау қаржылық-шаруашылық қызметінің белгілі бір жақтарына бағытталған.

Тематикалық ревизиялар бірнеше біртүрлі кәсіпорындарда,ұйымдарда немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің бөлек сұрақтарымен айналысатын министрлік пен ведомсволарда жүргізіледі.

Ревизияның қабылданылуы: материалды құндылықтардың нвентаризациясы,кассадағы ақша қорларының тексерісі,тексерілген объект қызметінің жоспарлық,нормативтік және есептік көрсеткіштерін салғастыру,құжаттық және қарсы тексерісі.

Тексерістер мен зерттеулер кәсіпорынның, ұйымның, мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің белгілі бір сұрақтармен айналысатын бақылау органдармен немесе қаржылық қызметінің белгілі бөлімдеріне сұрақ қою арқылы жүргізіледі. Сондықтан да тексерістер көбінесе тематикалық болып келеді. Камералдық тексеріс орынға шықпай орындалады және де шаруашылық мекеменің құжаттық тексерісін көрсетеді.

Қарсы тексерісі-тексерілетін шаруашылық субъектінің клиенттер операцияның тексерісі қаржылық-шаруашылық операцияларының нақтылығын анықтайтын тәсіл.

Есеп берудің есептік тексерісі 3 кезеңмен жүргізіледі. 1 кезеңде есеп беру формалар көрсеткіштерінің келісілуі анықталады; 2 кезеңде бөлек есеп көрсеткіштерінің бухгалтерлік есеп регистріндегі жазбалармен қиылысуы жүзеге асырылады;3 кезеңде алғашқы құжаттардың берілгендері арқылы есептік жазбалардың негізделенуі анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет