Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Колледж оқушыларының контингенті



бет2/5
Дата10.06.2017
өлшемі1,11 Mb.
#18699
1   2   3   4   5

Колледж оқушыларының контингенті

Жұмыс берушілер мен басқа да әлеуметтік серіктестер және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау тапсырысын түзуге нашар тартылған. Кәсіптік білім беруді және кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың жекеше секторының қаражаттарын тарту тетігі жоқ. Кәсіптік мектептердің 122 ғимараты (45%) күрделі жөндеуді, 115 ғимарат (42,1%) ағымдағы жөндеуді талап етеді, кәсіптік циклдегі 153 кабинет, жалпы білім беру цикліндегі 146 кабинет, 108 оқу зертханасы, 78 оқу шеберханасы, 33 асхана, 72 медициналық пункт жетіспейді.

Өндірістік оқытуды ұйымдастыруға, оқу материалдарын, құралдар мен жабдықтарды сатып алуға, кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қаржы қаражаты бөлінбей отыр.

Бөлінген қаржы қаражаты, негізінен, жалақы мен әлеуметтік салық төлеуге (54%), тамақтануға, киім-кешекке және стипендияға (23%), коммуналдық қызметтер көрсетуге (10%), үй-жайларды күтіп-ұстауға және қызметтер көрсетуге (3%) жұмсалады.

Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр тапшылығы арнайы пәндердің 934 оқытушысын және өндірістік оқыту шеберін құрайды. Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр құрамының қартаю, неғұрлым білікті оқытушылардың шағын және орта бизнеске кету үрдісі сақталып отыр. Жас мамандардың еңбекақының және педагогтің әлеуметтік мәртебесінің төмендеуінен кәсіптік мектептер мен колледждердегі жұмыс істеуге деген ынтасы жоқ.

Облыстық деңгейде кәсіптік білім беру және кадрларды даярлайтын оқу орындарының басқару мен оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құрылымы осы оқу орындарының басқару және қаржыландыру функциялары жергілікті өкілді орындарға және атқарушы билік органдарына берілген сәттен бастап (1996 жыл) нығайтылмаған \12\.

Кәсіптік білім беру мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегі кадрларын даярлаудың құрылымы мен білім беру бағдарламалары біліктілік деңгейлері бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру туралы ұсынымдарына (ЮНЕСКО, 2001 жыл), Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу бағдарламасының өлшемдеріне (БХСЖ, 1997 жыл) сәйкес келмейді, бұл кәсіптік білім беру жүйесінің ұтқырлығын, икемділігін азайтады және әлемдік білім кеңістігінде танылу ықтималдығын төмендетеді.

Жоғары білім беру. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- Ph.D докторантурасы. Бұл модель АҚШ университеттерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекші университеттің ерекше мәртебесі бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық

ЖОО-ы ашылды \13\.

Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингенті және мемлекеттік білім беру тапсырысы өсіп отыр (6-кесте).


6-кесте

Жоғары оқу орындарында оқитын контингент саны

Оқу жылы

Жоғары оқу орындары саны

Оқитындардың контингенті

Мемлекеттік тапсырыс (оқуын жалғастырушылардан басқасы)

2000/2001

181

440715

21970

2001/2002

182

514738

25265

2002/2003

173

590982

25465

2003/2004

180

656561

26465

Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.

2000 жылы қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғары білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламаларымен қоса жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғары білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді \21\.

Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу және конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.

Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түсті. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды, оның ішінде 16,4 мыңы Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясының иегері болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды \3\.

Сонымен қатар жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген филиалдарының зияткерлік, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетінің жетіспеуінен талапкерлердің және студенттердің даярлық деңгейіне қоятын талаптарының төмендеуі мамандарды даярлау сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту бағытындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін туындатады.

Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе, өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50 %-ы жаңартуды талап етеді \12\.

Қазақстандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын, білім туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетіктерін әзірлеу процесі баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын тежейді.



Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Бюджеттік негіздегі аспирантура 48 мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік емес жоғары оқу орнында және 66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттік жоғары оқу орнында және 23 ғылыми ұйымда жұмыс істейді.

Соңғы жылдары аспирантураны ғылыми дәреже алып бітірушілер 18%-дай ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазіргі жүйесінің тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкіндік бермейді. Ғылыми жетекшілердің (консультанттардың), білім және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен докторанттарды оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігі төмендеген.

Бірқатар бағыттар, оның ішінде медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдік дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиісті ғылыми мектептердің болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың “қартаюы” орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазіргі уақытта 62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы тиісінше – 44 және 47 жас \5\.

Ғылыми ұйымдардың жоғары оқу орындарының білім беру процесіне қатысуы болмашы. Білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жағдайының арасындағы алшақтық маман даярлаудан жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, жаңа технологияларды алға апарушы және қазіргі заманғы технологиялық процестерді басқара алатын зерттеуші маман даярлауға толыққанды көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Педагогика ғылымдары бойынша жүргізілген көптеген зерттеулердің практикалық мәні төмен. Соңғы жылдары педагогика ғылымдары бойынша 140-қа жуық докторлық және 600 кандидаттық диссертация қорғалғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың әдістері мен нысандары өзгеріссіз қалып отыр, дайын білімнің көзі ретіндегі педагогтің міндеті туралы ескірген түсінік сақталған.



Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді.

Педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.

Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді: 2001 жылы - 42784 мұғалім, 2003 жылы – 48157. Алайда бұл әрбір мұғалімнің біліктілік арттыру курстарынан кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.

Бейіндік сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерін, информатиканы оқытуды көздеу, кәсіптік мектептердің желісін кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізуді талап етеді \9\.

Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлеу қажет.

Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет