2.3 Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер
Педагогикада жинақталған В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, И.П.Иванов, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Щуркова, В.С.Кукушкиннің тәрбиелік жүйелері қалыптасты, сол бойынша мектептің оқу тәрбиелік үдерісінде іске асырылды.
Л.И.Новикованың тәрбиелік жүйесі. Ресей ғалымы Л.И.Новикова тәрбиелеу жүйесі тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, іс-әрекеттерінің өзара байланысынан тұратын әлеуметтік ортаны құрайды деп анықтама береді.
Жалпы мектептегі тәрбиелеу жүйесі, сыныптағы тәрбие жүйесі бір-бірімен кіріктірле отырып, сабақтастырыла жүргізіледі. Тұтас педагогикалық жүйе секілді тәрбие жүйесінің негізіне оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жатады. Қазіргі таңда тәрбиелік жүйені педагогиканың негізгі категорияларының бірі болып табылатын тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан қарастырады.
В.С.Кукушкиннің тәрбиелік жүйесі. В.С.Кукушкин өзінің «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі» атты еңбегінде тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттарын нақтылайды:
әр мектептің өзіндің тәрбие жүйесінің тұжырымдамасының болуы;
тәрбиелеу жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі;
тәрбие жүйесінің тұлғаға бағытталған еркіндік кеңістігінің қалыптасуы;
мектеп пен қоғамның өзара байланысына негізделуі;
жүйелі түрде салауатты өмір салтының қалыптасуы;
әр мәселенің жариялылық тұрғыда әділ шешілуі;
мектептегі қарым-қатынастың ізгілікке бағытталуы;
мектептегі әр атқарған іс-шаралардың сабақтастығымен бірге, іргелі шараларға ұласуы.
Мектептегі тәрбие жүйесінің даму кезеңдеріне жүйені жасау, жүйені қалыптастыру, жүйені рәсімделуді аяқтау және тәрбие жүйесін құру болып тізбектеліп іске асады.
В.С.Безрукованың тәрбиелік жүйесі. В.С.Безрукова тәрбие жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету факторларын жетіге бөліп қарастырады: саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік психологиялық, материалды - техникалық, кадрлармен қамтамасыз ету, ғылыми оқу ‑ әдістемелік және ұйымдастырушылық. Сонымен қатар, формалды және формальды емес білім мен тәрбие беруді қарастырады. Формальды - мемлекеттік қоғамдық мекемелерде жаппай азаматтарды тәрбиелеу негізінде іске асады. Формальды емес – театр, кино, стадион, клубтар, музейлер, жаппай ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мектептен тыс қосымша мекемелер, өзін - өзі дамытудағы үйдегі білім алу әрекеттері, тәлімдемеден өту мен білімін жетілдіру үдерістері кіреді.
В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйесі. В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін: мектепті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыруды, өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұрғыда іске асырылады. Тәрбиелік жүйе отбасындағыдай мейірімді қатынасқа сәйкес, мектеп - отбасы - әлеуметтік орта бірлігінде іске асуын қамтиды.
Ж.Ж.Наурызбайдың тәрбиелік жүйесі. Ғалым көп ұлтты Қазақстан халықтары үшін ұлттық болмысты қалыптастырудың негізгі жолын атап көрсетеді. “ …бүгінгі таңда біз ұлттар мен ұлыстардың, әсіресе, білім беру саласындағы этникалық сұраныстарды жүзеге асыру мәселелерін терең ойластыруымыз керек. Бұл арада ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың, мәдениеттілік мүдделердің құралы болып табылатын білім беру ісі алдында басты-басты үш қызмет тұр. Олар: табыстаушылық(ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау және дамыту); даралаушылық (адамның, этникалық топтың немесе этностың ұлттық мәдени қажеттіліктерін, жеке тұлғаның ерекшеліктерін айқындау); ынтымақтастырушылық (мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне ұмтылысын қамтамасыз ету). Адамгершілік құндылықтары қалыптасқан мәдениетті тұлғаны қалыптастыру үшін: тілдік сана, тарихи сана, географиялық сана, көркемдік сана қажет деп, әр ұғымғы бүгінгі күн тұрғысынан түсініктеме береді.
Достарыңызбен бөлісу: |