Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет78/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be
Ұжымдағы белсенділер тобы – ұжымды нығайту орталығы. А.С.Макаренко ұжымның тұтастығын іске асыратын орталық - белсенділер тобы деп көрсетеді. Белсенділер тобына ұжымның тапсырмасын орындаушылар мен орган мүшелері кіреді. Белсенділер тобына жолдастарының құрметіне бөленген оқушылар қамтылуы тиіс. Мұғалім белсенді топ мүшелігіне қоғамдық тәртіп бұзушы балалардың кіруіне жол бермеуі тиіс.

Белсенді топ педагогикалық жұмыстың мынадай түрлерін жүргізеді: ұжым мүшелеріне олардың міндеттері мен құқықтары туралы түсінік береді; күнделікті ұжымдық жұмыстың стратегиясын анықтауға көмектеседі; өзара тәжірибе алмасады; орындалған тапсырманы бақылап, баға береді. Белсенді топтың жұмысын мейілінше пайдалану арқылы ұжым мүшелерінің үйлесімді қарым-қатынасын, қалыптасқан дәстүрін сақтап, нығайтуға болады.

Ұжымның даму заңдылықтары. А.С.Макаренко ұжым қалыптасуының бірінші параметрі - педагогтың ұжымға қатаң талап қоюынан басталып, онан кейін әр ұжым мүшесі, өзіне талап қоя білуіне алмасуы тиіс деп көрсетеді.

Ұжым дамуының бірінші кезеңінде тәрбиеші тәрбиеленушіге қатаң талап қойып, оның орындалуын талап етсе, екінші кезеңінде ұжым талаптарын іске асырушылар - белсенділер тобы болса, үшінші кезеңінде тәрбиеленушілерге өзін-өзі басқару жүйелері талап қояды.

Қазіргі кезеңде ұжымның дамуына басқа көзқарас қалыптасты (Л.И.Новикова, А.Т.Куракин, т.б.). Бұл пікір бойынша ұжымның қалыптасуына ықпал ететін талаптармен қатар, басқа да тәрбие құралдары да қамтылады. Осыған орай, Л.И.Новикова ұжым дамуының үш кезеңін ажыратады: ұжымды біріктіру; ұжымды тәрбие құралына айналдыру; ұжым әлеуметтік тәжірибені түзетуші және әр тәрбиеленушінің шығармашылығын дамытушы.

Соңғы жылдары педагогикада даму деңгейлері жоғары, бірлестікке ұмтылған, кіріктірілген іс-әрекетке бейім, ұжымдық бағытта топтасқан адамдарды ұжым деп атау тенденциясы орын алуда (Я.Л.Коломинский, А.В.Петровский, Л.И.Уманский).

Топтың ең басты сапасы - оның әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан жетілуі. Жоғары деңгейде жетілген топ жаңа сападағы әлеуметтік топқа айналады.

Л.И.Уманский топтың әлеуметтік-топтық жетілуіне қарай, оны үш блокқа бөліп қарастырады:



Қоғамдық блоктың әлеуметтік құрылымының құрамдас бөлігінің бағыты, ұйымдасуы мен даярлығына қарай, топ өмірінің идеологиялық, басқарушылық және іскерлік қырын айтуға болады. Топтың бағыты белгілеген өмірлік мақсатында, атқаратын іс-әрекетінде, таңдаған құндылық бағдарында, идеологиялық санасында қалыптасқан әлеуметтік құндылықтарынан көрінеді. Топтың мықтылығы, өзін-өзі іс жүзінде тиімді басқаруымен сипатталады. Топтық іс-әрекет әр топ мүшесінен білім, білік, дағдыны және топтасып қызмет атқару тәжірибесін қажет етеді.

Тұлғалық блок құрылымының құрамдас бөлігі - зияттық, эмоциональдық және еріктік қарым-қатынас белсенділігінің бірлігі, яғни тұлға санасының үш қыры, топтың өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Зияттық қарым-қатынас – тұлғааралық түсіністік пен ортақ тіл таба білу, зияттық ақпарат алмасу, жалпы ұстанымдарын анықтау, топтық шешім қабылдау. Эмоциялық қарым-қатынас - тұлғааралық байланыстардан туатын топ мүшелерінің көңіл-күйі, топтың басыңқы көңіл-күйі, эмоциялық күш-қуаты. Эмоция топ өмірінде маңызды орын алады. Еріктік қарым-қатынас топтың түрлі кедергілер мен қиындықтарға қарсы тұруы, төтенше жағдайларға төтеп беру қабілетін білдіреді.

Жалпы сипаттағы блоктың (кешенділік, микроклимат, референттік, көшбасшы, топішілік және топаралық белсенділік) топ өміріндегі орны.

Топтың іс-әрекетін психологтар жан-жақты зерттеген. Кешенділік – топ мүшелерінің бірлігі, тұтастық өлшемі, ал егерде кешенділік болмаса, топ ажырап кетеді (А.Н.Лутошкин, А.В.Петровский, В.В.Шпалинский, т.б.); микроклимат - әр тұлғаның топта өзін үйлесімді сезінуі, топ ішіндегі өзінің орнына көңілінің толуы, өзін жайлы сезінуі (А.В.Лутошкин, А.А.Русалинов, т.б.); референттік - топ мүшелерінің топтық эталонды қабылдау дәрежесі, оны топтық құндылықтармен жақындастыру (Е.В.Щедрина); көшбасшы – топтың міндеттерін жүзеге асырудағы, жекелеген тұлғалардың топқа белсенді ықпалы (Е.М.Зайцева); топішілік белсенділік - топ мүшелерінің белсенділігі (Л.И.Уманский); топаралық белсенділік - бір топтың басқа топқа, мәселен бір сыныптың басқа сыныпқа әсері (А.И.Кузнецов, В.С.Агеев).

Жалпы сапалардың барлығы топтың ұжым ретіндегі даму деңгейін сипаттап, бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Осылардың әрқайсысы алғашқы екі блоктың құрамды бөліктеріне де тән.

Топтың құрылымдық үш блогының өзара байланысы мен әрекеттестік қызметі көпқырлы. Л.И.Уманский эксперимент барысында балалар мен жастар тобының жоғарыда көрсетілген белгілердің тұрақты байланысын жоғары деңгейде қамтамасыз еткенде ғана, ұжым болып қалыптасатынын дәлелдеді.

Ең төмен деңгейдегі ұжым – құрама топ, бірімен–бірі таныс емес балаларды бір кеңістікте топтастыру, оның мысалы ретінде жаз мезгіліндегі демалыста тынығуға жан-жақтан келген балаларды айтуға болады. Егер де балалар алғаш рет бір мақсатқа топтастырылса, оны алғашқы ұжым деуге болады. Оларға тапсырма жүктелсе, онда олар ассоциациялық-топ аталады. Осы деңгейден бастап, ұжымның алғашқы белгілері - тұлғааралық байланыстары қалыптаса бастайды.

Кооперация тобы – құрылымы жағынан ұйымдасқан, бірігіп әрекет етуге даярлығы жоғары, тұлғааралық және топаралық қатынастары іс-әрекетке бағытталған, кез келген істе жоғары нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Бұл топтағы ең маңызды нәрсе, ортақ мақсатты іске асыру. Бұл жағдайда топтың қоғамдық бағыты мен психологиялық түсіністігі маңызды емес.

Автономды топ – топішілік байланыстардан басқа, құрамдас бөліктерімен берік байланыстар орнатып, жалпы ұжымдық сапаға ие болады.

Топ мүшелерінің санасында «Менің тобым» деген ұғым қалыптасады. Бірақ та, автономды топ, кейде ұжымдық құрылымнан қол үзіп, корпорацияға бет бұруы мүмкін. Жоғары автономды топты тұйыққа тіреп, «өз мүддесін» басқалардан жоғары санауынан, толықтай дербес болу ұмтылысынан, автономды топ - корпорацияға, яғни жалған ұжымға айналады. Ал егерде, топ топаралық қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікке көшсе, онда қауымдастықтың ауқымды бөлігіне, онан кейін тұтас қоғамға айналса, ондай топтың ұжымдық бағытынан, топ - ұжымға айналады.



Балалар ұжымы – жеке тұлғаны белгілі бағытта әлеуметтендіру факторы болып табылады. Балалар ұжым мақсатын саналы түрде, өз мақсаты деп түсінген жағдайда әлеуметтік біліктер мен дағдыларды меңгереді. Жеке тұлғалық және әлеуметтік сапалардың бірлігі ұжымда қоғамдық пайдалы еңбек барысында және ұжымшылдықта қалыптасады.

Ұжымшылдық – топтың ынтымақтастық сезімі, яғни өзін топтың, қоғамның мүддесі үшін әрекет ететін бөлігі екенін саналы түсінуі. Ұжымшылдық мектепте түрлі жолдар мен құралдар арқылы қалыптастырылады: оқу мен еңбектегі өзара көмек; мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу; балалар ұйымының жұмысын белсендіру.

Оқу-тәрбие ұжымы – ұйымдастырылған топ, олай болса, топ мүшелері ортақ құндылықтар мен мақсатқа жету іс-әрекеттерімен бірігіп, өздері үшін маңызды, тұлғааралық қатынастарда тұлғалық және әлеуметтік мәнді істермен араласады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет