Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,78 Mb.
#17884
  1   2   3   4
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

«Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Тоқыма айқаспаларыны



түрлері»

Пәні: Технология

Мұғалімі: Г.Маханова

Сынып: 8

Тараз 2014 ж.

23.11.14 ж.

Тақырыбы: «Тоқыма айқаспаларыны



түрлері»

Сабақтың мақсаты:
Біліктілік мақсаты:Тоқыма айқаспаларының түрлерімен танысып, оны тәжірибеде қолдана білу.



Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылық, шығармашылық.
Дамытушылық мақстаы: Тоқыма айқаспа түрлерін толық жетіле білу және ажырата білу. Тәжірибеде қолдана білу.
Басқа пәндермен байланысы: өнер және костюм стильдер тарихы, киімді құрастыру, тігін өндірісінің технологиясы, тігін өндірісінің жабдықтары, киімді үлгілеу.
Қолданылатың құрал – жабдықтар: слайд, видео сабақ, манекен, буклет.

Таратпа материалдар: маталардың үлгісі, карточкалар.
Сабақтың жоспары:

1.Алтыңғы өтілген тақырыптарды қайталау

2.Жаңа тақырыпты түсіндіру: «Тоқыма айқаспаларының түрлері»

а)Слайд қолдану

б)Бейне сабақтар

в)Буклеттер

г)Маталардың түрлері

3.Өткен тақырыпты қортындылау

а)Бейне сабақ

б)маталар үлгісі

4.Үйге тапсырма беру.

а)Зертханалық жұмыс (Тоқыма айқаспаларының түрін анықтау)

Өткен тақырыптарды тексеру және қайталау

1)зертханалық жұмыс (Табиғи және химиялық талшықтардың құрамын, құрылымын, қасиетін химиялық реактивтердің көмегімен зерттеу);

2)Иірілген жіптерді алу процессі; (Слайд қолдану)

3)Сұрақ-жауап (карточкамен);

4)Маталарды өңдеу әдісі (Слайд қолдану)

5)Маталадың тығыздығын анықтау (Органолептикалық әдіс)

6)Матаға байланысты крассворд шешу
Жаңа сабақты қамту:

Мата өзара перпендикуляр орналасқан жіптердің екі жүйесімен, яғни мата бетінде ұзыннан орналасқан негіздік және көлденең орналасқан арқаулық жіптердің айқасуынан пайда болған зат мата деп аталады.

Негізгі және арқаулық өрімнің түрлі айқасуынан матада алуан түрлі өрнектер түзеледі. Негізбен арқаулық жіптер матаның оң бетімен теріс бетінде бірін бірі орай орналасады немесе бірден бірнеше жіпті жабады.

Айқаспа матаның сыртқы түріне әсеретіп қоймай, оның қасиеттерін де өзгертеді. Жіптер жиі қыйылысқансайн олардың байланысуы артып, матаның құрлымы қатқылдана береді және беріктігі артады.

Тоқыма айқаспаларының топтасуы:

1. Қарапайым (тегіс) айқаспалар – полотналық (жайма), саржалық, атласты – сәтендік.

2. Майдаөрнекті (ұсақ) – қарапайым айқаспалар туындылары (полотналық, саржалық, атластық), құрама айқаспалар (селдір, бедерлі, крептік, тік және көлденең жолақтар)

3. Күрделі айқаспалар – қосарлы (қосбетті, қосқабатты, қаптық, пике), түкті (арқаулық, негіздік, махерлі), еспелі.

4. Іріөрнекті айқаспалар – қарапайым, күрделі.

Қарапайым айқаспалар негіз раппорты арқаулық раппортына әр дайын тең болады. Әрбір негізгі жіп раппортағы әрбір арқаулық жіппен бар болғаны біррет айқасады. Қарапайым айқаспа раппортағы байланыстар саны раппорт жіптерінің екі еселенген санына, яғни екіге тең.

Полотналық айқаспа негізбен арқаулық жіптің жиі айқасумен матаның жоғарғы қабатында шахматтық өрнекпен орналасқан негіз бен арқаулық айқасудың болуымен сипатталады. Осындай айқасумен аса жұқа, беткі қабаты тегіс, беріктігі мен ерекшеленетін, бірақ үйкеліске төзімділігі төмен және құрылымы қатқыл маталар өндіріледі. Полотналық айқаспамен мақта маталар, яғни шыт миткаль, мадаполам, муслин, коленкор, бөз маталар, көптеген көйлектік маталар, зығырлық маталар – кендір (парусина), бортовка, жібек маталар – шифон, крепдешин, крепжоржет, химиялық талшықтардан алынған маталар өңделеді.

Саржалық айқаспада матада арқаулық жіптің әрбір аттаған сайын тоқу бір жіпке жылжитындығынан пайда болатын қиғаш диагонал жолақтар түзіледі. Саржалық айқаспада раппортта үш және одан да көп жіп болуы мүмкін. Саржалық айқаспаның диагоналы 45 градус бұрыш жасай орналасады.

Саржалық айқаспалар негіздік деп аталады, өйткені матаның оң бетінде негіздік жіптер басым болады. Саржалық айқаспамен негізгі жібі мақта, арқаулығы жүннен болатын жартылай жүн маталар өңделеді. Саржалық айқаспамен астарлық маталарда өңделеді. Бұл айқаспамен алынған маталардың диагоналдары оң бағытта болады. Саржалық айқаспамен өңделген маталар жұмсақтығымен, диагоналы бойынша созылғыштығымен сипатталады. Саржалық айқаспаның раппорты артқан сайын матаның үзілуге беріктігі төмендеп, үйкеліске төзілімділігі, жұмсақтығы, созылғыштығы артады.

Атластық (сәтендік) айқаспада матаның жоғарғы қабаты тегіс, негіз бен арқаулық жіптердің сирек айқасуы салдарынан жылтырлығы жоғарылайды. Атластық айқаспаның оң беті негіздік жіптердің төсемінен тұрады. Әрбір негіздік жіп раппортта арқаулық жіптің астынан бір рет өткізіледі. Ал сәтенде керісінше, матаның оң бетінде арқаулық жіптердің төсемінен тұрады. Атластық және сәтендік айқаспаның раппорты беске тен. Атластық айқаспамен өңделген маталар тығыздығының жоғарылығымен сипатталады. Бұл маталар үйкеліске төзімді, жұмсақ, жылтыр болғандықтан астарлық мата ретінде де қолданылады.

Сәтендік айқаспамен сәтен, астарлық сәтен, сәтен – дубль, жібек маталар өңделеді.

Майдаөрнекті (ұсақ өрнекті) айқаспалар екі топқа бөлінеді: 1-ші тегіс туынды, 2-ші аралас. Полотналық, саржалық, атластық айқаспаларды күрделендіру және түрін өзгерту арқылы алынған айқаспалар жатады, олар репс, рогожка. Репстік айқаспалар полотналық айқаспаның негіз және арқаулық айқасуын күшейту арқылы түзіліді. Негіздік және арқаулық бірнеше жіптері бір жіп секілді айқасадығ бұлар бойлық және көлденең репс деп аталады. Негіздік репсте негіз жіптері екі, үш немесе одан да көп арқаулық жіптерің матада көлденең ұсақ жолдар түзей отырып айқаса алады.

Рогожка негізбен арқаулық бойынша айқастарды күшейту арқылы түзіледі.

Саржалық айқаспаның туындылары алуан түрлі. Оларға күшейтілген саржа, күрделі саржа, сынық саржа және кері саржа жатады. Бұл саржалар қарапайым саржаларды ұзарту арқылы алынады.

Атластық туынды саржалар (сәтендік) әрбір негіздік айқасуларға тағыда бір немесе қосымша айқасулар қосылады.

Күрделі айқаспаларды мата қалыптастыру процессінде бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше қабат түзейтін негіздік және арқаулық жіптердің жүйесінен өңдейді.

Ірі өрнекті айқаспалар деп матада түрлі өрімдердің тіркесімен алынған орнаменттерден өрнек түзейтін өрімді айтады. Ірі өрнекті айқаспамен алынған маталар жаккарты машиналары бар тоқу станогында өңдіріледі. Қарапайым ірі өрнектік айқаспалар негіздік жіп пен бір арқаулықтан түзіледі. Осы әдіспен әйелдердің көйлегін тігуге арналған кей бір жібек, мақта, жүн маталар, жартылай жібек, сүлгі, қолсүрткіш, дастархандық маталар өңделеді.

Күрделі ірі өрнекті айқаспалар бірнеше негіз бен арқаулық жүйелерден тұратын маталарда өрнектер түзейді. Олар қосбетті, қосқабатты және түкті ірі өрнекті айқаспалар деп бөлінеді.



Жаймалық айқаспа

Саржалық айқаспа


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет