Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/2-9-1



бет2/6
Дата07.05.2017
өлшемі0,89 Mb.
#16072
1   2   3   4   5   6

2014-2015 оқу жылы бойынша «Физика және ФОӘ» кафедрасының жылдық есебі


    1. Жалпы сипаттамасы

«Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы 2004 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ашылғаннан бастап жұмыс істейді.

Қазіргі кезде кафедра 5В011000- «Физика» мамандығы бойынша мамандар дайындайды. 5В011000 «Физика» мамандығын дайындау Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (ҚР МЖМБС 3.08.010 –2004 және 3.08.260- 2006), сәйкес жүргізіледі.

Мамандықтың типтік және жұмыс оқу жоспарлары, пәндердің типтік бағдарламалары бар. Мамандықтың жалпы білім беру пәндері, базалық пәндері және кәсіптендіру пәндерінен оқу үрдісінің әдістемелік құралдары Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқу-әдістемелік бірлестігі дайындаған типтік бағдарламалар кешені негізінде жасалынған.


2. ПОҚ құрамының саны мен сапасы туралы мәліметтер

Кесте 1.


ПОҚ

ПОҚ штаттық саны

Ғылыми атағы, дәрежесімен % пайызы


Қосымша қызмет

Барлығы

оның ішіндегі штаттағылары

Ғылым докт.,

проф


Ғылым канд., доцент.

Магистр




Барлығы

оның ішінде, ғылыми атағы, дәрежесімен

2013-2014

оқу жылы


10

2

5

2

82

-

-

2014-2015 оқу жылы

10

-

6

3

60

-

-

Кафедраға 2013-2014 оқу жылында 12,5 штат, 2014-2015 оқу жылында 11 штат бөлінген.

Кафедрада ПОҚ-ның ғылыми дәрежесі барларының үлесі жылдан жылға төмендеп келеді. Сондықтаң магистр оқытушыларды Ph докторантураға жіберу қажеттілігі туындауда.

3. Білім алушылар контингенті

Кесте 2.


Оқу жылы

барлығы

Күндізгі/сырттай

грант

Ақылы негізде

бітірушілер

2013-2014

156

138/18

67/8

71/10

27

2014-2015

149

128/21

56/3

72/18

53

2014-2015 оқу жылында 53 түлек бітірді.

Осы оқу жылы жалпы мамандық студенттердің үлгерімі 84% құрады.

Үлгерімнің өткен жылдармен салыстырғанда төмендеуі 4 курс студенттерінің «Білім берудегі компьютерлік технология және телекоммуникация» пәнінен тесттік емтиханнан қанағаттандырарлықсыз баға алуларына байланысты.



Оқу жылы

Үлгерім %

2013-2014

96,48

2014-2015

84


4. Оқу жұмыстарын ұйымдастыру

ҚР МЖМБС негізінде профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесі лекциялар, семинарлар, практикалық сабақтар, лабораториялық жұмыстар, емтихандар алу, жазбаша бақылау жұмыстарын тексеру мен басқа оқу жұмыстарының түрлері бойынша уақыт нормаларына, академиялық лектер мен топтар бойынша оқу жұмыстарының аудиториялық түрлері бойынша жоспарлау тәртібіне сәйкес біркелкі бөлінген. Бөлінген пәндер бойынша ПОҚ оқу жұмыс бағдарламаларын, оқу бағдарламаларын, лабораториялық жұмыстардың әдістемелік нұсқауларын дайындады.

Оқу жүктемесінің ПОҚ–на бөлінуі оқу сабақтарының жүргізілу деңгейіне, сапасы және өз уақыттылығына; орындалған жұмыстардың және оқу жүктемесін бөлудің оқытушылардың біліктілігіне сәйкестігіне қарай жоспарланған (орташа есеппен – 34 кр.).

Дәрістік сабақтар студенттердің танымдық қызметін жігерлендірудің қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары мен оқытудың жаңа әдістерін, тәсілдерін пайдалана отырып өткізілді. Осы мақсатта жұмыс беру орындары сұранысына сәйкес мамандықтың жұмыс оқу жоспарына төмендегідей элективті пәндер енгізілді:

1. Физиканы оқытудың инновациялық әдістері

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру

3. Нанотехнологияның физикалық негіздері
СӨЖ және СОӨЖ кафедра құрған кесте бойынша жүргізілді, оның өтілу сапасы мен ұйымдастырылуы институттың оқу бөлімі, деканат, кафедра тарапынан жіті қадағаланып отырды.
5. Оқу-әдістемелік жұмыстар

2014-2015 оқу жылындағы оқытылатын барлық пәндердің оқу-әдістемелік кешендері ПОӘК-ке қойылатын ережеге сәйкес толықтырылып қайта жасалынды.

Мемлекеттік стандартқа сәйкес төмендегі пәндер лабораториялық практикумдармен қамтамасыз етілген:

Механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика, физиканы оқыту әдістемесі, радиоэлектроника негіздері.

Сонымен қатар кафедрада осы аталған лабораториялардан басқа таңдау пәндеріне байланысты мектеп эксперимент техникасы, автоматика негіздері, астрономия, қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдары пәндері лабораториялық практикуммен жабдықталған.

Кафедрада материалдық базаны нығайтуға үнемі көңіл бөлінуде. Механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика және атомдық физика лабораториялары толығымен заманауи физикалық құралдармен жабдықталған. 2011 жылы 1686000 теңгеге, ал 2012 жылы 3939100 теңгеге, 2013 жылы 7624100 теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. 2013 жылы 1100000 теңгеге 10 компьютер, ал 1127400 теңгеге интерактивті тақта сатып алынды.



Лабораториялардың материалдық базасын жабдықтау динамикасы


Кафедрада 2014-2015 оқу жылында 6 оқу ғимаратында жаңа құрал-жабдықтармен және лабораториялық қондырғылармен жабдықталған «Механика», «Электр және магнетизм», «Молекулалық физика», «Оптика», «Атом және атом ядросы физикасы» лабораториялары іске қосылды.

Келесі оқу жылдарында «Астрономия», «Радиоэлектроника», «Қатты дене физикасы» лабораторияларын жаңа қоңдырғылармен жабдықтау жоспарлануда.

Жаңадан алынған барлық лабораториялық жұмыстарға кафедра ПОҚ қазақ және орыс тілдерінде әдістемелік нұсқауларын дайындады. «Электр және магнетизм» лабораториялық жұмыстар жинағы ИҒӘК-нен өтті, «Механика», «Молекулалық физика», «Оптика» лабораториялық жұмыстары жинағы факультет Кеңесінен өтті. Оқу жылында Т.Бижигитовтың «Молекулалық физика» оқулығы, «Теориялық физика әдістері» оқу құралы ИҒӘК- нен өтіп, ЖОО қауымдастығы баспасына тапсырылды.

Доцент З.Сайымқұловтың 2015ж. «Концепции современного естествознания» оқу-әдістемелік құралы ТарМУ-нің баспасынан шықты.

«Физиканы оқыту әдістемесі», «Астрономия», «Радиоэлектроника» пәндерінен мемлекеттік тілдегі оқу құралдары жеткіліксіз.

2014-2015 оқу жылында төмендегідей пәндерден тест тапсырмалары дайындалды:

1. «Жалпы физиканың таңдамалы тараулары» пәнінен 400 сұрақтан қазақ және орыс тілдерінде жаңадан тест тапсырмалары құрастырылды (Егембердиева С.Ш.).

2. «Жалпы физикадан» мемлекеттік емтиханға 500 сұрақтан тұратын қазақ және орыс тілдерінде бірінші рет тест тапсырмалары құрастырылды (Егембердиева С.Ш.).

3. «Теориялық физика» пәнінен мемлекеттік емтиханға жаңадан 300 сұрақтан тұратын (қазақ, орыс тілдерінде) тест тапсырмалары құрастырылды. (Айдарбекова Ж.М.)

3. «Астраномия» пәнінен мемлекеттік емтиханға жаңадан 300 сұрақтан тұратын (қазақ, орыс тілдерінде) тест тапсырмалары құрастырылды (Көшкімбеава Б.).



Оқу жылы

Жаңадан жасалған тестердің саны

2013-2014

5

2014-2015

4

Кафедра мамандық пәндерінің 70% тест тапсырмалары (300 сұрақтан қазақ және орыс тілдерінде) дайындалған.

2011-2020 жылдарға арналған ҚР білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бойынша кафедраның іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 5В011000–«Физика» студенттерінің академиялық мобильдік бағдарламасына қатысуы
Кесте 4.



Барған ел, университет

Студент аты-жөні

Болу мерзімі

2013-2014 оқу жылы

1


Лодзинск университеті

(Польша Республикасы, Лодзь қ.)



Қайырбекова А

ІІ оқу семестрі

2


Св.Клименто Орхид адындағы Софийск университеті

(Болгария Республикасы, София қ.



Пардабаев Е


ІІ оқу семестрі

3

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты

(ҚР, Шымкент қ.)



Мухибаев Д.


ІІ оқу семестрі

2014-2015 оқу жылы

1

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты

(ҚР, Шымкент қ.)



Бабаджанова М.

І оқу семестрі

2015-2016 оқу жылы

1

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.)

Айтан Тәжіхан

І оқу семестрі

2

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.)

Айнел Айжан

І оқу семестрі






Келген оқу орны

Студент аты-жөні

Болу мерзімі

2013-2014 оқу жылы

1


Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты

(ҚР, Шымкент қ.)



Заманбек Гүлжан

І оқу семестрі

2015-2016 оқу жылы

2


Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

(Павлодар қ.)



Кашкинбаева Айман


І оқу семестрі

«Физика және ФОӘ» кафедрасы бойынша 2014-2015 оқу жылында ашық сабақтартардың жоспары жасалынған және ашық сабақ жоспар бойынша толық орындалды.

2014-2015 оқу жылында ашық сабақтар төмендегідей деңгейлерде жоспарланып, өтілді (институт көлемінде 2, факультет көлемінде 7, кафедра көлемінде 5)

семестр

институт көлемінде

факультет көлемінде

кафедра көлемінде

1

1

4

2

2

1

3

3

2014-2015 оқу жылында кафедра доценті Т.Бижигитов «2014 оқу жылының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

6. Кәсіптік тәжірибе

Студенттер теориялық алған білімдерін практикада қолданып, іс жүзіне асыру үшін оқу практикаларын келісім-шарт жасалынған Тараз қаласындағы № 5, № 48, № 12,№ 41,№53, №44 №49, №43 Назарбаев зияткерлік мектептерінде өтіп, мектеп басшылары тарапынан алғыс хаттармен марапатталған. Назарбаев зияткерлік мектебінде 4 курс 3 студенті Цевазова И., Қайырбекова А., Апузаева З. педагогикалық практикадан өтті. Сонымен қатар 4 курс бойынша 9 студент (7 студент ауыл квотасымен) ауылдарынан сұраныс қағаздарын алып келуіне байланысты ауылдық мектептерге педагогикалық практикадан өтуге бөлінді.

Педагогикалық практиканы ауылдық мектептерде өткен ф-11-1 тобының студенттері Көбеева Меруерт, Апенова Зарина институтта алған теориялық білімін практикада жоғары дәрежеде көрсете біліп, оқушылармен жақсы тіл табысып кетуіне байланысты мұғалімдік қызметін сол мектепте жалғастыруда.

Кесте 5.


қ/с

Орта мектеп, №

Тобы

Бөлінген білімгерлердің

аты-жөні

1.

ОҚО облысы, Кентау қаласы, Шаштөбе жалпы орта мектебіне

Ф-11-2

Пардабаев Искандар Исматуллаұлы

2.

Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе станциясы № 18 Ақыртөбе колледжіне

Ф-11-2

Сейтбекова Зере Армызқызы

3.

Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы,В.Чкалов орта мектебіне

Ф-11-2

Хиязова Фируза Нуридиновна

4.

Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебіне

Ф-11-1

Оңланбай Мақпал Өмірзаққызы

5.

ОҚО облысы,Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылы

Ю.Гагарин атындағы жалпы ота мектебіне



Ф-11-1

Джахаева Жансая Ахылбекқызы

6.

ОҚО, Созақ ауданы, Көктөбе ауылы

Суындық жалпы орта мектебіне



Ф-11-3

Турашова Айдана Мырзабайқызы

7.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,Биназар ауылы О.Жандосов орта мектебіне

Ф-11-1

Апенова Зарина Кебековна

8.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қарасу ауылы Қарасу орта мектебіне

Ф-11-1

Аяп Зульфия Оразалықызы


9.


Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылы Ленин орта мектебіне

Ф-11-1

Көбеева Меруерт Қозыбайқызы

Студенттердің қорытынды аттестациясы нәтижесінде мемлекеттік аттестациялау комиссия төрағасы әдістемелік бағытта жазылған диплом жұмыстарының зерттеу бөлімінің орындалуын педагогикалық практика кезеңімен сәйкестендіру қажеттілігін ескертті. Биылғы оқу жылында диплом жұмысы тақырыптарына осындай талаптар міндеттелуде.

«Физика және ФОӘ» кафедрасының Тараз қаласындағы Ж. Жабаев атындағы № 5 орта мектебінде «Мектеп күні» жоспары жасалынған.Осыған сәйкес төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

р/с

орындалатын жұмыстың атауы

Қарастырылатын мәселелер

Жауапты

мерзімі

1

ҰБТ-да физика есептерін шығарудағы күрделі мәселелер

1. ҰБТ тестік тапсырмаларында кездесетін күрделі есептерді шығаруын тиімді тәсілдері

2. ҰБТ физикадан тестік тапсырмалар құрылымы мен деңгейлері туралы мәселелер



Айдарбекова Ж

Серикова М

Егембердиева С


10.12.14ж

2

Мен тандайтын мамандық

1. Мамандық таңдау- өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.

2. Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек

3. Мамандық таңдау-табыстың кілті.


Көшербаева М

Ыбырай Д (студ)

Наурызбаев А


25.04.15ж


7. Ғылыми - зерттеу жұмысы

Кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми ізденістерінің нәтижелерін Халықаралық және Республикалық практикалы конференцияларда, факультеттің, кафедраның ғылыми семинарларында баяндап, ағымдағы ғылыми жорналдарда жариялайды.

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша 2013-2014 оқу жылында 19, 2014-2015 оқу жылында кафедра 22 мақаласы жарық көрді. Дегенмен кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарына қатысуы, ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесі бойынша инпакт-факторлы индексі бар жорналдарға мақалалар жариялануы төмен.

Кафедра оқытушылары мен студенттерінің арасында ғылыми байланыс қалыптасқан. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми жобаларына, ізденістеріне жетекшілік жасау нәтижесінде:

1. 2013-2014 оқу жылында 4 курс студенті Жұмабекова Гулназ - «Еркін тербелістер қасиеттерін зерттеу» тақырыптағы жұмысы Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында ІІІ дәрежелі дипломға иеленді. Ғылыми жетекшісі: Егембердиева С.Ш

2. 2014-2015 оқу жылында Ф-11-1 тобының студенті Көбеева Меруерт – «Интегралды микросхемалардың параметрлерін есептеу жолдары» тақырыптағы жұмысы Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында ІІІ дәрежелі дипломға иеленді.

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Көшербаева М.

Институт көлемінде «Жас талап-2014» атты білімгерлердің ғылыми апталығында төмендегі студенттер баяндама жасап жүлделі орындарды иеленді.



  1. Ф-11-1 тобынын студенті Қуандық С «Күннің өз өсінен айналу периодын анықтау » ІІІ орынды иеленді.Ғылыми жетекшісі доцент Көшкімбаева Б.Ж .

2. Ф-12-1 тобының студенті Айтуарова С «Сұйықтардағы беттік керілу коэффициентінің температураға тәуелділігін зерттеу» тақырыбында баяндама жасап 4 орынды иеленді.

3. Ф-12-2 тобының студенті Азимова Ш «Получение электрических сигналов с помощью мультивибраторов» тақырыбында баяндама жасап 5 орын иеленді.

Ғылыми жетекшісі: Көшербаева М.Р

«ЖАС ТАЛАП- 2014» атты институттың ғылыми-практикалық конференциясында төмендегі білімгерлер баяндама жасады:

Кесте 6.


Студент аты-жөні

Тақырыбы


Жетекшісі

Айтуарова С

Сұйықтардағы беттік керілу коэффициентің зерттеу

Егембердиева С.Ш.

Апузаева З


Изучение деформации твердых тел методом изгиба

Егембердиева С.Ш.

Әбдіқахарова Р

Орта мектепте физика курсының есептерін график түрде шешу әдістемесі

Тамаев С:Т

Азимова Ш.Ф

Получение электрических сигналов с помощью мультивибраторов

Көшербаева М.Р

Қуандық С

Күннін өз өсінен айналу периодын анықтау

Кушкимбаева Б.Ж.,

Мірәлі Г

Класикалық механика есептерін варияциялау тәсілімен шешу

Айдарбекова Ж.М.

«Жас ғалым-2015» атты V-Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша білімгерлердің 15 ғылыми мақалалары жарық көрді:

Кесте 7.

Студент аты-жөні

Тақырыбы

Жетекшісі

Аяп З

Термодинамика деформирования двухкомпонентной композиционной среде

Тамаев С.Т

Бердалиева С

Мектепте физика пәнін лазерлерді пайдаланып оқыту

Тамаев С.Т


Айтуарова С

Беттік керілу коэффициентінің температураға тәуелділігі

Егембердиева С.Ш.

Айтуарова С

Орта мектепте стационарлық электр өрісі және потенциалдар айырымы

Егембердиева С:Ш,

Көшкімбаева Б.Ж



Бабажанова М

Вентури құбыры және лаваль шүмегі

Бижигитов Т.Б

Сембиева А.С



Бабажанова М

Франгофер дифракциясын бір саңалаудан зерттеу

Наурызбаев А.Н

Ыбырай Д

Пружиналық маятниктін еркін тербелістерін

Егембердиева С.Ш.

Қуандық С

Графиктік есептерді шығару әдістемесі

Көшкімбаева Б.Ж.,

Айдарбекова Ж.М



Бертай Қ

Тербелмелі контурдағы өшетін тербелістерді зерттеу

Көшербаева М.Р.

Азимова Ш

Получение электрических сиганлов с помощью мультвибраторов

Көшербаева М.Р.

Жаңадан алынған 6 оқу ғимаратындағы «Оптика», «Молекулалық физика» лабораторияларына алынған қоңдырғыларды пайдалана отырып студенттер ғылыми-зерттеу элементтері бар зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелерін «Жас ғалым-2015» ғылыми-практикалық конференциясында баяндап төмендегідей жүлделі орындарды иеленді:

І орын Ф-12-3 тобының студенті Әлімбек Ш. «Сұйықтардың тұтқырлық коэффициентін анықтау» жетекшісі Бижігітов Т, І орын Ф-12-1 тобының студенті Айтуарова С «Беттік керілу коэффициентінің температураға тәуелділігі» жетекші Егембердиева С.Ш.

Жаңа қоңдырғылармен жабдықталған лабораториялардағы ғылыми-зерттеу элементтері бар тақырыптарды қарастыруға мүмкіндік беретін қондырғыларда курстық, дипломдық жұмыстар орындалуы жоспарлануда.



СҰЙЫҚТАРДЫҢ ТҰТҚЫРЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІНІҢ ТЕМПЕРАТУРА

МЕН МАГНИТ ӨРІСІНІҢ КЕРНЕУЛІГІНЕ ТӘУЕЛДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Әлімбек Ш.Д. –Ф-12-3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет