Педагогика факультеті
«Психология және акмеология» кафедрасының
2014-2015 оқу жылының жылдық есебі бойынша
Анықтама
Жалпы сипаттамасы
«Психология және акмеология» кафедрасы институт миссиясына негізделе отырып, тәжірибеге бағдарланған оқыту арқылы ғылым негіздері мен инновациялық технологияларды меңгерген, өз іс-әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыра білетін, бәсекеге қабілетті педагог-психологтарды дайындауды көздейді. Кафедра 5В010300 «Педагогика және психология» (1995ж. бастап мамандар дайындайды. «Білім бакалавры» - академиялық дәрежесі, «Педагог-психолог» біліктілігі беріледі), 5В050300 «Психология» (1998ж.бастап мамандар дайындайды. «Әлеуметтік ғылымдар бакалавры» - академиялық дәрежесі, «Психолог» біліктілігі беріледі) мамандықтары (күндізгі және сырттай бөлім) бойынша мамандар дайындайды (ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті 24.12.2012ж., бұйрық №1701, Мемлекеттік лицензия №12022092).
Кафедраның «Сапа бойынша мақсаттар» талаптары толығымен жүзеге асырылды. «Оқу-ұйымдастырушылық», «Оқу-әдістемелік», «Ғылыми» «Тәрбие жұмысы» үдерістері бойынша «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтары талаптарға сай құжаттармен қамтылған. Мысалы, оқу-әдістемелік кешендер 58 пән бойынша жасалынды, жоспарланған оқу-әдістемелік өнімдер, біліктілікті көтеру жоспары, ғылыми мақалалар жариялау 100% орындалды (56 ғылыми мақала) және т.б. «IT және инновациялық технология» үдерісі бойынша 10 пәннен флипчарт жасалынды және т.б.
2014-2015 оқу жылында «Педагогика және психология» мамандығы мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтіп, жарамдылық мерзімі 24.01.2015-23.01.2020ж. аралығындағы куәлігін SA №0043/16 24.01.2015 иеленді (аккредитация қортындысы бойынша жасалған 1-ұсыныс бойынша іс-шаралар жоспары құрылып жұмыстар жүргізілуде).
2. Ғылыми-педагогикалық кадрлар әлеуетiн талдау
«Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының оқу жоспарының жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылуы бөлінген штат саны негізінде жүзеге асырылды.
2013-2014 оқу жылында 18 профессор-оқытушылар құрамы 16 штаттық кесте бойынша бекітілген: 5-доцент, 6-аға оқытушы, 5-оқытушы бар. Осы оқу жылында ғылыми дәрежесі мен атағы бар штаттағы ПОҚ-ның орташа үлес салмағы 44 жасты құрайды.
2014-2015 оқу жылында 19 профессор-оқытушылар құрамы 17 штаттық кесте бойынша бекітілген: 0,5-профессор, 7,5-доцент, 9,5-аға оқытушы, 3,5-оқытушы, 2,5 ассистент бар. Осы оқу жылында ғылыми дәрежесі мен атағы бар штаттағы ПОҚ-ның орташа үлес салмағы 44 жасты құрайды. 2013-2014 оқу жылында ғылыми дәрежесі мен атағы бар ПОҚ үлесi 37,5%, 2014-2015 оқу жылында 41,1% құрады. Кафедра ПОҚ-ның сандық және сапалық құрамы 2.1 кестеде көрсетілген.
Кесте 2.1
ПОҚ құрамының саны мен сапасы туралы мәлімет
|
ПОҚ
|
ПОҚ штаттық саны
|
Ғылыми атағы, дәрежесі бар %
|
Қосымша қызмет
|
Барлығы
|
оның ішінде штаттағысы
|
Ғылым докт.,
проф
|
Ғылым канд., доцент
|
Магистр
|
Барлығы
|
Оның ішінде, ғылыми атағы, дәрежесі бар
|
2013-2014
|
18
|
16
|
-
|
6
|
6
|
37,5%
|
2
|
1
|
2014-2015
|
19
|
17
|
-
|
7
|
9
|
41,1%
|
4
|
2
|
2015-2016 оқу жылына кафедраға 22 штат бөлінген (1 профессор, 10 доцент, 5 аға оқытушы, 5 оқытушы,1 ассистент).
ПОҚ-ның біліктілігін көтеру жұмыстары жоспарлы түрде жалғастырылуда. Аға оқытушы Макашкулова Г.Б. (13.01-25.01.2014ж.; 24.02-07.03.2014ж., 12.05-24.05.2014ж. аралығында) Назарбаев зияткерлік мектебі педагогикалық шеберлік орталығының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша 256 академиялық сағат көлемінде тренерлерді оқыту курсын аяқтады.
Аға оқытушы Бүйембаева Ш.Б. (26.05.-07.06.2014 ж.), п.ғ.к. доцент Сматова К.Б. (25.10.2014-07.11.2014ж.), Сабралиева Ж.Т. (10.11.14- 22.11.2014 жж.), п.ғ.к. доцент Сейдалиева Г.Ш. (24.11.2014 - 06.12.2015 жж.), оқытушы Есентаева Б.Ү. (25.05 – 06.06 2015жж.), оқытушы Байдалиева А. (8.06-20.06.2015жж. аралығында) «Өрлеу» ұлттық білім жетілдіру орталығында біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 240 академиялық сағат көлемінде «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер» атты курсынан өтті. Оқытушы Қожахметов Д.Ш. (02.02-12.02.2015 ж. және 09.03-20.03.2015ж. аралығында) «Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы» 3-деңгей бойынша курсын аяқтады.
Псх.ғ.к., доцент М.П.Оспанбаева, п.ғ.к. доцент А.Ш. Стыбаева (01.06.2015-14.06.2015ж. аралығында) «Өрлеу» ұлттық білімді жетілдіру орталығы ұйымдастырған ЖОО педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Порто қаласы (Португалия) «Оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары» атты біліктілікті арттыру курсынан өтті. Төменде берілген мәліметтерден біліктілікті арттыру курстарынан өткен оқытушылар санының артқандығы 2.2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2.2
ПОҚ-ның біліктілігін көтеруі туралы мәлімет
Есеп уақыты
|
Оқыытушылар құрамы
|
Оқытушылар құрамы, өткен курстар
|
Институтішілік
|
ҚР ЖОО
|
Шетел ЖОО
|
2012-2013
|
21
|
19
|
3
|
1
|
2013-2014
|
18
|
18
|
5
|
2
|
2014-2015
|
19
|
19
|
7
|
2
|
Кафедра бойынша ПОҚ 98% біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2013-2014 оқу жылында мемлекеттiк тiлде 14 (88%) оқытушы сабақ жүргiзсе, 2014-2015 оқу жылында олардың саны 17 (90,7%) болды.
2014-2015 оқу жылында Кафедра «Үздік кафедра-2014» номинациясын, Оспанбаева М.П. «ЖОО үздік оқытушысы-2014» грантын, Стыбаева А.Ш «Үздік флипчарт-2015» конкурсында 3-ші орын иеленді.
3. Білім алушылар контингенті
2014-2015 о.ж. 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білімгерлердің жалпы саны – 218 (жеделдетілген оқу түрі бойынша-9). 5В050300 – «Психология» мамандығы бойынша білімгерлердің жалпы саны – 162, барлығы күндізгі бөлім: 380-білімгер, сырттай бөлім: («Педагогика және психология» - 203, «Психология» -24 білімгер) барлығы- 227 білімгер болды. Ал, 2013-2014 о.ж сырттай бөлім: («Педагогика және психология» - 166, «Психология» - 26 білімгер) барлығы - 192 білімгер болды. Мемлекеттiк тiлде оқитын студенттердiң үлесi 90%. Өткен оқу жылында 88% болған.
Білім алушылар бойынша салыстырмалы мәлімет (к\б, с\б) 3.1-3.2-3.3-3.4 кестеде көрсетілген.
Кесте 3.2
Білім алушылар және курс бойынша грантта оқитындар туралы салыстырмалы мәлімет (к\б)
Шифр
|
Мамандық
|
Жалпы студент саны
|
гр
|
х/д
|
барлығы
|
Курс
|
1 курс
|
2 курс
|
3 курс
|
4 курс
|
гр
|
х/д
|
гр
|
х/д
|
гр
|
х/д
|
гр
|
х/д
|
5В010300
|
Педагогика және психология
|
6
|
36
|
8
|
41
|
19
|
42
|
20
|
46
|
53
|
165
|
218
|
5В050300
|
Психология
|
-
|
32
|
-
|
56
|
-
|
29
|
-
|
45
|
-
|
162
|
162
|
Кесте 3.3
Мамандық білімгерлері туралы салыстырмалы мәлімет (с\б)
(2014-2015 оқу жылы)
Шифр
|
Мамандық
|
Жалпы студент саны
|
жалпы грант
|
жалпы ақылы
|
жалпы грант (ус)
|
жалпы ақылы (ус)
|
жалпы ақылы (ув)
|
Жалпы
|
Курс
|
1 курс
|
2 курс
|
3 курс
|
4 курс
|
5 курс
|
грант ус
|
ақылы ус
|
ақылы ув
|
грант
|
ақылы
|
грант ус
|
ақылы ус
|
ақылы ув
|
грант
|
ақылы
|
грант ус
|
ақылы ус
|
грант
|
ақылы
|
грант
|
ақылы
|
5В010300
|
Педагогика және психология
|
4
|
32
|
15
|
|
|
2
|
33
|
19
|
|
|
1
|
42
|
1
|
26
|
|
28
|
1
|
54
|
7
|
107
|
34
|
203
|
5В010300
|
Психология
|
|
4
|
14
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
0
|
|
|
|
|
0
|
0
|
0
|
4
|
20
|
24
|
Кесте 3.4
Мамандық білімгерлері туралы салыстырмалы мәлімет (с\б)
(2013-2014 оқу жылы)
Шифр
|
Мамандық
|
Жалпы студент саны
|
жалпы грант
|
жалпы ақылы
|
жалпы грант (ус)
|
жалпы ақылы (ус)
|
жалпы ақылы (ув)
|
Жалпы
|
Курс
|
1 курс
|
2 курс
|
3 курс
|
4 курс
|
5 курс
|
грант ус
|
ақылы ус
|
ақылы ув
|
грант
|
ақылы
|
грант ус
|
ақылы ус
|
ақылы ув
|
грант
|
ақылы
|
грант ус
|
ақылы ус
|
грант
|
ақылы
|
грант
|
ақылы
|
5В010300
|
Педагогика және психология
|
2
|
14
|
12
|
|
|
1
|
6
|
17
|
1
|
27
|
|
56
|
|
19
|
|
11
|
1
|
57
|
3
|
76
|
29
|
166
|
5В010300
|
Психология
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
16
|
|
|
|
|
0
|
0
|
0
|
16
|
10
|
26
|
4 . Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар
2013-2014 оқу жылында кафедраға 810 сағат (сабақтардың мерекелік күндерге сәйкес келуіне байланысты -12,2сағат), ал 2014-2015 оқу жылында 796,44 сағат (сабақтардың мерекелік күндерге сәйкес келуіне байланысты -9,89 сағат) жүктелген: 180,48 кредит лекциялар, 227,71 кредит семинарлар, 8,71 кредит лабораториялық жұмыстар. Емтихандар қабылдау, жазбаша бақылау жұмыстарын тексеру мен СӨЖ түрлері бойынша жұмыстар бекітілген уақыт нормаларына сәйкес жоспарланды және орындалды. Оқу жүктемелерін жоспарлауда базалық біліктілігіне, пәндік тәжірибесіне, біліктілігін арттыру курстарына қатысуына сәйкес оқу сабақтары бөлінді. ПОҚ шаққанда (1ст.) әр оқытушыға 35,2-37 кредит аралығында болды.
Мамандықтар бойынша дублиндік дескрипторларға негізделген білім беру бағдарламалары жасалды. Оқу үдерісін жоспарлауда элективті пәндер катологы әр оқу жылында оқу жоспарына сай жаңартылып, қайта құрастырылды.
Жұмыс оқу жоспарына жаңа элективті пәндер енгізіліп, бұрынғы пәндердің мазмұнына жұмыс берушілердің сұраныстарына сай өзгерістер енгізілумен жаңартылып отырады. Оқу жоспарын құруда модульдік принциптің ендірілуі пәндерді 3 кредитке дейін топтастыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде оқу жоспарын модернизациялауға және оқытудың қолданбалылығын арттыруға ықпал етті. Мысалы, «Психология» мамандығына: (2014-2015 о.ж.) 2 жаңа пән енгізілді (Мектепке дейінгі мекемелерде психологиялық қызметті ұйымдастыру (3кр.), Акмеологияны оқыту әдістемесі (3кр.) және «Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың психологиялық аспектілері» (3кр.), «Мұғалімнің кәсіби бағдары» (3кр.) пәндерінің аттары өзгертіліп, мазмұны жаңартылды. Бұл пәндердің өзгеруі Туймекент ОМ директоры Капарова Ш.М., №28 бала бақша меңгерушісі Тубаева Г.С. № 26 ОМ директоры Тұрысбек М.Ж., №10 ОМ директоры Силыбаева О.Х. сынды жұмыс берушілердің ұсынысы негізінде жүзеге асырылды және т.б. Сонымен, 2014-2015 оқу жылында элективті курстардың жалпы саны – 31 (мұнда студенттердің таңдаған пәндерінің саны ғана берілген). Оның ішінде «Психология» мамандығы-14, «Педагогика және психология» мамандығы-17 элективті пәнді құрайды. Ал, 2013-2014 оқу жылында элективті курстардың жалпы саны – 36 (мұнда студенттердің таңдаған пәндерінің саны ғана берілген). Оның ішінде «Психология» мамандығы-16, «Педагогика және психология» мамандығы-20 элективті пәнді құрайды. 2014-2015 оқу жылында элективті курстар санының (31) өткен оқу жылымен салыстырғанда (36) кем болуын оқу жоспарын модульдік жүйе бойынша құруда пәндердің мүмкіндігінше 3-кредит көлемінде топтастырылуымен түсіндіруге болады.
Кафедрадан 10 оқытушы «IT және оқытудың инновациялық технологиялары» орталығымен ұйымдастырылған: Интерактивті тақта-жаңа типтегі оқу ортасы; Видеотехнология; Бейнесабақтарды құру технологиясы мен әдістемесі; Оқыту үрдісінде заманауи интернет технологияларды қолдану мүмкіндігі курстарына қатысып, білімдерін жетілдірді. Нәтижесінде профессор-оқытушылар құрамы лекция, практика сабақтары мен студенттердің өзіндік жұмыстарын интерактивті әдістерді пайдалана отырып жүзеге асырды (он-лайн лекция, тренинг, кейс-стади, тренингтер, пікірталастар, дөңгелек үстөлдер, семинарлар, түзетудің психологиялық әдістері, психодиагностикалық зерттеулер және т.б.). Сабақтарда белсенді оқыту әдістерін қолдану тиімділігі жоғарылады. (өткен оқу жылы 4 пәннен слайд, ал ағымдағы жылы 10 пәннен флипчарт және слайд жасалынды).
Мамандықтар бойынша 2014-2015 оқу жылында оқытылатын пәндерден кредиттік технология талаптарына сәйкес міндетті және таңдау пәндерінен 58 оқу-әдістемелік кешендері дайындалды.
2014-2015 оқу жылында оқу әдебиетінің 26 түрі жоспарланған, оның ішінде, 1 оқу құралы, 1 әдістемелік құрал, 4 әдістемелік нұсқау, 6 пән бойынша лекция жинағы, 14 пән бойынша оқу бағдарламалары, нақты орындалғаны 26, оның ішінде, 1 пән бойынша лекция жинағы кафедра көлемінде бекітілген (Хаттама №10, 28.05.15ж.) 2013-2014 оқу жылында оқу әдебиетінің 21 түрі жоспарланған, оның ішінде, 1 оқу құралы, 3 әдістемелік құрал, 5 әдістемелік нұсқау, 11 пән бойынша оқу бағдарламалары және 1 электрондық оқулық, нақты орындалғаны 25, оның ішінде, 1 пән бойынша оқу бағдарлама жоспардан тыс ИӘС-да (Хаттама №5, 14.01.14ж.) бекітілген. 4 әдістемелік құрал, 5 пән бойынша оқу бағдарламалары, 5 әдістемелік нұсқау және 10 пәннен тесттер кафедра көлемінде (Хаттама №3.28.10.13ж. Хаттама №9 28.04.14ж.) дайындалған және ИӘС қарауға ұсынылған. Оқу-әдістемелік әдебиеттердің басылым көрсеткіші 4.1-кестеде берілген.
Кесте 4.1
Оқу-әдістемелік әдебиеттердің басылым көрсеткіші
Оқу жылы
|
Оқу-әдістемелік әдебиет түрлері
|
Оқу құралы
|
Оқу-әдістемелік құрал
|
Оқу-әдістемелік нұсқау
|
ОӘӘ басқа түрлері
|
Барлығы
|
|
жоспар
|
орынд
|
жоспар
|
орынд
|
жоспар
|
орынд
|
жос
пар
|
орынд
|
жоспар
|
орындалғаны
|
2012-2013
|
1
|
1
|
2
|
2
|
5
|
5
|
8
|
9
|
18
|
19
|
2013-2014
|
1
|
1
|
3
|
4
|
5
|
5
|
12
|
15
|
21
|
25
|
2014-2015
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
4
|
20
|
20
|
26
|
26
|
2014-2015 оқу жылында институт көлемінде - 4, факультет көлемінде - 12, кафедра көлемінде - 6 ашық сабақтар (барлығы 22 ашық сабақ) жоспарланды және орындалды ал, 2013-2014 оқу жылында институт көлемінде - 5, факультет көлемінде - 10, кафедра көлемінде - 6 ашық сабақтар (барлығы 21 ашық сабақ ) өткізу жоспарланды және орындалды.
ПОҚ біліктілігін көтеру нәтижелері (шетелдік, Республикалық, институтішілік курстар) оқу үрдісіне белсенді енгізілуде. Инновациялық сабақтар динамикасы 2.1. кестесінде келтірілген.
Кесте 4.2
Инновациялық сабақтар динамикасы
Оқу жылы
|
Инновациялық технологияларды қолдану
|
Ашық сабақтар деңгейі
|
институт
|
факультет
|
кафедра
|
2013-2014
|
71,6%
|
5
|
10
|
6
|
2014-2015
|
79%
|
4
|
12
|
6
|
Кафедрада ғылыми-әдістемелік семинарды айына бір рет өткізу жоспарланған. Ғылыми-әдістемелік семинарларда 2011-2020 жж. білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарлармасы тапсырмаларын жүзеге асыру, білім беру кеңістігінде акмеологиялық құзыреттілікті қалыптастыру, жастардың ғылыми әлеуетін дамыту және т.б. мәселелер жан-жақты қарастырылған.
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар бойынша ағымдағы оқу жылы «Бала-бақша психологтарының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» (2014ж.,қараша) тақырыбында қалалық дөңгелек стол ұйымдастырылды. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ профессоры Н.Тоқсанбаеваның қатысуымен «Қазіргі педагогика мен психологияның өзекті мәселелері» тақырыбында 36 сағаттық семинар (2015ж., ақпан), әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ профессоры Б.Тұрғынбаеваның қатысуымен «Білімдегі акмеологиялық амал» тақырыбында 36 сағаттық курс ұйымдастырылды (2015ж.,наурыз). Кафедраның ПОҚ балабақша (№12,28) және орта мектеп қызметкерлерінің (№3,5,47) Жаңа тұрпатты мұғалімдерді дайындау мәселесі аясында жазылған еңбектерін, ғылыми жобаларын саралай отырып, рецензия береді (Оспанбаева М.П., Сматова К.Б., Сейдалиева Г.Ш., Сабралиева Ж.Т., Макашкулова Г.Б. және т.б.).
Медиа жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Психология», «Педагогика және психология» мамандықтарын насихаттау, ақпараттар жариялау жұмыстары жоғары деңгейде өтті (Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы, радиосы, Интернет желісі, Облыстық газет-журналдар т.б.). 2014-2015 оқу жылында тұрақты түрде өтетін Қазақстан Тараз телеарнасындағы бағдарламалар, Республикалық және облыстық баспа көздеріндегі арнайы психологиялық тақырыптағы рубрикалар қызметін атауға болады (2014-2015о.ж.-12, былтырғы оқу жылы 11-рет теледидирдан түрлі бағдарламаларда сұхбат берген): Д.А. Сабекованың тамыз айындағы «Сүр бойдақтың сыры», А.Д.Болтаевтың «Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі» сұхбатын және т.б. атап өтуге болады.
«Психология», «Педагогика және психология» мамандықтарының жылдық сессия қорытындысы: 1 курс бойынша 2013-2014 оқу жылында 84,56%, 2014-2015 оқу жылында 90,5%, бұл көрсеткіштен 5,94% жоғарылағанын көруге болады. 1 курс білімгерлерінің білім көрсеткіші өте жаксы.
2 курс бойынша 2013-2014 оқу жылында 91,5%, 2014-2015 оқу жылында 89,75%, 1,75% төмендеген. Себебі. Қасенова Ұ. ПСХ 13-5, Жақсылықова Қ. ПСХ 13-5 академиялық қарызына байланысты оқудан шығарылды.
3 курс білімгерлерінің оқу үлгерімі 2013-2014 оқу жылының жылдық сессиясында 86,25% көрсетсе, 2014-2015 оқу жылында 90,25% көрсетті, салыстырмалы түрде қарасақ 4% жоғарылаған.
4 курс бойынша 2013-2014 оқу жылында 77,5%, 2014-2015 оқу жылында 90% көрсеткішті көрсеткен. Салыстырмалы түрде алсақ, білімгерлер үлгерімі 12,5% жоғарылаған. Себебі, бітіруші студенттердің сабақ үлгеріміне жауапкершілігінің артқанын көрсетеді.
Жалпы алғанда 2013-2014 оқу жылында – ....%, 2014-2015 оқу жылында ....%, яғни салыстырмалы түрде алсақ, білімгерлер үлгерімі .....% жоғарылаған. «Психология», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша үлгерім көрсеткіші (қысқы, жазғы сессия)
Кесте 4.3
Мамандықтар бойынша үлгерім көрсеткіші
Оқу жылы
|
1-курс
|
2-курс
|
3-курс
|
4-курс
|
Қорытынды
|
2013-2014
|
84,56
|
91,5
|
86,25
|
77,5
|
84,56
|
2014-2015
|
90,5
|
89,75
|
90,25
|
90
|
90,5
|
Кесте 4.4
Әр оқу жылы бойынша күндізгі оқу түріндегі білімгерлердің білім сапасы
Оқу жылы
|
Қысқы сессия
|
Жазғы сессия
|
Студент
саны
|
Абсолютті үлгерім, %
|
Сапалық көрсеткіш
|
Студент
саны
|
Абсолютті үлгерім, %
|
Сапалық көрсеткіш
|
Педагогика және психология
|
2013-2014
|
218
|
62,5%
|
55,68%
|
207
|
89%
|
68%
|
Психология
|
2013-2014
|
155
|
95%
|
50,68%
|
155
|
92,3%
|
48,5%
|
2014-2015
|
154
|
95,6%
|
51,5%
|
154
|
96,6%
|
52,8%
|
Мемлекеттік емтихандар мен диплом жұмыстарын қорғауға 5В050300 - «Психология» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнен барлығы 3 топ (ПСХ11-1, ПСХ 11-3, ПСХ 11-5) 42-білімгер, ал сырттай бөлімнен барлығы 1 топтан (ПСХ ув 13-1) - 7 білімгер тізім бойынша жіберілді.
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнен барлығы 6 топ – 88 білімгер (ПИП 11-1, ПИП 11-2, ПИП 11-3, ПИП 11-5, ПИП ус 12-1,2), ал сырттай бөлімнен барлығы 3 топтан (ПИП ус 12-1, ПИП ув 13-1, ПИП 10-1) 84 білімгер тізім бойынша жіберілуге рұқсат берілген бұйрыққа сәйкес қатыстырылды. Диплом жұмысын «Психология» мамандығы бойынша күндізгі бөлім 38 білімгер, сырттай бөлім 7 білімгер, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша күндізгі бөлім 72 білімгер, сырттай бөлім 48 білімгер қорғады. Дипломдық жұмыстар «Психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша Диплом жұмыстарын орындау Ережесі» талаптарына сәйкес орындалды.
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін талдау сапалық көрсеткіштің өсуін байқатты. Бұл 4.5 кестеде берілген.
Кесте 4.5
Студенттердің оқу жетістіктерін сыртқы бағалау нәтижелері
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері
|
Мамандық
|
Оқу жылы
|
Орташа балл
|
Педагогика және психология
|
2013-2014
|
74,4
|
2015-2016
|
89
|
Академиялық ұтқырлық аясында «Психология және әлеуметтік жұмыстар» Санкт-Петербург мемлекеттік институты (Ресей), «Св.Климент Орхидски» атындағы София мемлекеттік университеті (Болгария), сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорган), М.Козыбаев атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті арасында серіктестік байланыс орнатылған.
2014-2015 оқу жылының 2-ші жартысында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 2-студент (Жақсымбетова Толғанай, Баймағамбетова Ақерке-ПИП-13-1тобы), Лодзь университетінде (Польша) 1 студент (Абдулла Айжан) тәжірибе алмасты. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының Педагогика және психология» мамандығының білімгері Орманбек Айсара ТарМПИ, ПиП 12-1 тобында білім алды. 4.6 кестеде «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына білімгерлердің қатысу көрсеткіштері берілген.
Кесте 4.6
Білімгерлердің академиялық ұтқырлық көрсеткіштері
Оқу жылы
|
Білімгердің аты-жөні
|
Тобы
|
ЖОО атауы
|
2013-2014
|
1.Бектасова Д.,
2.Аскарбек А.
|
ПиП 12-1
|
Павлодар мемелекеттік педагогикалық институты
|
3.Искакова А.
|
Пип 11-2
|
Св.Климент Орхидский атындығы София мемлекеттік университеті (Болгария)
|
4.Кожатаева П.
|
ПиП 12-1
|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты (Павлодар мемелекеттік педагогикалық институтынан келген білімгер)
|
2014-2015
|
1.Жақсымбетова Т., 2.Баймағамбетова А.
|
ПИП-13-1
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
|
3.Абдулла А.
|
ПИП-13-1
|
Лодзь университеті (Польша)
|
4.Орманбек А.
|
ПИП-12-1
|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтынан келген білімгер)
|
Достарыңызбен бөлісу: |