К32
373(574)
ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУ
Керімбаева Р.Қ., Құрманалиева Б.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Баланы мектепалды дайындау үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымдарымен практикасының ең басты өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында барлық саланың жаңаруы туралы мәселелер, оның ішінде білім беру саласы барысындағы жағдайлар атап көрсетілген.
Мектепалды дайындық, баланың оқу мәселесінің жақсы жағдайда болуына байланысты. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі балалардан Қазақстанның келешегі байқалады. Жаңа ұлттық білім үлгісі, мектепке дейінгі жастағы баланың, жеке басын тәрбиелеуде, тәрбиенің мазмұны, ізгілендіру, жекелендіру және жаңа педагогикалық дамудың әлеуметтік бағытының түбегейлі өзгеруін талап етеді.
Баланың жеке басының рухани – бай мүмкіндіктерін, отандық және дүниежүзілік мәдениет арқылы, қазақ халқының дәстүрімен, оның қол өнерімен және әдеп – ғұрыптарымен таныстыруда баланың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Мектепке оқуға дайындауда бала бойындағы негізгі психологиялық өріс еркіндік, батылдық, адамгершілік, ақыл–ой, кедергісіз жеңіл түрде мектепке дейінгі мекемеден мектепке өтеді.
Ертеден қарым – қатынас құралы міндетін атқарып келе жатқан тіліміздің даму, қалыптасу заңдылықтарын, ерекшеліктерін бүгінгі ұрпаққа меңгертіп отыру – оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда шешуші орын алатыны сөзсіз. Ойлау, сөйлеу әрқашан да бір – бірімен тығыз байланысты, яғни біртұтас психологиялық үрдіс, сондықтан балаға айналадағы өмір тіршілігін танытып, бағдарлай, қабылдай білуге үйрету арқылы ғана баланың сөздік қорын молайтуға болады. Үйренген заттық ұғымдарының қалай аталатынын есту, тыңдау, ұғыну, түсіну арқылы сөздік қоры дамиды. Сонымен қатар педагогтың балалармен өткізілетін арнайы дамыту ойындары арқылы, олар сұрақтарды мұқият тыңдап, түсіну, жауап беруге сөйлеуге үйретеді.
Баланың мектепалды дайындығының ең маңыздысы болып есептелетін мәселе оның сөйлеу, ұсақ моторикасының жеңіл қозғалуын, көруін үйлестіріп, сондай-ақ талдау, салыстыру, жіктеу, қорыту т.б. оқыту барысында ұйымдастырудың үлкен мәні бар.
Дамыту ойындары арқылы баланы сұраққа жауап бере білуге, ойлауға қызықты мәліметтерді білуге ынталы, қызығушылығын, өзін таным білуін, құрбыларымен, үлкендермен ойын бөлісе білуін дамыту қажет.
Бала ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс – әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғымы қалыптасады.
Бес жасында бала көрнекі – әрекеттік ойлаудан көрнекі – бейнелі ойлауға ауысады. Алты жасқа қарай ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі – әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым – қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі – бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі – схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнелейді.
Дамыту ойынында балалар құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әр түрлі кеңістікте елестете алады, оларды ойша орындарынан ауыстыра алады.
5-6 жасында бала логикалық ұғымдық ойлауды ауызша пайдаланады. Қоршаған орта, ондағы адамдар мен орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі. Дамыту ойындардағы тапсырмалар мазмұны қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін қамтиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді.
Дамыту ойындарын ойнай отырып, сөздерді еркін қолдануды өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды
Достарыңызбен бөлісу: |