ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Пірімқұлова Ф.
№47 орта мектеп, Тараз қ.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өздігінен білім алуы үшін арнайы зерттеушілік білім беру мәселесі маңызды орын алуда. Осындай мәселелердің алдын алу үшін оқушыларды зерттеулік ізденістеріне қатысты білік пен дағдыларды қалыптастыру (проблемаларды анықтаудан ұсынуға дейін және алынған қорытындыларды қорғау) проблемасы әдістеме ғылымына тапсырылады,соған орай, оқушыларға зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру және олардың зерттеу қабілеттерін дамыта білу педагогтардың кәсіби шеберліктерін қажет деп санайды.
Оқушыларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, педагог әр баланың зерттеу қабілеттерінің жеке дара екенін ұмытпауымыз керек, осы тұрғыда қабілеттерін дамыта отырып, жетістіктерге жеткізуге септігін тигізумен қатар, психология ғылымдарының докторы, профессор А.И.Савенков ұсынысы бойынша оқушының зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құралдарына сүйене отырып, ізденіс белсенділігін былай көрсетуге болады.
Оқушының жеке шығармашылығына бағытталған әрекет - зерттеу әрекеті, сондықтан - мұндай әрекет оқушының жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді, себебі оқушыларда арнайы бiлімдi қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулiк iзденiске қажет бiлiк пен дағдыны дамытуға қажеттi бағдарламаны өңдеу қағидаларын талдауға болады.
Баланың танымдық іс әрекетін табысты жүргізу үшін А.И.Савенков әдістемесі бойынша зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын қолдануда.
“Зерттеу” ұғымын кеңiнен түсiндiру қағидасы бұл - зерттеулiк оқыту жағдайында “зерттеу” ұғымын тек эмпирикалық таныммен шектемей, оны максималды кең ашу неғұрлым нәтижелi болатыны сөзсiз анықталған,осыған байланысты кейбiр аспектiлер жеке пәндердi оқыту әдiстемесiнде қарастырылған. Тарих және құқық пәндерi бойынша көптеген зерттеулер мен бақылауларды өткiзу әдiстемелерi өңделіп шығуына байланысты, бұл оқушылар үшiн өте құнды екенi рас, бiрақ зерттеулiк iзденiс дағдылары, бiлiк, арнайы бiлiм мұнымен байланысты. Мұндай байланыстардың бiрнеше себептерi бар, оның бiрi – “зерттеу” ұғымын жете түсiнбеу сияқты, мысалы көптеген әдiскерлер, пән мұғалiмдерi, “зерттеу” ұғымын тек эмпирикамен шектелетiндiгiне сенiмдi, нәтижесiнде олар зерттеулiк бiлiк пен дағдыға тек соның көлемiндегi тәжiрибелi танымға тiкелей қатыстыларды жатқызады. Ал одан тыс тұрғандарды, мысалы: проблемаларды көре бiлу, өзiндiк iзденiс нәтижесiнде материалдарды жинақтай бiлу, тiптi басқалармен жазылған мәтiндердi анализдеу кезiнде түпкiлiктi жаңа ақпарат таба бiлуге негізделген.
Оқытуда зерттеулік баланың жалпы зерттеу бiлiмдерi мен дағдыларын дамыту мәселесi жеке танымдық iс-әрекетi емес, өмiрдiң ерекше стилiн қалыптастырудың негiзгi жолы ретiнде танылады, өйткені мұндай өмiр сүру стилiнде iздену белсендiлiгi алдыңғы жүргiзушi орында болады.
Жалпы зерттеу бiлiктiлiгi мен дағдылары табиғаттың қандай-да бiр қарапайым заңды iс-әрекеттерiн көрсетуге ғана емес, қазiргi динамикалы өмiрге сәйкес жеке тұлғаның үнемi ауыспалы қоршаған ортаға бейiмделуiнiң маңызды тәсiлi ретiнде кеңінен қарастырылып, зерттелуде.
Пәнаралық байланыс қағидасы- бұл әртүрлі ғылымдардың пәндерi әртүрлi болатыны ақиқат, себебі- зерттеу әдiстерiнiң мазмұнынан әр ғылым жеке өзiне керек бөлiгiн ғана алумен қатар, мәселен, тарихта қолданылатын әдiстердiң өнертануда пайдасы аз, керiсiнше социологтардың қолданатын әдiстерi көлемiнде жүргiзiлетiн iс-әрекетке пайдалылығы әлдеқалай тиімді.
Сондықтан жеке ғылымда қолданылатын зерттеулiк әдiстер мен олар талап ететiн зерттеу бiлiктiгi мен дағдыларының өзiндiк ерекшелiгi - оларды бiр ғана ғылыми пәнге жүктеп қою идеясын болдырмау. Оқушылардың жалпы зерттеу iзденiсiнiң бiлiктерi мен дағдыларын дамыту бiр пәннiң төңiрегiнде бүкiл зерттеулiк әдiстеме қорын қолдануға мүмкiндiк бермейдi. Зерттеулiк iзденiстiң жалпы бiлiк пен дағдыларын дамыту мәселесiн тек бiр пәнмен байланыстыру қате шешiм деп есептейді.
Сабақтарда тренингтерге сүйену қағидасына негізделеді- бұл баланың когнитивтi өрiсiн арнайы бiлiмдермен байыту, оның зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамыту жұмысында дәстүрлi бiлiм беруден өздігінше дербес, арнайы тренингтiк сабақтар өткiзу неғұрлым нәтижелi болады себебі, мұндай сабақтар зерттеулiк iзденiс ситуацияларын қажет ететiн арнайы бiлiм алуға, барлық зерттеулiк iзденiстер мен дағдыларды өңдеп, жүзеге асыруға жол ашады.
Оқу үрдісіндегі импровизация қағидасы – бұл балаларды арнайы бiлiммен оқытуға, олардың зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды жоспарлап жүргiзу кезiнде мұны қатаң, алдын-ала өңделген алгоритм бойынша жасау мүмкiн емес екенiн ескерумен қатар, зерттеу iс-әрекетi – шығармашылық iс-әрекет, ол икемдiлiктi, жоғары мобильдiктi қажет етедi, сондықтан да, мұнда импровизация сәттерiнiң болғаны дұрыс деп есептелінеді.
Әр сыныптың өзіндік ерекшелiктерi, құндылықтары және қалаулары болады, әр уақытта сыртқы факторлардың әсерiнен олардың қызығушылықтары бiр құбылыстан екiншi бiреуiне ауысуы мүмкiн, яғни бiр бiлiмдi әр бала әр түрлi қабылдауына байланысты. Оларда зерттеулiк iзденiстiң әр түрлi бiлiктерi мен дағдылары көрiнiс тауып, қалыптасуы мүмкiн,сондықтан педагог балалардың осы ерекшелiктерiне икемделуі керек, бұл үшiн ол өз жоспарларын әрқашан өзгертуге және оларды қайта туындаған жағдайларға сәйкес түзету жүргiзуге әр уақытта дайын болуы қажет .
Қазіргі заманғы білім беру практикасында балаларды зерттеп оқытудың маңызы арта түсуде, себебі оқушыны оқыту барысында кез-келген пән бойынша зерттеу ізденістері көптеген мектептерде қолға алынуда. Осыған орай Әр облыстарда да өңірлік орталықтың ұйымдастыруымен оқушылардың зерттеулік білім деңгейі мен барысын анықтау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарының байқаулары өткізіліп келеді, оның маңызы - байқаулардың көрсеткіштері бойынша оқушылардың проблеманы көре білу қабілеттілігі, танымдық құндылығы, ой қорыту деңгейі және өз жұмыстарын мазмұндау ерекшелігі бағаланып, сонымен қатар педагогтардың оқушылармен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сапасы анықталды. Мұғалімнің зерттеу мәдениеті жоғары болған жағдайда ғана оқушының зерттеулік білімді тосқауылсыз жоғары дәрежеде меңгеруіне толық мүмкіндігі болады.
Оқушы білімді терең қабылдау үшін, мұғалім мен оқушы арасында қандай біріккен іс-әрекет болуы керек?
Білім жеке тұлғаны дамыту үшін, саналы түрде қабылдануы қажет. Сабақты оқыту процесінде жаңа кең деңгейге – пәндік тақырыпты түсіндіру шеңберінен шығып, оқушының өмірлік бағыттарын оқу пәнімен кең көлемде байланыстыру арқылы – пәнаралық жаңа әдіске, қорытындылауға, заңдылықтарға, жүйелерге, жалпыадамдық құндылықтарға және проблемаларға шығу қажет. Бұл теориялық ойлау қабілетін дамыту арқылы мүмкін болатын құбылыс.
Пәннің жүйелік сапасы бұл теориялық ойлау арқылы– құндылығы, мағынасы мен мәні танылады, сондықтан, оқушының ойлау әрекетін дамыта оқыту; оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын ұйымдастыру; әртүрлі көзқарастарды салыстыру, аргументтеу, негіздеу; топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін, ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жетілдіру керек. Оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда, проблеманы қайта тұжырымдап айту арқылы мағынасын өзгертуге болады,өйткені мағыналық реттестірудің тағы бір формасы – белсенді әдістер арқылы реттеледі. Оқытудың белсенді әдістері оқушының танымдық әрекеттерін жандандыратын эффективті тәсілдердің бірі, себебі, оқушылар «қайраткерлерге», «ойшылдарға» айналып, іс-әрекетке қатысушылар болып табылады. Ойлау – диалогтік құбылыс, өйткені ол топта, пікірталаста, айтыста қаралыды.
Оқушының мотивтерімен жұмысы бұл- ой басқа ойдан емес, біздің санамыздың мотивациялық өрісінен туындайды,себебі- оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда оқу мотивациясы сырттан болмау керек: мәжбүрлеу, күштеу көптеген оқушыларға кері әсер етеді өйткені баланың ішкі мотивациясы болғаны жөн: өз себептері, орындаған әрекеттеріне қанағаттану, өзін-өзі сыйлау арқылы қажеттіліктер және мүмкіншіліктер – белсенділік көзі болғандықтан оқушының құзырлы адам болуға талпынысын дамыту керек. Мұғалімнің кері байланысы бақылау және бағалау түрінде емес, нақты және хабарлы түрде болғаны жөн.
Жеке тұлғаға білім беру технология арқылы емес, кімге білім беріп тұрғаныңды түсіну арқылы болады, сондықтан педагогтың өзінің түсінісудің тұлғааралық «механизмдерімен» жұмыс істеуінің маңызы ерекше- бұл оның мынадай қабілеттерімен ерекшеленеді:
Децентрация бұл - өзін оқушының орнына қойып, әлемге баланың көзімен қарай білу, яғни оқушының пікірін қабылдау, оның пікірі мен тәртібіне теріс әсер болдырмау,оны пікірімен санасу.
рефлексия - әртүрлі көзқарастар айтылған диалог кезінде, бірге талқылау, бірге шешім қабылдау кезінде мұғалім сырт көзге қалай көрінетінін түсіне білу,өзара қарым-қатынас.
эмпатия – оқушының жан дүниесін, ойлары мен сезімдерін түсіне білу, бұл мұғалімнің оқушыға жақындығынан, оң көзқарасынан,пікірін түсіну мен ерекшеленеді.
Оқушылардың сұрақтары пәннің тақырыбы туралы емес, «мен үшін оның қандай маңызы бар?», яғни «маған сәйкес келе ме?» деген сөзімен,сабақтың, тақырыптың, әдістің бала қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкестігі оның көңіл-күйінен көрінеді себебі; егер жағдай балаға сәйкес келмесе, теріс көңіл –күй пайда болса, онда фрустрация (ренжу, қорқу, түңілу), агрессия, ойлау туындайды сондықтан, сабақтың проблемалы жағдайында бала көзқарасы, бағытына қайшылық пайда болғанда, теріс көңіл-күй пайда болады. Бұл жағдайда эмоция баланың өзіне, мұғалімге немесе өзінің әңгімесіне бағытталуы мүмкін. Бірінші жағдайда – фрустрация, екіншіде – агрессия, үшіншіде – ойлау пайда болады. Бірінші және екінші жағдайда мұғалімнің кері байланысы бақылау түрінде болып, оқушыны ойлауға, сезінуге, бір нақты үлгі бойынша өзін ұстауға мәжбүрлеп тұр, яғни оқытудың сыртқы мотивациясы туындады, ал үшінші жағдайда кері әсер хабар түрінде беріліп, таңдау бостандығы сақталып, ішкі мотивация пайда болады. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықты сөзі – оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық сілтеме. Еліміздегі мектептерде жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа тарихи білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі жан-жақты айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |