Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет139/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   203
ӘОЖ :001.895 (574)
С 12


ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Сабекова Д.А., Адилова Г.К., Джамалбекова Н.К.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
18орта мектебі, №19 негізгі мектеп, Тараз қ.

Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада бала өмірдің мақсаты, оның құндылықтары туралы алғашқы мағлұматтар және әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді, басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің және басқалардың «кім» және «қандай» екендігін тәжірибеде сынап байқап көреді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко балалар отбасының функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, оның психологиялық тынысы арқылы және қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді,оларда мінез-құлық,әдет-ғұрып, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасады деген тұжырымдар жасады. Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.


«Қазақстан-2050» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе, бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы келісім үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) [1, 8-9]
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған .
Д.Горборино отбасын «адамзаттық тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. Т.М Шалгинбаевтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтерге көңіл аударады және ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды.
Өзара дұрыс қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчев бойынша – «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады» делінген.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының ішінде ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымының, тарихи уақыт талабына сай өзгеруінің және бір отбасының өмірлік ың логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретіндегі мәні онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етудің ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И. өз зерттеу жұмысында.
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисин, өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыпов қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағыналық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауына мүмкіндік берілді.Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелері арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтса, Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады: шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени- репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық–тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады. Ал, әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және ол отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова зерттеу жүргізді. З.И.Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы жөнінде, отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркевич, отбасы мүшелері арасында қысымның болу себептерін А.М.Уматинов зерттеді.70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді» З.И.Янкова қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасап зерттегендер А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Осы қарым-қатынастағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының, ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Соның бірі- бала өміріндегі толқымалы шақ жеткіншектік кезең. Қазіргі зерттеулер жеткіншектік кезеңнің әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы ғалымдар Фельдштейн Д.Л, Кондратьев А.И., тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы ғалымдар Кон И.С. Дубровина И.В., жас ерекшелік дағдарысының құрылымын Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В., ал танымдық эмоциялық–еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский Е.К., жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В., тұлғаның аномальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г. сияқты ғалымдар зерттеді. Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады (С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б).
Ал, басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева С.Б. қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық сәйкестіктің психологиялық ерекшеліктерін зерттеген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жасөспірімдердің өзіндік бағалауымен салыстырғанда, этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді түрде азаяатыны анықталды, өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында «өзін білу» және «ұйымдасқандық» сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Айдарбеков Қ.А. (Развитие диалогической структуры самосознания у подростков во внутрисемейных взаймодествиях) зерттеу жұмысын жеткіншек жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық даму механизмдерін анықтауға бағыттаған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мақсат жеткіншек жастағы тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнын іздестіру мен үлгісін жасау болып табылады, ол жеткіншектердегі жаңа әлеуметтік қатынастардың жаңа деңгейге өтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше жеткіншектерде осы тұлғалық жаңа құрылымдардың даму жағдайлары мен механизмдерінің тиімді жолы индивид енген отбасылық жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға алынып отыратын бағыт болып табылады.
Шужебаева А.И. «Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынасындағы қиындықтарын психологиялық-педагогикалық зерттеу» атты жұмысында балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мәселелердің бірі қарым-қатынас проблемасы екендігін, тұлға аралық қарым-қатынас сферасындағы сәйкессіздіктер психологиялық-педагогикалық бағытта болатындығын, ондай балалар тобын проблемалары бар балалар деп анықтауға болатындығын дәлелдеген. Зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың ересектермен өзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен ата-ана қарым-қатынасының құрылымы зерделенген, бала мінезіндегі қиындықтарды жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-қатынасының дербес, мәдени және сәйкес қалыптасуының әдістері мен тәсілдері анықталған. Ғылыми жұмыста толық емес отбасы жағдайындағы балалардың қарым-қатынастары зерттелген.
Айдарбеков Қ.А. «Отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасөспірімдердің өзіндік санасының диалогиялық құрылымдарының дамуы» атты ғылыми жұмысын жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын факторларды зерттеуге арнаған. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық құрылымдары екені туралы болжам өзін растаған. Жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңа құралымының талдауы осы жастағы тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген. Ішкі жанұя құндылықтары өсіп келе жатқан буынға берілуіне, дамуына және сақтандыруға бағытталған және отбасында белгіленген, оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтік пен эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік санасының диалогиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді [5,24] .
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады. Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге байланысты жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар, аралас отбасылар және кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдардың мәдени бірлестігі. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұнын, формаларын және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады. Шындықтың бейнеленуінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-құлқына ғылыми негізделген жаңа мүмкіндіктерді қоғам алдында аша алады. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену процесінің негізінде жатқан отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді.
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас - өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі немесе бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы келісім үрдісі іске асады. Отбасы қарым-қатынасында олардың ішінде келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бойұсынуы, бірін бірі құптауы, сенімділік танытуы, әр тұлғаның (бала, ересек) мағлұмат байлығы (информационное богатство), өзара қарым-қатынас өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелерін қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфераның мақсаты – ол отбасын материалдық қамсыздандыру үшін бірлесіп еңбек ету, нәтижесінде ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет