Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет141/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   203
ӘОЖ :371.159
Т 50
АДДИКТОЛОГИЯ – МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІГІ
ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ


Сабекова Д.А., Ташмұратова Н.Ә., Джамалбекова Н.К.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
19 негізгі мектеп, Тараз қ.

Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, мықты етіп тәрбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.


Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.Адам өзін табиғаттың зор күшіне, оның асқар тауының биік шыңына, құдыретіне теңейді. Бірақ ол табиғаттың заңдылықтарына толықтай бағынатын бөлшегі ғана болады. Бүгінгі таңда табиғат дамуының заңдылықтары, оны реттеудің күрделі процестері, оның өзара байланыстарының нәзік жараланғыштығы туралы көп айтылады. Ауа және су қабаттарының ластануы сияқты экологиялық мәселелерді зерттей отырып, біздер адамның өзіндік ішкі дүниесін естен шығарамыз. Осыған байланысты соңғы уақытта, аддиктивті мінез – құлық мәселесі аса өршіп барады.
Тәуелділіктің таралу қарқыны жастардың физикалық және адамгершілік денсаулығының дамуын, болашақтарын, қоғамымыздың әлеуметтік сенімділігін шынжырға салады.Бүгінгі таңдағы маскүнемдік пен нашақорлыққа, интернет желілеріне, асқа, темекі мен азартты ойындарға тәуелділік бір ғана адамның немесе отбасының медициналық, адамгершілік жағынан мәселесі болудан қалып, барлық тұрғындардың денсаулығына, бақ – берекесіне, қауіпсіздігіне, тіпті ұлттық дамуына әсер етеді, бір отбасының емес, тұтастай қоғамның қайғы – қасіреті, ұлттық мәселесі.Менделевич В.Д., Короленко. Ц. П., Старшенбаум Г.В. секілді авторлардың еңбегінде тәуелділіктің механизмдері мен пайда болу себептері, аддикцияның классификациялары көрсетілген.
«Тәуелділік» деген қандай «ауру»? Көңіл күйі, ойы, мінез-құлқы, сезімі қандай да бір сыртқы шарттарға тәуелді болған адам тәуелділікке ұшырайды. Мұндай шарттарға көбіне алкоголь, есірткі, темекі, ас және т.б. жатады.Тәуелділік – бұл адамның өмірін құртатын сыртқы әрекеттерге деген күнделікті таңдаулар. Адам тек есірткі және алкоголь талап еткенде ғана әрекет етеді. Сондай-ақ ол бұрыс ойлармен қатар әрекет жасайды – бұл да тәуелділік.Тәуелділік – бұл есірткісіз, алкогольсіз, темекісіз өзінің мінез-құлқы мен эмоциясын басқарудың жоғалуы, көңіл-күйді өзгертетін затты пайдалануды жиілендіру, қалыпты өмірге қайтып келуде орнын алмастыра алмайтын сол қажетті заттың күнделікті қолданылуы.
Тәуелділік – бұл шынайы өмірдегі проблемалардан қашу үшін жасайтын іс-әрекетінің барлығы. Шындықтан қашу өмірді өзгертпейді, тек уақыт өте адамның уайымы мен өмірдегі орнын қиындата түседі. Тәуелділіктің түрлері өте көп, алайда барлық тәуелділік ортақ құрылымға ие. Кез келген тәуелділік психологиялық және физикалық зақым тигізеді. Ол адамды ақиқаттылықтан айырады, оның рухани соқырлығын, психикалық кереңдігін, сезімталдығын күшейте түседі. Тәуелділік адамды басқа әрекетті, мінез-құлықты, күйді таңдаудың мүмкіндігін жояды, оны шектеп, толыққанды жеке және кәсіби өмірге кедергі жасайды, адамның абыройын эгоизммен алмастырады. Тәуелділік адамға жалғыздықты ұялатады,тәуелділік иллюзиясына кеткенде адам өтірік қамқорлық пен махаббатқа ие болады. Ол әлемді шынайы қабылдауды бұзып, эмоцияның жүзін қайтарады, шындықтың орнын өтірік және уақытша қанағаттану сезімімен, эйфория, бақыт туралы елеспен басады.
Аддиктология (ағыл. addiction — тәуелділік, лат. logos — ілім, білім) – аддиктивті (тәуелділік) мінез-құлық туралы ғылым. Аддиктология аддикцияның пайда болу себептерін, олардың даму механизмдерін, психологиялық және клиникалық белгілерін, динамикасын, коррекция (түзету) және терапия тәсілдерін зерттейді.Аддиктология жеке бағыт ретінде АҚШ-та 80-жылдардың аяғында алкоголь және психоактивті заттармен байланысты наркологияның бөлімі ретінде пайда болды. Бүгінгі таңда аддиктология психиатрия, клиникалық психология, наркология ғылымдарының жиегінде дамуда, сондықтан жан-жақты зерттелуде.
Ресейде (КСРО кезінде) «аддиктивті бұзылулар» термині 70-жылдардың аяғында ең алғаш аддиктологияның негізін қалаушылардың бірі, профессор Ц.П.Короленкомен ұсынылды. Ал 2001 жылы осы кісінің ұсынуымен Ресейде ең бірінші химиялық емес аддикцияның классификациясы жарық көрді.Аддиктивті мінез-құлық девиантты мінез-құлықтың бір формасы болып табылады және шындықтан кетудегі психикалық күйді өзгерту ретінде түсіндіріледі. Аддиктивті мінез-құлықтың мағынасы психикалық күйді кейбір заттар немесе белгілі бір қызметтің түріне және пәніне зейінді өзгертуге деген ұмтылыс болып табылады. Аддикцияны жүзеге асыру кезінде күнделікті өмірдегі ешқандай уайымдармен салыстыруға келмейтін интенсивті және өте жағымды сезінулер бастан өтеді. Мұндай күйдің «жағымдылығы» адамда пайда болған жайлылық, кемелділік иллюзиясының пайда болуымен байланысты. Жүзеге асырылу процесінен тыс өмір сүру қызық емес болып табылады.
Аддиктивті мінез-құлықтың классификациясы (Ц.П.Короленко бойынша): [4]
1.Химиялық аддикция - аддиктивті агент ретінде психикалық күйді өзгертетін түрлі заттарды қолданумен байланысты. Мұндай заттардың көбі органикалық зақымдарға алып келеді. Кейбір психикалық күйлерді өзгертетін заттар айырбасқа түсіп, физикалық тәуелділікті шақырады. Химиялық аддикцияға мыналар жатады:

  • алкогольді аддикция

  • наркомания

  • токсикомания

2.Химиялық емес (мінез-құлықтық) аддикцияға мыналар жатады:
- гемблинг
- интернет аддикция
- шамадан тыс еңбекқорлық
- ортақ тәуелділік
- ургентті аддикция
- діни аддикция
- аддиктивті фиксация ретінде әлеуметтік ұйымдастыру
- шоппинг
- эротикалық аддикция
- махаббат аддикциясы және қашу аддикциясы
- сексуалды аддикция
- ортақ сексуалды аддикция
- киберпорно-аддикциясы
Химиялық емес аддикцияның біреуіне тоқталсақ. Гемблинг (ағыл. gambling — азартты ойын), немесе лудомания (лат.ludus — ойын и грек. mania — құмарлық) –бұл психиатриалық термин, азартты ойындарға патологиялық құмарлық дегенді білдіреді. Гемблинг – адамның кәсіби және жеке өміріне қауіп төндіретін, азартты ойындарға үнемі қатысу. Бұл түсінік өткен ғасырдың 60-жылдарында АШ-та ойын автоматтарының шығуына байланысты болды. Сол кезде батыс психологтары мен әлеуметтанушылары гемблингтің қауіптілігі туралы айтып өткен. Белгілі философ Дж.Белл арнайы зерттеу жүргізіп, егер ойынқұмарлық ересектердің 10%-ын және жасөспірімдердің 25%-ын құраса, онда ұлттың психикалық денсаулығы мен мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төніп тұр деген болатын. Алайда ақша үшін ойын ертеден келе жатқан ойын-сауықтың бір түрі болып табылады. Сонау Рим Империясының заманынан бері адамдар құлдар, мал-мүлік және үй үшін ойынға салатын. Бүгінгі таңда ойын-сауық кең қанат жайған бизнес түрі: өзінің қол жетімділігі мен кең таралуы таңқалдырады. Ойынқұмарлар көзімен қарағанда ақша үшін ойын неге алып келеді? Біріншіден, бұл құмарлық пен тәуекелдікке бой бұру; екіншіден, олардың пікірінше ол қомақты ақша көзіне қол жеткізетін бірден-бір жол; үшіншіден ұтылған жағдайда қайта ұтып алуға болатын мүмкіндік. Егер осы үш факторға назар салып қарайтын болсақ, онда біз олардың өзара тұтас тізбек құратынын байқаймыз. Құмар ойындар әлемі өзінің түрлілігіне қарамастан осы үш факторға негізделген.
Гемблинг – бұл эмоционалды тәуелділіктің бірі, адамға және оның отбасының материалдық жағынан қауіп әкелетін аддикция. Адам ойын ойнаған сайын ойын адамды өзіне тарттып, уақытты жоғалтады, соны сезе тұра, есінде ештене қалмайды. Уақыт өте отбасы, абырой, қызмет сөздерінің мағынасы болмайды, расымен де бұл жан ауруы. Тұлға ретінде адам рухани тозады, депрессиға ұшырап, материалдық шығыннан да жоғары физикалық денсаулығы құриды. Азартты ойынға тәуелділік бірнеше факторлармен анықталады:
- адамдардың өзіне және қоршаған адамдарына деген материалдық қауіптілік дәрежесі;
- ойынға қатысының тереңдігі және одан бас тарту қабілетітілігі:
- ойынға құмарлығын өз бетінше шешуге қабілетсіздігі:
- өзінің құмарлығын дұрыс бағаламауы.
3.Асқа деген аддикция – биохимиялық механизмдерге әсер ететін кезеңдік аддикция. Оларға:
- анорексия
- булемия
4.Нашақорлыққа деген тәуелділік. Нашақорлық мәселесін құбылыс ретінде қарастыруда оның бірнеше аспектісін атап өтуге болады.
- Әлеуметтік аспект. Нашақорлық әлеуметтік «жұқпалы» ауру ретінде қарастырылады және ол әлеуметтік топ ішінде таралады. Сондықтан нашақор ортадан тыс өмір сүрмейді – яғни оның ықпалынан есірткі қабылдайтын топ қалыптасады. Сонымен қатар есірткі нашақорларға ғана емес, оның жақындарына, қоғамға, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
- Психологиялық аспект. Нашақор кез келген жеке тұлға типінде кездеседі және сананың өзгеруіне қажеттілік бүкіл адамзатқа тән болып табылады. Зерттеушілер « нашақорлыққа дейінгі» жеке түлға типін қарастыруда бірінші орынға импульсивті мінез - құлықты қояды. Бүл көзқарас бойынша нашақорлық жеке тұлғаның тәртіпсіздігі және қоршаған өмірге бейімделе алмаушылық болып табылады. Нашақорлық мәселесін зерттеушілер «нашақорлыққа дейінгі» жеке тұлғаны қарастыруда жеке тұлға белгілерін атап көрсетті: эмоционалды кемлденбеу, садисттік және мазохисттік көріністер, агрессивтілік және шыдамсыздық, әлсіз бейімделу, тұлғааралық қарым - қатынасқа түсе алмау т.б. Нашақорлықтың қалыптасуында психологиялық аспект жетекші болып табылады.
- Экономикалық аспект. Есірткінің заңсыз таралуы «көлеңкелі» ақша айналымына алып келеді. Сондай ақ мемлекет нашақорларды емдеу мәселесіне қаражат жұмсайда. Нашақорлықтың дамуының салдарынан еңбек мотивациясы мен іс-әрекеті бұзылады.
- Демографиялық аспект. Көбіне психоактивті заттарды ер адамдар мен жеткіншектер қолданады. Нашақорлыққа тәуелді ерлер мен әйелдердің ара қатынасы 10:1 құрайды. Есірткіге тәуелділіктің қалыптасуынан жыныстық инстинктер жойылады. Осы құбылыстардың салдарынан туу деңгейі төмендеп, толық емес отбасылар көбеюде.
- Моральдық аспект. Есірткі заттарын жүйелі қабылдағанның әсерінен жеке тұлға девальвацияға ұшырайды. Бірте- бірте нашақор мінез- құлқының моральдық негізі бұзылады және «нашақорлық» құндылықтар жүйесі қалыптасады.
- Медициналық аспект. Дәстүрлі наркология нашақорлықты ауру ретінде қарастырады және оны ұзақ емдеу қажет. Нашақорлықты емдеу мен алдын алуда тек медициналық көмек нәтиже бермейді.
5.Дәрілік тәуелділік медицинадан келесі рет бойынша келді:
- апиын – бұл топқа апиыннан өңделген заттар жатады: морфин, кодеин, промедол, просидол, фентанил, метадон, героин т.б. Бұл заттарға тәуелділік тез қалыптасады. Апиын тамырға егу немесе шегу арқылы қолданылады. Уланғанда эйфория, қозу басым болады. Ауыз қуысы құрғайды, ыстығы көтеріледі, басы ауырады және терлеу пайда болады. Тыныс алу және жүрек қан - тамыр жүйесі бұзылады. Абстиненция синдромы есірткі қабылдаған соң бірнеше сағаттан кейін пайда болады және 5-7 күнге созылады. Психикалық жағынан алаңдаушылық, өлімнен қорқу сезімі байқалады. Адамның ұйқысы бұзылады, қорқынышты түстер көреді. Сондай-ақ көңіл-күйі өзгермелі болады: өзін өзі жоғары бағалайды, кейде депрессия, тітіркену, агрессия және апатиялық жағдайда болады. Героин - апиындардың ішіндегі ең кең тараған түрі және есірткінің ең ауыр түріне жатады.
- барбитураттар – ұйықтататын құрал ретінде қолданылады. Тамырға егу арқылы қабылдағанда басқа ұрады, көз қарауытады, заттар жүзіп жүргендей елестейді, көз қарашығы үлкейеді және тері қызарады. Бүл жағдай бірнеше секундқа созылады. Кейін тепе -теңдігі бұзылады, тез қимылдайды. Адамның қоршаған ортаға деген қатынасы өзгереді, адамдарға жағымды қатынас жасайды.Көтеріңкі көңіл күй 2-3 сағатқа созылады.Содан кейін терең үйқыға кетеді. Ұйқыдан тұрған соң өзін әлсіз сезінеді, зейіні бұзылады, интеллектуалды процестердің қарқындылығы төмендейді.
- анальгетиктер;
- психостимуляторлар - бұл топтағы есірткілерге тән белгі: ойлау қарқыны жылдамдайды (үстірт жеңіл тұжырымдар). Психостимулятор әсерінен қоршаған заттарды қабылдау нашарлайды. Түрлері: кокаин, эфедрин, первитин, амфетамин. Алғаш қабылдағанда шаттық сезімі пайда болады, кейін жағымды сезімдермен жалғасады, Есірткі әсерінен сананың қызметі белсенді жұмыс атқарады,адам көп қимылдайды, көп сөйлейді, өз мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.Психостимулятордың ерекшелігі психикалық тәуелділік тез қалыптасады. Есірткі қабылдау тілегі тәуелділік қалыптаспай жатып пайда болады. Сондай-ақ депрессия үзақ уақытқа созылады және абстиненция синдромында өзін өзі өлтіруге тырысады.
- транквилизаторлар;
- галюциногендер – миға қатты әсер етеді. Галлюциноген заттарына улану салдарынан жасанды психоз туындайды, олар бірнеше синапстар қызметіне араласып, оны толық бұзады. Бір рет қабылдағанның әсерінен нейрон мен синапстар қызметі 2-3 күнге дейін қалыпқа келмейді. Тіпті бұл заттарды мидан алып тастаған жағдайда да синапс жасушалары қалыпты қызмет атқармайды. Психикасы тұрақсыз адамдарға есірткі орны толмастай әсер етеді. Өзін-өзі сезінудің бұзылуы және галлюцинация қорқыныш пен алаңдаушылық сезімін тудырады. Бүгінде адамзат медицина мен өнерге қанша қаржы жұмсаса, психоактивті заттарға да сонша жұмсайды. [5]
Аддиктивті мінез-құлықтың дамуына итермелейтін тұлғалық ерекшеліктер. Аддиктивті мінез-құлық психологиялық қиыншылықтарды төзе алушылық қасиеті төмен, өмірлік жағдайлардың өзгеруіне қиын бейімделетін, психофизиологиялық жайлылыққа оңай және тез жетуге тырысатын адамдарға тән. Аддикция мұндай адамдарға шынайы өмірден қашудың бірден-бір құралы болып табылады. Осылайша, мінез-құлықтың аддиктивті формаларын атап көрсетуге болады:

  • күнделікті өмірлік қиындықтарға төзе алмаушылық, кризистік жағдайларды көтере алмау;

  • көпшілікке артықшылығын көрсеткенімен, іштей өз-өзіне көңіл толмаушылық мінінің болуы;

  • сырттай әлеуметтік топта қарым-қатынасқа түскенімен, эмоционалды байланысқа түсуге деген қорқыныш;

  • өтірік айтуға деген талпыныс;

  • басқаларды кінәлауға деген талпыныс;

  • қабылданған шешімдерден жауапкершілік алудан қашуға деген талпыныс;

  • стереотиптілік, мінез-құлықтың қайталануы;

  • қауіптілік сезімі

Аддиктивті мінез-құлықты зерттеудің негізгі бағыттары:
1. Персонологиялық бағыт бойынша кейбір тұлға типтері басқаларға қарағанда аддиктивті мінез-құлыққа бейім. Мысалы, алкоголь тәуелділігін зерттей келе, спецификалық алкогольді тұлға типінің жоқ екені анықталды.
2. Психодинамикалық бағыт тек тұлғаның ерекшеліктеріне ғана емес, оның ортасына және онымен әрекеттесу ерекшелігіне де байланысты көп себептерді атап көрсетеді.
3. Мотивациялық бағыт аддиктивті мінез-құлықты зерттеуде реактивті қарсыласу теориясына сүйенеді. Яғни, мотивация индивидтің еркіндігіне қауіп төнгенде пайда болады. Реактивті қарсыласу теориясы келесі негізгі белгілерді бөледі: еркіндікті алдын ала күту, еркіндікке қауіп күші, тұлға үшін еркіндіктің маңызы, өзінің еркіндігі мен қауіп арасындағы қатынас.
4. Әлеуметтік үйрету теориясы психоактивті агенттердің қабылдауын шақыратын және күшейтетін факторларды талдау.
5. Күтілген әрекет теориясы – аддикцияның моделіне когнитивті компонентті қосады. Аддикция мұнда альтернативті реакцияны жеңу түрінде түсіндіріледі. Есірткілерден жағымды әсерлерді күту мұндай түсінулердің мүмкін болуынан жоғарыланады. Сондай-ақ оларды пайдалану өз әрекеттеріне деген жауапкершілікті жояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет