Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет157/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   203
«Гуманистік педагогика» ұғымы жөнінде педагогикалық еңбектерде түрліше беріледі. Мәселен, мұғалімдер мен жалпы білім беретін мекеме басшыларына арналған психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Гуманистік педагогика АҚШ-та ХХ ғасырдың 60-жылдары гуманистік психологиялық идеяны педагогикалық іске асырушы ретінде туындаған тәрбие теориясы мен практикасындағы заманауи бағыт» ретінде анықталады. Гуманистік педагогиканың философиялық-идеологиялық бағдары жаңа тәрбие және «прогрессивизм» идеяларына жақын. Гуманистік педагогиканың зейін ортасында бірегей жеке тұлға тұрады. Гуманистік педагогика - өзінің мүмкіндігі бойынша дамушы, оқу-тәрбие үдерісінде белсенді, саналы, тең құқылы қатысушы ретіндегі тәрбиеленуші мақұлдайтын ғылыми теориялар жүйесі ізгілік педагогиканың практикалық аспектісі ретінде Ш.А.Амонашвилидің, Ш.Майғаранованың еңбектерін атауға болады.
Гуманистік психология жөнінде педагогикалық және психологиялық сөздікте: «Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт. Гуманистік психологияның өкілдері «шын мәнінде ол адамның асқан қажетсінулерін, адамның өзін-өзі кемелдендіруін, білім алуын, эстетиканы зерделейтін ғылым болуға тиіс деп есептеді» - деп берілген. Педагогикалық еңбектерде тәрбие үдерісінде тәрбиені гуманизациялау қағидасы ретінде жеке дара да қарастырылады. Болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұны ізгілік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндіктерінің мол екендігін көрсетеді. Оның ішінде «Өзін-өзі тану», педагогикалық және психологиялық пәндер кешенін атауға болады.
Педагогикалық еңбектерде қалыптастыру, «қалыптасу» термин ретінде қолданыс табады. Мәселен, педагогика және психология бойынша қазақ тіліндегі түсіндірме сөздігінде: «Қалыптастыру – баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігін, өзінің тағдырына өзі үкім ете білуін және өз мінез-құлқын жөнге сала білуін, сондай-ақ дүниемен өзінің қарым-қатынасын түсінуін меңгерту» десе, «қалыптасу» – үйлесімді мінез-құлықты біртіндеп жасау, көңілдегі нәтижеге жақындайтын кезектес қадамдарды бекіту арқылы мінез-құлықтың қарапайым моделін күрделі модельге өзгертеді» - деп түсінік беріледі. Бұл мазмұндаулардан сыртқы факторлар ықпалынан ішкі мазмұнның өзгеруін түсіну керектігі көрінеді. Жалпы қарағанда «қалыптастыру» ұғымы сыртқы факторлар арқылы ішкі сапалық қасиеттерді орнықтыруда көрініс табатындығын сипаттайды. Ал “қалыптасу” болса, негізінен ішкі факторлар арқылы жүзеге асырылатын іс-әрекет нәтижесі ретінде көрінеді. Оны жеке тұлға тұрғысынан қалыптану деп те қарауға болады.
«Қалыптану» ұғымы адамның қалыптасу үдерісі, оның адами бейнеге ие болуы, білім мен мәдениетке ұмтылысы мағынасында Ежелгі грекияның атақты пайдейясынан (б.э.д. V-IV ғ.ғ.) бастау алады. «Антик сөздігінде» пайдейаға жалпы алғанда – қалыптану дегеніміз – адамның бүкіл қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын тәндік және руханилық жағынан үйлесімді түрде қалыптасуы» ретінде қарастырылады. Қалыптану - Әл-Фарабидің ойынша, шынайы ізгілік пен бақытқа апаратын адамның адамгершілік және ақыл-ой дағдыларын қалыптастыруда сенімді басшылық жасайды. Оның үйлесімді дамыған тұлға және кемелденуге қол жеткізу туралы ілімі адамның нағыз рухани азат болуына ықпал етеді. Әрі ғалым, әрі энциклопедист Әл-Фараби оқыту, тәрбиелеу, мадақтау, мақтау, бетіне басу, мәжбүрлеу, бақыт, білім, дағдылар, әдеттер, қабілеттер және т.б. педагогикалық категорияларға баса назар аударды. М.Жұмабаев «Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретіндей ой, ләм іс ізгілік» - деп атап көрсеткен. Ізгілікке ұмтылу жауыздықтан безу адам жаратылысының өзінде бар нәрсе. Кімде-кім өзін, туыстарын, өз елін сүйсе, әсіресе, бүткіл адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз, өзін-өзі соқыр сезіммен мал да сүйеді дей отырып, адамның адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт екендігіне тоқталған.
Сонымен біздің ойымызша, «ізгілік қасиеттер дегеніміз – адамның ізгі іс-әрекетін сипаттайтын жақсы әрекеттерден, жағымды белгілерден тұратын мінез-құлық сапалары». Ізгілік қасиеттерді Қ.Әтемованың зерттеуіне сәйкес жеке тұлғалық жақсы мінез-құлықты, жеке тұлғалық мазмұндық, жеке тұлғалық іс-әрекеттік қасиеттер тұрғысынан қарастыру жөн.
Ал біз зерттеуімізде болашақ мұғалімдердің, соның ішінде педагог-психолог мамандарының кәсіби іс-әрекетіне қатысты ізгілік қасиеттерінің мазмұны мен құрылымы төмендегілерден тұруы тиіс деп білеміз: жеке тұлғалық сапалық қасиеттерден; жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді танып, білуге даярлығынан.
Жоғарыдағы жүргізілген зерттеулер мен талдауларға сүйене отырып, біз «болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттері деп, жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді (жақсы мінез-құлықты, оларды мазмұндық, іс-әрекеттік тұрғыдан игеруі) меңгеруін және оларды танып білуін, оларға өзіндік бағдар алуын, оқу-тәрбие үдерісін ізгілік үдеріс негізінде ұйымдастыруға ұмтылысын (даярлығын) түсінеміз».
Мектеп қабырғасындағы оқушылардың ізгілік қасиеттерін қалыптасты-рудың іс-әрекетті құраушы құрылымдарын Г.К.Байдільданова, Н.Д.Иванова тағы басқалар зерттеу жұмыстарына және тұтас педагогикалық үдерістің тұжырымдамасына талдау жүргізген. Болашақ ұстаздарды кәсіби даярлау мәселесін шешуге О.А.Абдуллина, Ю.П.Азаров және т.б. өз еңбектерін арнаған. Осы және т.б. педагог-ғалымдардың еңбектерін талдау негізінде мұғалімдерге қойылатын негізгі талаптардың белгіленгендігін, бүгінгі таңдағы мұғалімнің тұлғалық үлгісінің жасалынғандығын, оның кәсіби даярлығын қалыптастыру барысында ізденіс жұмыстарының жүргізілгендігін байқауға болады.
Ал болашақ мұғалімдердің, оның ішінде педагог-психологтың ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі әлі зерттеле қоймағанын көрсетеді.
Бұл мәселенің теориялық негіздерін жасау “болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру” ұғымының мәнін анықтауды қажет етеді. И.П.Подласый мінез-құлықтың қалыптасуының мынадай үлгісін ұсынады: мінез-құлық нормалары мен ережелері жөніндегі білімді меңгеруі → сенімнің қалыптасуы → сезімнің қалыптасуы және бұл тізбектен бөлек олар-дың әрқайсысы жеке-жеке мінез-құлықтың қалыптасуына бағытталады. “Модель” термині латынның “modues” сөзінен шыққан. Ол “өлшем”, “әдіс”, “бейне” деген ұғымдарды көрсетеді. Педагогика ғылымында модельдеудің бірнеше үлгілері кездеседі.
«Модель» - үлгі, сұлба, өрнек, өң, кейіп деген ұғымдарды да білдіреді. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерде «модель» ұғымының орнына түрлі ұғымдар қолданыс табуда. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Модель – бір нәрсенің жалпылама алғандағы жобасы, сұлбасы» ретінде қарастырылса, «модельдеу – шамалау, жобалау, долбарлау» үдеріс, әрі әдіс ретінде қарастырылады.
Сонымен, зерттеуімізде теориялық модельдеу әдісін басшылыққа ала отырып, зерттеліп отырған сапалық қасиеттерді педагогикалық үдерістің құраушылары тұрғысынан қарастыру арқылы, мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың моделін сипаттадық ( Сурет 1).

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет