Кесте-2. Жуалы өңіріндегі жалпы картоп сорттарының өнімі(центнер)
Сорттары
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Амароза
|
55,4
|
35,2
|
45,9
|
Красная Зара
|
84,9
|
49,7
|
72,2
|
Латона
|
45,1
|
63,6
|
36,2
|
Алладин
|
44,6
|
41,5
|
52,7
|
Жалпы өнімі:
|
230 ц
|
190 ц
|
207 ц
|
Егілген аумағы, га
|
3,0
|
3,2
|
3,5
|
Бағасы, теңге
|
920 мың
|
855 мың
|
1 млн. 035 мың
|
1.Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақыл. Картоп түйнегі кеңінен әр түрлі тағамға пайдаланылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін энергия береді. Картоп түйнегінде 22-25 процент құрғақ зат, оның ішінде белогі өзінің биолгиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организмдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванелин,лизин,трифтофон,тағы басқа) көп. Картоп түйнегі адам организімінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер (С,В,А,Р,К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі.
2.Республика бойынша картоптың 30 сорты аудандастырылып өсіріледі, олар вегетациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты шартты түрде бірнеше сорттарға бөлінеді: ерте пісетіндер-көктеп шыққанан сапалы түйнектер құралғанға дейін 40 тәулік, орташа ерте пісетіндер -60 тәулік, орташа мерзімде пісетіндер 70-75 тәулік, орташа кеш пісетіндер 90-120 тәулік
3.Картопты зақымдайтын зиянды жәндіктерге – колородтық қоңыз, сым құрттар, күздік қоңыр көбелек құрттар, зауза, шыртылдақ, қара қоңыздар, қызыл басты шпанка, өрмекші кене, қандала мен цикаттар және басқалары жатады. Картоптың өсу кезеңінде терең культивация жүргізу, алғы дақылдарды таңдап алу, құрттардың қуыршаққа айналатын кезінде егісті арам шөптерден тазарту жақсы нәтижеге жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |