Hyalomma туысы (шыны көз) – сары кенелер. Н.аnatolicum, H.detritum, H.scupense және H.asiaticum кенелер түрлерінің эпизоотологиялық маңызы зор. Н.аnatolicum – үш иелі кене, Th.аnnulata, Th.mutans-тарды тасымалдайды. Таралуы солтүстікте, Астрахан облысының оңтүстік аудандармен, ал шығыста Оңтүстік Қазақстанда және Қырғыстанмен шектеседі. Теңіз деңгейінен 500м биіктегі тауларда биотоптары болмайды. Солтүстік ареалында биотоптары мал қораларында болады. Олар қабырғалардың жырықтарында, кепкен қидың астында, кеміргіштердің ұясында мекендейді. Солтүстіктегі ареалда, жануарларға жайылымда да, қорада да шабуылдайды. Кененің 3 даму фазасы (личинка, нимфа, имаго) көбінесе ірі қарада өтеді. Бір жылда кенелерде бір генерациясы өтеді, мамыр айынан шабуылдайды.
Кенелерге қарсы күрес жүргізгенде ең алдымен олардың тығылатын орындарын: қорадағы жырықтар, саңылаулар мен тесіктері, қиларды құртады. Жануарларды акарицидтермен домдайды. H.detritum – екі иелі кене Th.аnnulata мен Th.mutans-ты тасымалдайды. Бұлар қорада да, жайылымда да мекендей береді. Көбінесе ірі қарада паразиттейді. Жылына бір генерация береді.
Достарыңызбен бөлісу: |