Нyalomma рlumbeum – екі иелі кене, N.equi, Th.аnnulata және A.ovis-терді тасымалдайды. Оңтүстік аймақтар: Украина, Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия көлемінде кең таралған. Ареалы үлкен болу себебі бұлардың личинкалары мен нимфалары көбінесе жыл құстарында паразиттейді. Имаголары ірі қараға, жылқыларға, қойларға шабуылдайды. Бір жылда кененің бір генерациясы дамиды. Бұл құрғақ әрі жылыны жақсы көретіндерге жатады. Имаго сәуір, мамыр, маусым айларында шабуылдайды. Айдалған жайылымға жайылған малдарда болады, өйткені кенелер құстармен келеді.
Hyalomma plumbeum – Украинаның оңтүстігі, Еділ бойы, солтүстік Кавказ, Закавказье, Орта Азияда кеңінен таралған. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінің басым кенелерінің бірі.
Жылқы пироплазмозы мен нутталиозының, қой анаплазмозының қоздырғыштарының тасымалдаушысы. Екі иелі кене балаңқұрттары мен нимфалары көбінесе құстардың қанын сорып қоректенеді. Ересек кенені малда жаз бойы кездестіруге болады. Балаңқұрт пен нимфаның паразиттік тіршілігі маусымнан қазанға дейін созылады. Күзде нимфа ересек кенеге айналып, көктемге дейін диапаузаға енеді. Бұл кене түрін Hyalomma marginatum marginatum деп те атайды. Мекен ететін биотопы жыртылмаған жайылымдық жерлер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |