Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет118/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   203
Мектеп педагог-психологы: жалпы, орта және кәсіптік білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті [10].
Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.
Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа да қызметкерлерге психологиялық қызмет көрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп психологының тікелей міндеттері.
Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тртібі осы ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемелерінің директоры бекітеді. Оқу мекемелері мамандардың кәсіптік іс-әрекеттерін кешенді психоллогиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару орындарының немесе жеке оқу мекемелерінің ұсыныстары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламалары мен жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады [11]. Отандық және шетелдік психологиядағы жетістіктерді оқу мекемелеріне тарату және енгізуге, педагогикалық қызметкерлердің іс-әрекетін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге ат салысады.
Педагогикалық-психологиялық білім. Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық орнын және біліктілігін ұғынып түсіну, тәрбиелік адамгершілік деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену, не тәрбиелену мүмкіндік терін көре білу, өз жұмыс практикасына қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі; теориялық білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр түрлі категориядағы адамдармен қарым-қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерінен хабардар болуы; тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгеру және т.б. Біз құрып отырған қоғамда педагог-психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени, шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді. Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет