Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдаррға арналған бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 2011 ж.
2.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2002.
3.Керімбаева Р.Қ.Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану.-Тараз, 2010.
Аннотация. В этой статье рассматривается применение разных игровых тенденции для детей начальных школ.
Annotation. This article discusses the use of different gaming trends for primary school children.
М 30
37.015.3
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мауленова Қ.И., Садық Н.М., Абдуалиева Г.Ш., Керимбаева Қ.А.
Тараз мемлкеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында да білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация педагог-психолог еншісіне тиері хақ [6].
«ХХІ ғасыр педагог-психологы қандай болу керек?» деген сұрақ тереңнен ойланып, толғануды қажет етеді. Өйткені, ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алған бүгінгі балауса жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар, айбынымызды асқақататар, үлгі болар азаматтар болуға тиіс. Сондықтан қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын шаруа.
Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық-психологиялық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан педагог-психолог қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті бола білуі шарт. Бұдан ұстаздың мамандық шеберлігі анықталады. Әрбір мемлекеттің өсіп – өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық-психологиялық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Педагог-психолог идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған психологиялық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады. Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл педагог-психологтарды даярлау.
Жаңа тұрпатты педагог-психолог – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Жаңашыл педагог-психолог – педагогикалық-психологиялық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық-психологиялық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек [7].
Жаңа тұрпатты педагог-психолог ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестірдік. Педагогикалық-психологиялық білім берудің ең жоғарғы мақсаты –жаңа тұрпатты педагог-психологтың жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті педагог-психолог даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық-психологиялық білім беру мақсаты, педагог тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, педагог-психолог тұлғасы мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.
Шебер педагог-психолог, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзінің саласын терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Педагог-психологтың жеке басының үлгісі – кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез-келген ұжымдағы қарым-қатынас педагог-психологтың жеке басының үлгісімен тығыз байланысты [8]. Сонымен жаңа тұрпатты педагог-психолог ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика, психология оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті педагог», «мұғалім идеалы», «шебер психолог» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты педагог-психолог» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты педагог-психолог дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты педагог-психологты қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Жаңа тұрпатты педагог-психологтың ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Жаңа тұрпатты педагог-психологтың білім парадигмасының «өмір бойы білім алу», «педагог–оқулық–компьютер–білім алушы» болып өзгеруіне байланысты ең алдымен ақпараттық құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептейміз. Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру [9].
Достарыңызбен бөлісу: |