Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Деңгейлеп оқыту жүзеге асырылу кезеңі



бет148/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   203
Деңгейлеп оқыту жүзеге асырылу кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

Деңгейлеп оқыту жағдайына білімді меңгеру нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау. /Кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асыру/.

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру

Бастапқы ғылыми идеялар:


- деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
- деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей бағдарламалық және күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
- оқушының жеке тәжірибесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек).
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.
Үшінші – материалды пән аралық қорытындылау сабақтары.
Төртінші – материалды қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп аталады).
Бесінші – практикум сабақтар. Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтармен басқада себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктерімен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады. Білім беру ұйымдастырудағы қайта құрулармен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлікпен пәндерді оқытудың жаңаша технологиясын ендіру міндеттерін шешуді талап етуде.
Кеңестік педагогика мен дидактиканың озық шеберлері В.Шаталовтың, В.Шейманның, Е.Ильиннің тәжірибелерінің мақсаты – оқушының оқу танымдық қызметін дұрыс ұйымдастыра отырып түпкі нәтижеге жету яғни оқушының сабақ үстінде бағдарламалық талаптар (міндетті және мүмкіндік) деңгейінде жан-жақты терең біліммен саналы тәрбие алуы еді. ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық зерттеулер (В.Беспалько, В.Монахов) жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екенін дәлелдеп отыр.
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс (В.Беспалько).
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жоюы қажет.
- оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің табысына негізделуі қажет.
- оқу мақсатын диогностикалық түрде анықтап, оның меңгерілуі сапасын дәл тексеріліп , базалау қажет.
- іс жүзінде оқу-үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде. Осындай өздігімен дамуды қалыптастыратын Ж.Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясының тиімділігі мен маңыздылығы қажетті .
Бұл технология оқу үрдісінде:
- оқушыға сенімділік білдіру;
- пәнге қызығушылығын арттыру;
- оқушы біліміне сеніп, әрі дамыту;
- өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу көзделген.
Профессор Ж.Қараевтың технологиясының тиімділігі сол жаңа тақырыпты балаларға шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын белсенділігін арттыру үшін мәселелік сұрақтар қойып отыру.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:

  • жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар.

  • оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.

  • дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.

  • әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды толық меңгереді.

  • жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.

  • тест арқылы тақырып меңгеріледі.

  • өзіндік жұмыстар жүргізіледі.

  • бақылау жұмысы алынады.

  • бақылау парағы жасалады.

Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді. Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. Оны шешуде ақыл – ойы дамиды, ойлануына жан – жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жету мақсатын көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет