Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін еркшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |