Boophilus туысы (бұқа сүйгіш). Біздің аймақта бірақ түрі В.саlcaratus, кездеседі. P.bigeminum, Fr.Colhicа-ларды тасымалдайды. Бұл кене Кавказда, Заакавказда, Қазақстанның оңтүстігінде, Орта Азия мемлекеттеріде мекендейді. Шөбі өсімді, бұталы жерлер кене биотопы саналады. Айдалған жерлерде, орманда, теңіз деңгейінен 900-1200м биік тау бөліктерінде бұл кене кездеспейді. Қыс кезінде кененің личинкалары қырылып қалады. Көктемде солтүстік ареалдарында, наурыз-сәуірде личинкалары шабуыл жасайды, ал оңтүстік аудандарда шабуылы ертерек басталады, көбінесе ірі қарада паразиттейді.
Қоршаған ортаның температурасына байланысты, мал денесінде 25-40 күндей болады. Ұрғашылары қанға тойған соң, жерде жұмыртқалайды. Жұмыртқаларынан личинкалары шығады. Тыным кезеңі өткен соң личинкалар шабуыл жасап генерациясын аяқтайды. Личинкалар биотопта қорексіз 5-7 айға дейін өмір сүре алады.
Көктемде бірінші генерациясы біткен соң маусым айынан екінші генерациясы басталады. Қыркүйекте кенелер үшінші рет шабуылдайды. Личинкалардың бір бөлігі жерде қалып қыстайды. Оңтүстік ареалда В.саlcaratus-тың төртінші шабуыл кезеңі болуы мүмкін. Бұл кенені жұмыртқа салатын және личинкалары шығатын биотоп жерін жыртып құртады, ал жануарлар үстіндегі кенелерді, акарицидтермен домдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |