Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қалиев.С, Майғаранова.Ш «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» А., «Рауан» 2010
2.Б.Тұрғынбаева «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту»2009
3.Қ.Қ.Сегізбаева «Болашақ ұстаз тұлғасын қалыптастырудағы кәсіби жетістік,ӛкілеттілік,міндет қызмет
бабының рӛлі».
4.ҚР 2015 жылға дейінгібілім беруді дамыту тұжырымдамасы Астана 2009
Аннотация.
Изменения в школах нашей страны и употребления навыков новой образовательной
системы, обеспечивая ребенку единолично находя и употребляя с помощью новых информационных
технологии
Annotation.
Changes in our nation's schools and the use of the skills of the new educational system, ensuring the
child alone finding and eating with the help of new information technologies.
148
Р17
374/377(574)
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Райымбекова Г.
№49 мектеп-гимназиясы, Тараз қ.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында қазақстандықтардың ӛсіп -
ӛркендеуі мен әл – ауқатын жақсарту мақсатында азаматтардың денсаулығын кӛтеру, ауруды
болдырмау үшін экологиялық мәселелерді шешу қажеттігі айқын кӛрсетілген.
Қоршаған ортаға немқұрайлы қарауды болдырмаудың жолы бастауыш сыныптан басталып,
балада болашақ қоғам мүшесінде экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру, табиғатты аялауға,
қорғауға тәрбиелеу қажеттігі туындайды.
Демек, қазіргі таңда бастауыш мектептен бастап жас ұрпақтың бастапқы экологиялық мәдениет
негіздерін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын,
оны орынды пайдалану маңызды мәселе.
Сол себептен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру дұрыс
жолға қойылуы қажет. Балаларды бастауыш мектептен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу
қажеттілігі мен оның білім беру жүйелерінде қазір ӛмір талабына сай жүргізілуі және балалардың
мүмкіндіктері мен экологиялық мәдениетке тәрбиелеуде дүниетану пәнінің маңызы зор.
Дүниетану пәні бастауыш сынып оқушыларына дүниетанымдық білім беру мен оқушыларды табиғат
қорғауға тәрбиелеудің негізгі кӛзі болып табылады.
Дүниетану пәнінде «Адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі білім берудің бірлестігі қарастырылады.
Білім берудің дүниетанымдық негіздері кіші мектеп жасында қалыптастырылады. Қазіргі кезеңде
оқушыларды айналадағы табиғи ортаға ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарауға, баулуға оқу тәрбие
жұмысы барысында баса назар аударылып, дүниетанымдық білім беруге ерекше кӛңіл бӛлінген.
Дүниетану оқулығы шеңберінде қалып қоймай, тірі және ӛлі табиғаттың ӛзара байланысын ғылыми
тұрғыдан аша отырып, дүниетанымдық білім беру жан - жақты тәрбиелеу мұғалімдердің негізгі міндеті
болып табылады.
Дүниетанымдық білімнің негізгі жүйесі қазіргі кезеңде бастауыш мектептерде қаланады.
Бастауыш сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бӛлшектерінің жағдайын, табиғаттың жыл
маусымына байланысты ӛзгерісі мен оның себептері: тірі табиғат пен ӛлі табиғат арасындағы қатынас,
адам әрекетінің табиғатқа жасайтын ықпалы, табиғат байлығын пайдалану және қоршаған ортаның
ластануы жӛнінде қарапайым және жалпылама мағлұмат алады.
Табиғат байлықтарын пайдаланудағы жеке адамдардың, қоғамдардың тарихы мен маңызы
жаратылыстану пәндері бойынша биосфера және оның бӛлшектерінің жағдайы жӛнінде түсініктер
беріледі.
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қоғам мен табиғаттың бірлігі тікелей ӛсімдіктер мен
жануарларды қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік тәртіп жӛнінде білім
жүйесі беріледі.
Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға дүниетанымдық білім беру,
табиғат қорғауға тәрбиелеу тӛмендегідей міндеттерді кӛздейді.
- басты идеяларды, негізгі дүниетанымдық ұғымдарды түсіну арқылы
адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес оған ықпал жасауы;
- табиғаттың алуан игіліктерін ӛндіріс пен мәдениетті дамытудың
негізгі кӛздерінің бірі деп түсіну;
- табиғатты ұтымды пайдалануға байланысты қолданбалы білімдерді
практикалық іскерліктерді және дағдыларды меңгеру;
- табиғатқа әсер етудің оған зиян келтірмейтін, ластамайтын және
табиғи ортаға залалын тигізбейтін шектік деңгейлерін (нормаларын саналы
түрде сақтау;
- адамның табиғатпен қарым-қатынас жасауға деген рухани қажетсінуін дамыту, оның адамның жан
дүниесін байытатындығын сезінуі, табиғаттың заңдылықтарын танып білуге талпыну;
-қоршаған ортаны сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнінің әр сабағынан кейін оқушыларға табиғат қорғауға
байланысты сабақтан тыс уақытта жүргізілетін оқушыларға бақылау тапсырмасы беріледі. Барлық
тапсырма қарапайым, түсінікті, сонымен бірге бала білімін тереңдете түсетіндей болуы тиіс. Сондай-ақ
тапсырма оқушының алдағы уақытта оқыту үрдісіне қажетті жаңа деректермен толықтырылуы тиіс.
149
Оқушылардың оқыту үрдісінде алған теориялық білімдері әрбір сыныптан және мектептен тыс
жүргізілетін жұмыстарда бекітіледі, оқушылар ӛздігінше табиғатты танып, оның сырларын ұғынып,
табиғат қорғауға талпынады. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда тек дүниетану
сабағы емес, басқада пәндерді кіріктірудің маңызы зор. Мысалы математика сабағында оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда есептер мен қатар, логикалық тапсырмалар, сабақтар ӛткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |