Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал


-кесте - Ӛндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет157/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164
1-кесте - Ӛндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы 
Кӛрсеткіш 
2 012 
2 013 
2014 - 2018 
Томаттар, тн. 
125 
219 
219 
Қияр, тн. 
190 
333 
333 
Томаттың шығымдылығы, кг/м2 
22 
Қиярдың шығымдылығы, кг/м2 
33 
Қазақстан жылыжай қауымдастығының мәліметінше, елімізде 293,6 гектар ―жылыжай-жабық жер„ 
бар (2011ж) бұл ӛте аз. Салыстырмалы қарасақ әлемдегі қолданыстағы жылыжайлар ауданы, Польшада-
6000 гектар, Голландияда-10000 гектар, Туркияда-41000 гектар, Қытайда-1,5млн.гектар жер жылыжайға 
бӛлінген. 
Мың Қазақстандыққа шаққанда жабық жер аумағы 0,004 гектар құрайды, ал Испанияда бұл 
кӛрсеткіш- 1,171 гектар, Голландияда -0,610 гектар, Ресейде- 0,015 гектар, Қытайда -70 гектар (1,5млн га- 
жер аумағы) жылыжай сай келеді. 
Қазақстанда кәзіргі кезде бар болғаны 0,1 % кӛкӛніс жылыжайда 
ӛндірілсе, Голландияда бұл кӛрсеткіш 10%, Турцияда 40%. Кәзіргі таңда Қытай халқының 90%-ы 
жылыжаймен қамтылған. Осы жылыжай салумен Қытайда ―Kingpeng„ мекемесінің айналысқанына 50 
жыл болды. Осы мекеменің бүгінгі күні әлем бойынша 12 мемлекетте бӛлімшесі жұмыс істейді, олар 
Иран, Египет, Ефиопия, Ангола, АҚШ, Греция, Корея, Кювейт, Ӛзбекстан, Украйна, Филлипин, Ресей. [1]
Сонымен ауылшаруашылық дақылдарын жылыжайда ӛсірудің артықшылығы кӛп және ауа райына 
тәуелді емес, жылу мен ылғал бүкіл аумақта бірдей таралады, қоршаған ортаның зиянды әсері тимейді, 
таза сумен тамшылатып суарылады. Жылыжайда ӛсірілген кӛкӛністің сырты жып-жылтыр, далада ӛскен 
қызанаққа қарағанда әдемі. Бырақ дәмі жағынан ұтылады, күннің иісі де сезілмейді, себебі жабық жерде 
кӛкӛніс жылдам ӛнеді, құрғақ заттарды, қант пен хош иістерді азырақ сіңіреді, соған қарамастан оның 
ӛнім құрамында минералдық заттар мен витаминдер жеткілікті.[2-5]
―КазАгроҚаржы„ АҚ баспасӛз қызметінің мәліметі бойынша, 2012 жылы Қазақстанда жалпы кӛлемі 
5,6 мың тонна кӛкӛніс ӛнімін ӛсіретін 3-жылыжай шаруашылығын пайдалануға беру жоспарланған. Бұлар 
Алматы облысындағы―Green House-зеленый дом„ ЖШС, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ―Аделя„ ШҚ 
және Астана қаласындағы ―Астана ЭКО Стандарт„ ЖШС жылыжайлары.[1]
Қазіргі таңда Қазақстанда ашық топырақта ӛсірілетін кӛкӛніс ӛндірісі климаттық жағдайларға 
байланысты және бос суармалы жердің жоқтығынан шектелуде. ҚР Статистика жӛніндегі агенттіктің 
мәліметтеріне сәйкес 2003 жылдан бастап кӛкӛніске арналған алаңдар-110,2 мың гектардан 2011 жылдан 
128,7мың гектарға, ӛсім 18,5мың гектарға, яғни 16,8%-ға ӛскен, Сонымен қатар Қазақстанда ашық 
топырақта ӛсірілген кӛкӛністердің ӛнімділігі 180 ц/га, ал бізге импорттық қызанақ келетін Қырғызстанда-
189 ц/га , Қытайда-242 ц/га, Ӛзбекстанда-400 ц/га бұл кӛрсеткіш кӛрші мемлекеттерден 5%, 34% және 
122% кем ӛнім ӛндірілуде екенін кӛрсетеді. Мұның басты себебі біздегі кӛкӛніс ӛндірушілер негізінен 
майда шаруа қожалықтары, сондықтан экспортқа тәуелдіміз.[2-3] 
2010 жылы Қазақстанда жылыжайлар 184,1 гектар алқапқа орналасқан, олардың басым кӛпшілігі 
қияр, қызанақ және кӛк шӛп ӛндірісіне мамандандырылған. Олардан алынған ӛнім Республика 
тұрғындарын қанағаттандыра алмауда. Сондықтан 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 48,7% ға
артық кӛкӛніс сырттан әкелінген.
Бір ғана Шыңжан -Ұйғыр автономдық ауданынан (ШҰАА) 2011 жылы әкелінген кӛкӛніс 
экспортының жалпы сомасы $ 11,9млн-ды құрап, 6,655мың тоннаға жеткен. Осыған косымша 2011 жылы 
Европадан, Германия, Польша, Франция, Италия, Белгия, Туркия, Голландия және Даниядан ай сайын 3-5 
тонна кӛкӛніс әкелініп отырған. 
2010-2012 жылдары Қазақстанда ашық жерде ӛсірілген қызанақ пен қияр ӛндірісі тиісінше 9,7%-дан 
21,4%-ға артқан, ал жабық жерде ӛсірілген
қызанақ пен қияр ӛндірісі тиісінше 302,9% және 170,1% 
құраған. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жабық жерде ӛсірілетін қызанақ пен қияр кӛлемі 
2008 жылы 3,6 мың тонна болса 2012 жылы 58,9 мың тоннаға жеткен. 2012 жылы Қазақстанға 
импортталған қызанақ пен қияр кӛлемі тиісінше 36,2 және 19,8 тоннаны құраған. Қызанақ негізінен 
Қытайдан жеткізілген, бұл елден 18,2 мың тонна немесе жалпы импорт кӛлемінің 50%, Ӛзбекстаннан 9,5 
мың тонна-26%, Қырғызстаннан 5,5 мың тонна-15,3%, Түркменстаннан 2,3 мың тонна-6,3% ӛнім, 
Түркиядан-476 тонна, Ираннан-138 тонна импортталған. Кӛкӛніс ӛнімдерінің негізгі бӛлігі елімізге 
маусым айында әкелінеді.
Қияр дақылының кӛбі -60%-12 мың тонна Ӛзбек елінен, Қырғыстаннан-4,7 мың тонна-23,5% және 
Қытайдан -2,4 мың тонна-12,2% тасымалданған.Түркиядан-77 тонна, ираннан-114 тонна, Түкменстаннан-
567 тонна, Ресейден-16 тонна әкелінген. Астана қаласында кӛкӛніс ӛнімдеріне деген күн сайынғы 
қажеттілігі 320 тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын кӛкӛніс ӛнімі толық кӛлемде 
жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының ӛсуіне ықпал етеді. Сату бағдарламасы бойынша сату жоспары 2-
кестеде келтірілген. Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ 


214 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет