Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет155/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   164
Барлығы 
268 
250 
14 
Облыс бойынша 
357 
334 


210 
2013 жылдың шілде айында Сарысу ауданы Жайылма ауылында 17-жасар студент қызды кене 
шағып – ӛлімге ұшыраған. Студент қызды кене малды ауылда қонақта болғанда шаққан, алғашында 
дәрігерлер оны ішек инфекциясынан емдеген, алайда қан тоқтамай денесінде бӛртпе пайда болған. 
Науқаста 6-шілде күні Конго-Қырымы қанды безгек ауруының алғашқы белгілері байқалып, ертеңінде 
зертханалық тексеріс нәтижесінде бұл диагноз расталған. Ал 7 шілде (2013ж) күні сағат 23.00-де студент 
қыз Сарысу ауданының ауруханасында кӛз жұмған. Адам ӛлімі орын алғаннан кейін, тұрғындар бұл 
мәселеге айтарлықтай мән бере бастаған.
 
Кене шаққан адамдардың басым бӛлігі қой қырқымы кезінде ұшырайды. Сондықтан қойды 
қырқудың алдында оны дәрілеген суға тоғытып алу қажет. Кененің бір қасиеті, ӛсімдіктің ұшар басына 
шығып алып, жанынан ӛткен кез-келген жануар денесіне бірден қонып, жабысып алады. Оны теріден 
айыру ӛте қиын. Кенені кетірудің ең бір тиімді жолы – малды дәріленген суға тоғыту, онда мал судың 
ішіне толығымен батып, кене 100% жойылады. Суға қосылған дәрілік препарат малға ешқандай залал 
тигізбейді. Кене ӛте сезімтал жәндік, дәрінің иісін сезе салысымен жорғалап, қаша бастайды, уланбайды. 
Малды тоғытқан соң олардың үстінен бұрқырап тұрған кралиннің иісінен кене жоламайды.
Қазіргі кезде кенемен күресудің ең тиімді, арзан түрі тоғытпа салу. Облыс аудандарында тоғытпалар 
салу, ескілерін қайта жӛндеп жаңғыртуға олардың жобалық-сметалық құжаттарын жасауға жете мән 
берілмей келеді. 
Кене кең таралған эндемикалық аймақтағы тоғытпалар саны ӛте аз. Мысалы Талас ауданында бар 
болғаны 3 мал тоғыту орны бар, ал Сарысу ауданында қазіргі таңда 260 мың ұсақ мал бар, соған бар 
болғаны 2-тоғытпа жұмыс істейді. Бұлар мүлде жеткіліксіз екендігі кӛзге кӛрініп тұр. Оның үстіне малды 
жылына 3-рет дәріге тоғыту керек. 
Мойынқұм ауданында 11 ауылдың округте 4-тоғытпа бар. Осы үш аудандағы малдың санын 
ескерсек ең кемінде 18-тоғытпа керек. 
Жамбыл облысының Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарына қарасты 49 елді мекен-қазіргі кезде 
осы қауіпті –дерттің табиғи ошағы болып табылады. Бұл аудандарда 70 мыңнан астам халық тұрады. 
Облыстағы ветеринарлар әр елді мекенде бір тоғытпадан болса ғана кенемен күрес бір қалыпқа келетінін 
айтады. Сонда 49 нысан керек екен. Қазіргі кезде кенемен күрестің ең тиімді тәсілі-тоғытпаны пайдалану. 
Осы саладағы проблеманы шешудің бір жолы-ол тозығы жеткен нысандарды кәсіпкерлерге беру. 
Мысалы Талас ауданы Бостандық аулы маңындағы тоғытпаны жӛндеу қой шаруашылығына 
инновациялық –кешендік қызмет кӛрсететін сервистік орталық әр қойды 100- 120, ал қозыларды 50-70 
тенгеден тоғытпақ. Сонда Кеңес ауылдық округінде 48 мың қой бар болса, 120х48.000=5.760.000 тенге – 
қаржы туседі, егер оларды маусым кезінде 3 рет тоғытатын болсақ 17 млн. 280.000 тенге түседі екен.
Қой тоғыту – қойға қотыр түспеу үшін, сондай-ақ әр түрлі ауру тарататын кенелерге қарсы алдын-
ала 
жүргізілетін 
шаралардың 
бірі. Қойды креолин, гексахлоран, неоцидол, гексалин сияқты 
дәрілердің бірі қосылған арнайы жасалған арықтарда (тоғандарда) немесе табиғи тоғандарда 
тоғытады. Арықтың ені 0,80 – 0,90 метр, тереңдігі 1,20 – 1,50 метр, ұзындығы 15-20 метр шамасында 
болуы қажет. Үш айға толмаған қозы, буаз саулық, терісінде жарақаты бар қой тоғытылмайды. Қой тоғыту 
негізінен қойды қырқар алдында жүргізіледі. 
Бұл әдістің елеулі кемшілігі, қойды тоғыту үшін суға қосылатын дәрілердің бағасының қымбаттауы, 
қәзіргі кезде диазинон, неоцидон дәрілерінің бір литрі 6000-7000 тенгеге дейін қымбаттаған. Қойларды
ӛлшемі 1,0х1,5х20м тоғытпаны толтыру үшін қажетті 8 тонна суға 3,5-4,0 литр дәрі кететінін ескерсек, 
оған 21-22 мың тенге қажет. 
Екінші кемшілігі малы бар жеке меншік иелері малдарын тоғыту алаңдарына апармай, табиғи су 
тоғандарына, ӛзендер мен кӛлдерге апарып тоғытады. Бұл ең алдымен су кӛздерімен, қоршаған ортаны 
ластау болса, ӛзен суына щомылдырып-тоғытып алынған малдың бірде-бір паразиті жойылмайды. 
Сол себепті малдарды арнайы дайындалған дәрімен толтырылған тоғаттарға түсіру кенемен 
күресудің ең тиімді шараларының бірі болып саналады. 
Ветеринария саласында кенелермен күресудің қойды тоғытудан да тиімді әдісі бар. Ол ивермитин 
деген препарат арқылы егу жұмысын жүргізу. Екпе жұмысы ішкі және сыртқы 17 паразитке қарсы 
күреседі. Бағасы 70 теңгеден аспайды. Бір айта кетерлігі, бұл баға он жылдан бері ӛзгеріссіз 
қалған. Аталған екпені мейлінше жылына екі мезгіл жүргізген жӛн. Күзде мал қораға тұрақтайтын 
мезгілде және ӛріске шығар уақытта. Екпе қабылдаған мал тез оңалады, жазда шыбын-шіркей үйір 
болмайды.
Аталған препаратты барлық тӛрт түлікке де жүргізуге болады. Әсіресе, препараттың сиыр малында 
кездесетін оқалақ ауруына және ешкіде болатын қышыма-қотыр дертіне пайдасы зор. Себебі, ешкінің 
қышыма-қотырға шалдығуы аса қатерлі. Ол бірден адамға жұғады. Сондықтан кенеге қарсы 
қолданылатын осындай тиімді әдістерді насихатап, қолдану қажет. 


211 
Иксод кенелеріне қарсы шаралар жүйесінде ең нәтижелі және қауіпсізі экологиялық әдіс. Оның мәні 
дәрі – дәрмексіз табиғатта иксод кенелерінің ӛсіп - ӛнуіне қолайсыз жағдай туғызып, популяцияның 
әлсіретіп, азып – азаюын тездету. Кӛпшілік кене түрлері даму сатыларын табиғатта ӛткізеді. Олардың 
кӛптеген түрлері жұмыртқаларын жерге салып, балаңқұрттары сонда пайда болады. Сондықтан 
кенелерді ӛз биотобында жою тиімді әдіс. Ол үшін жер жыртып егін ексе немесе кӛп жылғы шӛптер 
ӛсірсе, олардың тіршілігіне тән жағдай ӛзгеріп, даму процесі бұзылып, кене тұқымы құриды. Ӛйткені, ол 
жердің ӛсімдік және жануарлар құрамы, кенелерге тән тіршілік жағдайы (температура, ылғалдылық
ыңғайлы орта т.б.) ӛзгеріп, ӛмір сүруге қажет мүмкіндіктер азаяды.
Халқымыздың ауыз әдебиетінде тӛрт түлікке тікелей қатысты мынандай экологиялық қағидалар 
кӛптеп кездеседі. Мысалы, «қойдың басын құмға, сиырдың басын нуға, түйенің басын сорға кӛм», 
«Жазда жайлауды же, қыста қойнауды же», «Жайылым тапса-мал семіреді», « Қонысына қарай мал ӛсер», 
«Қонысты болса тӛл семіреді» т.б, кӛптеген даналық экологиялық тұжырымдар жайлымдарды 
пайдаланудың тиімді жолдарын кӛрсетеді.
1. Жамбыл облысында бунақденелер арқылы тарайтын қоздырғыштар мен аурулардың ішінде ең кӛп 
кездесетіндері Қырым-Конго геморрагиясы, олардың қоздырғыштары арбовирустар тобына жатады. 
2.Жамбыл облысының табиғи климат жағдайы яғни жылы ауа райы бунақтылардың және кӛптеген 
қоздырғыштардың ӛсіп-ӛнуіне және кенінен таралуына қолайлы жағдайлар туғызады.
3.Қырым геморрагиясымен ауырған адам және оның туыстары оған үлкен мән беріп, дәрігерге тез 
хабарлау керек, ӛйткені бұл ауру ӛте жұқпалы және ӛлімнің пайызы жоғары. Бұл ауру адам денсаулығына 
әсіресе жүйке мен қан жүйелеріне үлкен ӛзгерістер жасайды, күні бүгінге дейін науқастан толық және тез 
сауықтыратын емдеу тәсілі жоқ. 
4..амбыл облысында кенеге қарсы қанша дәрі қолданғанымен оны толық жою мүмкін емес, дәріден 
10-15 %-ы ғана жойылады. Сондықтан кенені жоюдың ең бір тиімді жолы-малдарды дәріленген суға 
тоғыту немесе егу әдісін қолдану. 
5. Иксод кенелері тарататын ауруларды алдын алу әдістерінің тиімдісі әрбір түліктің ӛз 
ерекшеліктеріне сәйкес жыл маусымдарында кӛшіп-қонып жайлымдарды жиі ауыстырып отыру, оларға 
демалыс беру, оны дұрыс әрі тиімді пайдалануға үйретеді. 
6. Халқымыздың ауыз әдебиетінде тӛрт түлікке тікелей қатысты мынандай экологиялық қағидалар 
кӛптеп кездеседі. Мысалы, «қойдың басын құмға, сиырдың басын нуға, түйенің басын сорға кӛм», 
»Жазда жайлауды же, қыста қойнауды же», «Жайылым тапса-мал семіреді», « Қонысына қарай мал ӛсер», 
«Қонысты болса тӛл семіреді» т.б, кӛптеген даналық экологиялық тұжырымдар жайлымдарды 
пайдаланудың тиімді жолдарын кӛрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет