Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет152/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   164
Boophilus calcaratus.
Жалғыз иелі кене, барлық даму сатыларын ірі қара денесінде ӛткізеді. Басқа 
жануарларда, әсіресе жылқыда, қойда сирек кездеседі. Қолайлы табиғат жағдайында ересек кене мал 
денесінде 25-30 күн ӛмір сүреді. Ауа-райы ӛзгеріп салқындаса, олардың тоғышарлығы мен даму мерзімі 
ұзарады. Тойынған ұрғашы кене жерге түсіп, таса қолайлы ін тауып, 2-3 күннен соң жұмыртқалай 
бастайды. Қолайлы жағдайда жұмыртқадан шыққан балаңқұрт ӛзіне тән иелеріне жабылып, 4-6 күн бойы 
қоректеніп түлеп, нимфаға айналады. Нимфа сол жануардың терісіне бекіп, 5-10 күндей қан сорып, ересек 
аталық немесе аналық кенеге айналады. Балаңқұрттар 6-7 ай ӛмір сүреді. 
Оңтүстік аймақтарда қыстың жылы болуына сәйкес, кӛктемде ірі қара денесіне жабысқан кене ӛте 
қалың болады да, ал солтүстікте сол мерзімде малда бірен-сараң ғана кене кездеседі. Наурыз-сәуір 
айларында тойынған ұрғашы кенелер иесін тастап, сыртқы ортада жұмыртқалай бастайды. Малға кененің 
жаппай жабылуы екінші рет маусым-шілдеде байқалады. Тамыз, қыркүйек, қазан айларында олардың 
санының ӛсуі білінеді. Кене ареалының солтүстігінде жазғы балаңқұрттар қыстамаға кетеді, ал оңтүстікте 
олар үшінші рет малға жабылып қоректенеді. Қысқа дейін дамуын аяқтаған кенелер тӛртінші рет малға 
жабылып, тіршілік циклын одан әрі жалғастырады. 
Кене малдың пироплазмоз, франсейеллез ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды және 
оларды жұмыртқа арқылы (трансовариалды) ӛз тұқымына таратып, сақтайды. 
Boophilus calcaratus кенесі бұрынғы Кеңестер Одағы территориясы бойынша Қырымда, Краснодар 
ӛлкесінде, Каспий теңізі бойында, Қарақұмның, Түркіменияның оңтүстігінде, Ӛзбекстанның кӛптеген 
жерлерінде, Қазақстанның оңтүстік облыстары аумағында және басқа жерлерде таралған. Аталмыш кене 
түрі кӛбінесе ылғалы мол жерлерді, яғни ӛзен, су арықтары бойларын мекендейді. 
Hyalomma туысы (шыны кӛз) – сары кенелер. 
Н.аnatolicum, H.detritum, H.scupense және 
H.asiaticum кенелер түрлерінің эпизоотологиялық маңызы зор. Н.аnatolicum – үш иелі кене, Th.аnnulata, 
Th.mutans-тарды тасымалдайды. Таралуы солтүстікте, Астрахан облысының оңтүстік аудандармен, ал 
шығыста Оңтүстік Қазақстанда және Қырғыстанмен шектеседі. Теңіз деңгейінен 500м биіктегі тауларда 
биотоптары болмайды. Солтүстік ареалында биотоптары мал қораларында болады. Олар қабырғалардың 
жырықтарында, кепкен қидың астында, кеміргіштердің ұясында мекендейді. Солтүстіктегі ареалда, 
жануарларға жайылымда да, қорада да шабуылдайды. Кененің 3 даму фазасы (личинка, нимфа, имаго) 
кӛбінесе ірі қарада ӛтеді. Бір жылда кенелерде бір генерациясы ӛтеді, мамыр айынан шабуылдайды. 
Кенелерге қарсы күрес жүргізгенде ең алдымен олардың тығылатын орындарын: қорадағы 
жырықтар, саңылаулар мен тесіктері, қиларды құртады. Жануарларды акарицидтермен домдайды. 
H.detritum – екі иелі кене Th.аnnulata мен Th.mutans-ты тасымалдайды. Бұлар қорада да, жайылымда да 
мекендей береді. Кӛбінесе ірі қарада паразиттейді. Жылына бір генерация береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет