207
Жамбыл облысының
жер бедерінің 90% жазық, ал 10% таулы болып келеді. Облыстық шекара
республиканың мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келеді, ол табиғи шекара болатын – Қырғыз Алатауы
(4000 м) жотасымен ӛтеді. Облыстың шығысында Шу-Іле таулары (Айтау, 1800 м), оңтүстік батысында
Қаратау (700-1600 м) солтүстіктен-оңтүстікке бойлық бағытында созылып жатыр. Осы таулардың
тосқауылдық функциясына назар аудармауға болмайды. Оның беткейлерінде атмосфералық жауын-
шашын мӛлшері мол түседі, себебі тау беткейлері ылғалды ауа массаларын ұстап қалады. Биіктікке
байланысты ауа температурасының тӛмендеуі мен ылғалдың мол түсуінен Қырғыз Алатауының биік тау
шыңдарында тұрақты қар жамылғысы мен тау мұздықтары қалыптасқан. Осы мұздықтардан ӛлкенің су
қорын құрайтын, ірілі-кішілі ӛзендері басталады.
Жамбыл облысының солтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс шекаралары ашық, табиғи
тосқауыл болатын таулары жоқ. Солтүстігінде сәл кӛтеріңкі Бетпақ дала (300-450м) сазды шӛлі оңтүстікке
біртіндеп аласа Мойынқұм құмды шӛліне (200-300м) ұласады. Облыстың осы орталығындағы жазық
бӛлігін кейде аккумулятивті тӛмен түскен, Шу-Талас бассейні деп атайды. Облыс жерінің солтүстігінде
тосқауылсыз жазықты ашық жатуының экологиялық салдарын арктикалық суық континентальды және
Сібір антициклонының құрғақ суық ауа массаларының әсіресе, кӛктемде және күзде келуі ауыл
шаруашылық дақылдарына зиянды әсер ететін үсіктердің жүріп ӛтуіне себеп болады. Облыстың
батысындағы аласа Қаратау жоталары, Жерорта теңізінен келетін Атлант ауа массаларымен,
контенентальды тропикалық құрғақ ауа массаларына кӛп жағдайда тосқауыл бола алмайды.
Облыс жеріне түсетін атмосфералық жауын-шашынды түгелдей дерлік осы атлант мұхитынан
келетін ауа массасы әкеледі. Табиғи ортаның экологиялық жағдайына және оның ӛзгерістеріне климаттың
қосатын үлесі мол.
Табиғи ортаның тепе-теңдігінің бұзылуына Жамбыл облысындағы топырақ жамылғысының табиғи
қасиеттері де әсер етуде. Топырақтың әр-түрлі типі мен оның түрлері облыс аумағында бірін-бірі жиі
алмастырып дамыған. Территорияның 90% алып жатқан жазықтықтардың топырағы негізінен құм-сазды,
саздақты, әрі жұқа құнарлығы тӛмен болады. Осындай экологиялық қасиеті бар топырақ жамылғысы,
эрозия мен дефляцияға ӛте тез ұшырайды. Осындай табиғи құбылыстарға адамның шаруашылық
әрекеттері де кӛп ықпал жасайды.
Жамбыл облысының табиғаты жұқпалы ауру тарататын кенелердің ӛмір сүруіне ӛте қолайлы
облыстардың бірі болып табылады. Сондықтан мал санының кӛбейюі кенелер үшін тиімді қоректену
нысаны болып табылатындықтан оларға қарсы қолданылатын шаралардың тиімді жолдарын анықтау
жұмыстың ғылыми жаңалығын кӛрсетеді. Сонымен Жамбыл облысының табиғаты мен географиясы
кенелердің ӛмір сүруіне ӛте қолайлы облыстардың бірі болып табылады.
Иксод кенелері ӛмір сүру үшін климаты және жер рельефі ыңғайлы табиғи орта, қан сору үшін
қоректенетін жануарлар қажет. Олардың экологиясы мен биологиясы әртүрлі.
Жамбыл облысы мал басы санынан республика бойынша Алматы, Оңтүстік Қазақстан
облыстарынан кейінгі үшінші орынды иемденеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 3 миллионнан астам қой-
ешкі, 800 мыңға таман ірі қара тіркелген. Міне, осы жануарлардың кӛбі дерлік кенелер үшін қоректену
нысаны болып табылады. Кенелердің саны соңғы 10-15 жылда күрт ӛскен, осы жайт адам және мал
дәрігерлерін, мал иелерін қатты алаңдатуда.
Жамбыл облысында Иксода кенелерінің Boophilus туысы (бұқа сүйгіш), Boophilus calcaratus,
Hyalomma туысы (шыны кӛз) – сары кенелер, Нyalomma рlumbeum – екі иелі кене, Гиаломма азиатикум
кене түрлері кездеседі. Олардың ветеринарлық мәнділігі адам мен жануарлардың инфекция және
Достарыңызбен бөлісу: