20
А.Райымбергенов, А. Сейдімбек, П.Шегебаев және т.б.) /2;4;/. Солардың арасынан біздің зерттеу
проблемамызқа қатысты кейбіріне қысқаша тоқталып кетейік.
Т. Мерғалиев күйдің мынадай жіктемесін береді: күй-аңыз, тарихи күй, күй-арнау, лирикалық
күйлер. Т.Бекхожина сыбызғыға арналған күйді зерттеп, мынадай үш түрін ерекшелейді. Эпостық және
тарихи күй-аңыздар, жан-жануарлар туралы күй, табиғат туралы күй. Е.Айтжанов пен І. Елеусізова
тӛмендегідей түрде күйді топтастырады: мифологиялық негізгі бар ежелгі күйлер; қазақ тарихын
баяндайтын тарихи күйлер, адамның ішкі жан-дүниесін ашатын күйлер және лира-эпостық күйлер.
А.Сейдімбек ӛз зерттеулерін күй-аңыздарға арнаған. Ғылыми және тарихи фактілерге сүйене
отырып, б.з.д. V—VІІІ ғасырлардан біздің заманымыздың бүгінгі күндеріне дейінгі аралықта дүниеге
келген күйлердің толық сараптамасын береді. Ол мынадай ретпен жіктеледі:
- тарихи оқиғаларға байланысты күй-аңыздар;
- күйші-композиторлардың шығармашылығы жайлы күй-аңыздар;
- табиғат пен қоршаған орта туралы күй-аңыздар;
- тұрмысқа байланысты күй-аңыздар (мерекелер, күрестер, аңшылық, айтыс, т.б.)
- күй-арнаулар туралы аңыз-әңгімелер (ана, сүйікті жар, жақын адам, балаға, табиғатқа және т.б.)
- жан-жануарлар туралы күй-аңыздар.
Музыкалық педагогика саласында бірқатар ғылыми жұмыстарға жасалған сараптама жанрлық
жіктеуді қолдану, зерттеуде тиімді нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ете алатынын дәлелдеп берді
(М.Х.Балтабаев, Ж. Ақбарова, Р.Дүйсенбинова, Е.Қозыбаев, М.Оразалиева) /7/. Атап айтқанда,
М.Х.Балтабаев күй музыкасын жіктеуде қолданылатын тиімді нұсқа ретінде мыналарды есептейді:
отбасылық-тұрмыстық, шаруашылық, батырлық, эстетикалық, лирикалық, бейнелік.
Е.Қозыбаев Б.Ғизатовтың еңбегіне сүйеніп, жоғары сынып оқушыларына қазақ халық аспаптық
музыкасының жанрын зерттеу үшін келесілерді ұсынады: эпостық, тарихи-батырлық (тарихи-
отансүйгіштік), лирикалық, отбасылық-тұрмыстық, ғұрыптық.
Р.К.Дүйсенбинова орта мектеп оқушыларына қазақ халық әндері жанрлық жіктемесінің
тӛмендегідей нұсқасын ұсынады:
- ғұрыптық-отбасылық (бесік жыры, шаруа жайы, діни, той, жерлеу, қоштасу);
- ӛсиет-әндер;
- тарихи әндер;
- әлеуметтік қарсылық әндер.
- эпостық әндер (дастан, қисса, толғау, терме);
- айтыс;
- лирикалық әндер және т.б.
Ж.М.Акбарова орыстілді бастауыш сынып оқушыларына мынадай жанрлық жіктемені берген дұрыс
деп есептейді:
- ғұрыптық-тұрмыстық шығармалар (балалар, бесік жыры, ғибраттамалық, айтыс, тартыс);
- тарихи шығармалар (халықтың басынан ӛткен оқиғалар туралы күй мен әндер, батырлардың
ерлігі);
- эпостық шығармалар (музыкадағы ертегілер мен күй-аңыздар);
- лирикалық шығармалар (табиғат, Отан, адамдар, құстар мен жануарлар туралы).
Достарыңызбен бөлісу: