29
Содан ағылшындардың қол астындағы Стамбулға ӛтіп, бірнеше апта «Таймс» газетіне мақалалар
беріп тұрды. Шоқай 1921 жылдың жазында Парижге барғаннан кейін Түркістанның саяси және
экономикалық жағдайы туралы мақала жазуды жалғастырды. Шоқайдың мақалалары орыс, түрік, француз
және ағылшын тілдерінде әр түрлі газет-журналдарда жарияланды. Шоқай орыс тілідегі мақалаларын,
бұдан бұрын жан-жақты айтылып ӛткеніндей, босқын орыс лидерлері Кренскийдің «Діни» газеті мен
Милюковтың «Последние новости» газеттерінде жариялады. Француз тіліндегі мақалаларының басым
кӛпшілігі «Прометей» журналында, содан кейін «Ориен е Оксидан» журналында жарық кӛріп тұрды.
Ағылшын тіліндегі мақалалары болса, «Азиятик Ревью» секілді журналдарда орын алды. Осылайша
Шоқай әр түрлі журналдарда мақалалары үнемі басылып тұрған қаламгер болды.
Шетелдердегі ӛмірінің соңғы аялдамасы – Париж қаласында Мұстафа Шоқайдың саяси
шығармашылық тәжірибесінің шырқау шегіне жеткені байқалады. Оның мақалалары орыс, француз, түрік
және ағылшын тілдерінде шығатын әр түрлі газет-журналдарда басылды. Сондай-ақ, екі журналдың
жарыққа шығуына жетекшілік етті.
Мұстафа Шоқайдың студенттік жылдарынын бастап баспасӛз саласында жинақтаған тәжірибесінің
бір жемісі мақала жазу әдетін II дүниежүзілік соғыстың ең қызып тұрған күндерінің ӛзінде де тастамады.
Мұстафа Шоқай ӛз ӛмірінің ең қасіретті, ауыр күндерін бастан ӛткерген тұтқын лагерьлеріндегі
жұмыстары кезінде де естеліктері мен алған әсерлерін қағазға түсіре білді. Міне, тап осы кезеңде,
немістерге Түркістанның мәдени және философиялық қырын таныстыру үшін «Түркістан» атты мақала
жазды. Бірақ Шоқай бұл мақалаларын басып үлгерместен қайтыс болды. Осы қолжазба мақала оның
соңғы мақалалары болды.
Достарыңызбен бөлісу: