70
г) қорытындыда қысқаша жұмыс жоспарымен, істің барысымен таныстыру (не істеу жоспарлады, не
істелді, жұмыс қалай жүрді, егер бастапқы жоспар ӛзгерсе, неге байланысты ӛзгерді, бұдан да жақсы
істеуге болар ма еді т.б.); Білімгерлерге сабақты бағалау ұсынылады. Сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады
немесе не ұнамады? Жоспар іске астыма? т.б. /3/
Проект жұмысы мынандай 4 бағытта жүзеге асады.
1.
Тақырып таңдау;
Идея болу. (Бұл тақырыппен біз не істейміз, не кӛрсетеміз, қайда барамыз?)
2.
Мақсат қою. (Не үшін бұл тақырып таңдалды?, Таңдалған тақырып бойынша не біледі, не білгісі
келеді?) Қойылған мақсат анық болу қажет.
3.
Тақырыпқа, идеяға байланысты материалдар жинау, (кітапханаларға бару, қажетті жерлерге бару)
4.
Презентация (Қашан, кай жерде, және кімдер үшін екенін алдын ала хабарлап айту)
Презентацияға 15-20 минут қана беріледі. /4/
Бұндай сабақтарды бір күнде дайындықсыз ӛткізе салу мүмкін емес. Проект жұмысы әрі қызықты,
әрі материалдар кӛп болу үшін оған арнайы (кемінде екі аптадан кем емес) жеткілікті уақыт берілуі тиіс.
Дәстүрлі сабақтарға үйренген білімгерлер бір күнде проектік сабаққа ауыса да алмайды. Проект жұмысы
білімгерлерді адами қасиеттерге баулиды. Сондықтан проектік сабақтар жұмысы білімгерлер үшін:
-
ӛз бетінше жұмыс істеу, іздену;
-
шет тілін оқытушысыз қолдана алу;
-
әр түрлі сӛздіктермен жұмыс істеу, аудару;
-
топтарда, пармен жұмыс істеу;
-
жұмыс кезінде бірін-бірі қолдап, кӛмектесу;
-
басқалардың жетістіктерін бағалау;
-
бір-бірімен тіл табысып жұмыс істеу;
-
басқалардың алдында жауапкершілігін түсіну;
-
ӛз қабілетін анықтау;
-
кӛптеген техникалық құралдармен ( компьютер, фотоаппараттар, видео камералар т.б.) жұмыс
істеу;
-
түрлі бағдарламалармен (Activ Studio, FLP, PPT) жұмыс істеу болып табылады.
Проект сабақтары – бірнеше сабаққа созылатын ұзақ әрекет деп ойлауға болмайды. Сабақтардың
ұзақтығы әр түрлі, ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері бірнеше
айға созылады, кейбіреулерін мақсатына қарай бір күнде ұйымдастыруға болады. Бұндай сабақтарды
ӛткізер алдында оқытушы ұсыныс жасайды, білімгерлердің инициативасын қолдайды,
қажетті
материалдарды қайдан табуға болатынын айтып, кеңес береді, сабақтың құрылысын анықтауға
кӛмектеседі. Оқытушының рӛлі ӛзгереді. Егер ол бұрын аудиторияда барлық сұрақтарға жауап білетін
басшы, үйретуші ретінде болса, енді белгілі бір жағдайда қолдану керек әдістерді, мақсатқа жетудің
жолдарын кӛрсететін кеңесші рӛлінде болады.
XVIII ғасырдың аяғында ӛмір сүрген шведтік педагог Иоган Пестолици ―Оқыту кезінде бас, жүрек,
қол‖ бірге қатыстырылуы қажет деп айтып кеткен екен. Проектік сабақтарда ұлы педагогтің айтып кеткен
қағидасы пайдаланылады. Білімгерлер баспен ойлап, жүрекпен түсініп, қолдарымен істеген сабақтар
оларды дәстүрлі жалықтыратын сабақтардан құтқарып, еркін кеңістік ашуға мүмкіндік береді. Үлгерімі
нашар білімгерлер бір нәрсені дұрыс айтпай қалармын
деген қорқыныштан арылып, сабаққа белсене
қатыса алады. Білімгерлерге сабақтың соңғы кезеңі – презентация кезеңінде ӛз еңбектерінің жемісін кӛру
ұнайды.
Ғалымдардың есептеуінше проектік сабақтар кезінде білімгерлер алған мәліметтерінің 90 % есте
сақталады. Қытай мақалында айтылғандай, ―Мен естігенімді – ұмытамын, мен кӛргенімді – еске
сақтаймын, мен – қолмен істегенімді түсінемін‖ - білімгерлер ӛздері жүргізген сабақтарды, ӛздері тапқан
мәліметтерді естерінде жақсы сақтайды.
Проект сабақтарына тӛмендегідей сипаттама беруге болады:
1.
Оқытушы мен білімгерлердің бірге жұмыс істеуі;
2.
Топпен жұмыс істеу (пармен жұмыс істеу);
3.
Білімгерлердің белсенділігі (жоспарлайды, эксперимент жасайды, іздейді, дайындайды,
безендіреді);
4.
Басқа мекемелермен, ұйымдармен мамандармен бірге жұмыс істейді;
5.
Сабақ үстінде де, сабақтан кейін де жұмыс істелінеді;
6.
Білімгерлердің шешім қабылдауға құқығы бар;
7.
Сабақ зерттеулерге, шығармашылыққа бағытталған;
8.
Білім алу, білімгерлердің ӛз іс-әрекеттері арқылы іске асады;
9.
Ӛз қателерін ӛздері түзету арқылы үйренеді;
10.
Теория мен практика байланысты;
71
11.
Жиналған материалдар сабақтың соңы қандай болатынын анықтайды;
12.
Білімгерлер дербес, ӛз бетінше жұмыс істейді;
13.
Оқытушының жаңа рӛлі (тексерушіден - кеңесшіге);
14.
Сабақтың соңы – презентациямен аяқталады.
Проектік сабақты дайындау кезінде тӛмендегідей әдістерді пайдалануға болады:
1.
сұраунама жүргізу;
2.
экскурсияға бару;
3.
сұхбат алу;
4.
кітапханада мәліметтер іздеу;
5.
әр түрлі мекемелермен байланысу;
6.
мәліметтерді Интернеттен іздеу;
7.
эксперименттер жүргізу;
8.
мамандармен әңгімемелесу; объектілерді бақылау;
9.
мәліметтерді сұрастыру.
Тақырып бойынша табысты жұмыс істеу үшін тӛмендегідей дағдыларға машықтану қажет:
жоспарлау; таңдау; пікірлесу;пікір таластыру; дәлелдеу; шешім қабылдау; бірлесіп істеу; зерттеу;
іздестіру; жасау (қолмен); ойлап шығару; безендіру; бағалау; қорытынды шығару; құжаттандыру;
Презентацияға материалдарды тӛмендегіше дайындауға болады:
- брошюролар дайындау; плакаттар дайындау; коллаждар желімдеу; эскиздер салу;
-
карталар, кестелер, эмблемалар, декорация, схемалар салу; фотодокументтер дайындау; қабырға
газеттерін, үндеулер шығару; викториналар, фотовикториналар дайындау; кӛрмелер дайындау; мақала
жазу; репортаж жасау; бейнефильм түсіру;
хат жазу; телехабар түсіру; реферат жазу; есеп жазу; баяндама
жазу; слайдтар дайындау.
Проектік сабақ дайындау барысында қолмен атқарылған жұмыстар:
- ӛлшеу, санау, есептеу; тәжірибелер жүргізу; үлгілерді (заттардың) қолдан жасау, тігу; ӛлең айту,
билеу, аспаптарда ойнау; сурет салу, эскиздер жасау, фотоға түсіру; плакаттар жазу; материалдарды
ӛңдеу; компьютерде теру. /3/
Сабақ дайындау, жүргізу барысында пайдалануға болатын құралдар:
1.
компьютер;
2.
бейнекамера;
3.
фотоаппарат;
4.
магнитофон;
5.
микрофон;
6.
кітаптар, журналдар, сӛздіктер т.б.
Проектік сабақтың презентациясында пайдаланатын басқа интерактивті әдістерінің түрлері:
1.
жарыссӛздер;
2.
пікір таластарулар;
3.
рӛлдік ойындар;
4.
ойындар;
5.
кӛріністерді сахналау;
Проект жұмысы оқытушы үшін:
1.
кӛмекші;
2.
бірге істеуші;
3.
бағыт беруші;
4.
партнер (серік);
5.
бақылаушы;
6.
кеңесші.
Жобалау әдiсiн зерттеп ӛз теориясын ұсынған ғалымдардың бiрi П.Я. Гальпериннiң ақыл-ойдың
кезеңдiк қалыптасуы туралы теориясына сүйене отырып, шет тiлiн жобалау әдiсi арқылы оқыту жолын
тиiмдiлiкпен ұйымдастыру мүмкiндiгiнің мол екенiн анықтауға болады. /4/ Бұндай жұмыстарды атқарған
білімгерлер келешекте икемді, бейімделгіш, ізденгіш, шығармашылық ойлайтын мамандар болып шығары
сӛзсіз. Проектік сабақтарды дайындау, ӛткізу барысындағы – қол жеткізетін табыстар – қазіргі біздің
жоғары оқу орындарының алдына қойылып отырған мақсатпен – жан-жақты дамыған жеке тұлғаның
қалыптасуына кӛмектесу – мақсатымен сәйкес келеді. Сондықтан проектік
сабақтардың жастарымызға
берері мол деп есептейміз. Қорыта айтқанда, интерактивті әдістер арқылы шет тілін жетік меңгерген,
шығармашылықпен жұмыс істейтін, сыни кӛзқарасы бар, бойларында белсенді азаматтық ұстанымы,
әлеуметтік жауапкершілігі, отансүйгіштік сезімі жоғары, адамгершілік және кӛшбасшылық қасиеттері бар
болашақ маманды даярлауға әбден болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: