8 А сыныбының жетекшісі: Н.И.Калиахметова
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Тарих, экономика және құқық факультетінің 6В01601-«Тарих» мамандығының 4 курс студенті Бисенғалиев Борантайға
МІНЕЗДЕМЕ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетiнiң 4 курс студенті, машықкер Бисенғалиев Борантай 2023 жылдың 23 каңтары мен 5 мамыр аралығында Орал қаласындағы №26 жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекеттік педагогикалық сараманнан өттi. Мектеп әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен 8 «А» сыныбына тарих пәнінен сабақты беру құзыреттiлiгi тапсырылды. Сараманның алғашқы күнiнен бастап өзiн оқушыларға таныстырып, iсiне тиянақтылықпен, жауапкершілікпен қарады. Сараман алғашқы аптасында күнтiзбелiк тақырыптық жоспарымен етене жақын танысып, қысқа мерзімді жоспарды сауатты жасауды үйренiп, оқытудың əдiс – тәсiлдерiн зерттеді.
Сараман уакытында машықкер Бисенғалиев Борантай тек өзiне бекітілген сыныппен шектелiп қана қоймай, басқа да сыныптарға да әдiс тәсілдерді қолданып сабақ бере бiлдi. Сондай-ақ, оқушылармен еркiн жұмыс жасай алатындығын және жауапкершiлiгi мол студент екенiн дәлелдеді. Мінезі ашық. Машықтан өту барысында, өзiн жақсы ұстай бiлдi. Келешекте Бисенғалиев Борантай болашақ мамандығына қажеттi қасиеттердi жоғары бағалайтын, өз жұмысын жақсы атқаратын жауапкершілікті сезінетін, шебер мұғалім болатынына сенімдімін.
Тарих пәнінің мұғалімі: Р.Е.Муханбеткалиева
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Тарих,экономика және құқық факультетінің Тарих» мамандығының IV курс Бисенғалиев Борантайдың педагогикалық сараман бойынша қорытынды
ЕСЕБІ
Мен, Бисенғалиев Борантай 23.01.2023ж – 06.05.2023ж аралығында №26 жалпы орта білім беретін мектебінен педагогикалық сараманнан өттім.
Алғашқы күні, яғни 23 қаңтарда 2 студент жетекшімізбен Дюсенгалиева М.Г мектепке бардық. Біздерді мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Абдешова А.А қарсы алып, мектеп ережесімен таныстырды. Мектеп ережесімен танысып болған соң, 2 студентті таңғы ауысымға тарих пәнінен сабақ беру тапсырылды.
Сараманның алғашқы күнінде мектеп басшылығы пән мұғалімдерімен ақылдаса отырып, мен 8«А» сыныбына сынып жетекшілік және қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы пәндерінен сабақ беруге тағайындалдым. Алғашқы күні сынып жетекшісі мен өзіме тапсырылған 8«А» сынып оқушыларымен таныстым. Бұл сыныпта 10 ұл, 4 қыз бала, барлығы 14 оқушы бар. Сынып жетекшісі – Калиахметова Нұржанар Исаевна.
Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Оқушылардың сабаққа деген көзқарасы жақсы. Өз деңгейіне байланысты қабілеттерін көрсетті. Оқулықтағы берілген тапсырмаларды, үй жұмыстарын оқушылар әркім өз деңгейінде оқып, жазып, түсіндіре алады. Әрине, кейбір оқушылардың тәртібіне мұғалімдердің көңілі толмайды. Сабаққа енжар қатысатын оқушылар сараман барысында байқалмады.
Сараман барысында тарих пәні мұғалімі Муханбеткалиева Рита Ерболатовнаның күнтізбелік жоспарын пайдалана отырып, тарих пәнінен сабақ өткіздім.Тарих пәні бойынша 23.01.2023 – 06.05.2023 уақыт аралығында 8 сыныпқа тарих және дүние жүзі тарихы пәндерінен сабақ бердім. Пән мұғалімін белгілі-бір кезеңдерде алмастырып та отырдым.
Нұсқаулыққа сәйкес, 8«А» сынып оқушысы Киікбай Саянды зерттеу нысаны ретінде таңдадым.Сабаққа қатысуын,оқу үлгерімін,оқушылармен қарым-қатынасын,қызықушылығы жөнінде мәліметтер жинадым.
Тарих сабағы аптасына 3 рет, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері болды. Пән мұғалімі Муханбеткалиева Рита Ерболатовна өз ісінің шебері, білімді. Алғашқы күндері 3 тоқсанның күнтізбелік жоспарымен және тақырыптарымен таныстырды. Маған қысқа мерзімді жоспарды қалай құру керектігін және ашық сабақтарды қалай өткізу керектігін үйретті.
III-тоқсан бойы күнде сабаққа оқушыларменбірге келіп,олардың барлық сабақтарына қатысуға мүмкіндігінше тырыстым.Сынып жетекшісі Нұржанар Исавна биология пәні мұғалімі.Ол кісі жас болса да көпке бас бола алатын,педагогикалық тәжірбиесі мол,әрі оқушымен жұмыста іскерлік дағдыларын шебер пайдалага алатын ұстаз.Оның жетекшілігімен оқушылармен тәрбие сағаттарының тақырыптары аясында белсенді жұмыс жасап,сыныптан тыс шараларды өткізуде жеткілікті деңгейде тәжірибе алдым деп есептеймін.
Мемлекеттік педагогикалық сараман кезінде мен машықкер ретінде сабақ өткізудің әдістері мен формаларын меңгердім. Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің атқаратын қызметтерінің үлкен жауапкершілікті талап ететінін түсіндім. Сараман барысында тақырыптық және күнтізбелік сабақ жоспарын жасай білуді және ұжымда іс-шараларды ұйымдастыруға машықтандым. Бұл сараман арқылы мамандығыма деген қызығушылым одан әрі оянды. Болашақта сараманнан алған бар білімім кәсіби маман болуға көмегін тигізеді деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |