«Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы Мақсаты: Білімділік



Дата28.01.2018
өлшемі52,23 Kb.
#34556
«Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін толықтыру,

жан-жақты дамыту;



Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстан тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру, азаматтық -патриоттық тәрбие беру;

Түрі: сайыс сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Көрнекілігі: тақырыптық слайд, суреттер, бейне материалдар т.б.

Жүргізуші сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тарих әлеміне саяхат» тақырыбында өткелі отырған танымдық сайысына қош келдіңіздер!



ІІ. «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысымыз 4 турдан тұрады

1. «Ұшқыр ой» сұрақтарға жауап беру.

2. «Суреттер сөйлейді?».

3. «Шежірелі қалалар».

4.«Сиқырлы ой».

5.«Алтын көмбе».

Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өзінің атымен және ұранымен таныстырады, әділқазылар топтардың таныстыруын бағалайды.

І турымыз: «Ұшқыр ой» деп аталады

Әрбір топқа сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпай.



Сұрақтары:

І- топ

1.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заң қашан қабылданды?



(1991 жылы 16 желтоқсан)

2. Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)

3. "Қазақстан болашағы - қазақ елінде", "қазақ қазақпен қазақша сөйлессің" деген нақыл сөздердің авторы кім? (Н.Ә.Назарбаев)

4. Қазақстан Республикасы қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)

5. Абылай ханға Сабалақ деп ат қойған кім? (Төле би)

6. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше?



(БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ұйымы)

7. 1729 жылы Аңырақай шайқасында Абылай жекпе-жекте өлтірген жоңғар батырының есімі? (Шарыш)

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары?

(Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)

ІІ- топ

1. Абылай хан жерленген кесене? (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)

2. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күні қашан? (15 қараша)

3. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-1781 ж)

4. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)

5. Абылай ханның кеңесшісі болған "көмекей әулие атанған жырау кім?



(Бұхар жырау)

6. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

7. Тарихтың атасы кім? /Геродот/

8. Қазақстан Республикасының қазіргі әнұраны қашан қабылданды?



(2006 жылы)

ІІ турымыз «Суреттер сөйлейді?» деп аталады

Әр топқа кезекпен ұлы тұлғалардың суреттері көрсетіледі, топ осы тұлға туралы мағлұмат беруі керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.



Көрсетілген тұлғалар:

1. Төле би Әлібекұлы (1663-1756 ж)

2. Абылай хан (1711-1781 ж)-

3. Әбілқайыр хан (1693-1748 ж) -

4. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова -

5. Бауыржан Момышұлы - .

6. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров -

ІІІ турымыз «Шежірелі қалалар»

Әр топқа кезекпен Қазақстан қалалары бойынша сұрақтар қойылады.. Толық дұрыс жауап 10 ұпай, орташа 5 ұпай



Сұрақтары:

І -топ

1. Айша бибі кесенесі орналасқан қала? (Тараз)

2. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.Гагарин "Восток"

ғарыш кемесімен ғарышқа қай жерден аттанды? (Байқоңыр)

3. Алаш автоаномиясының астанасы болған қала? (Семей)

4. Қазақтар қай қаланы Қызылжар деп атайтын? (Петропавл)

5. Негізі 1640 жылы қаланған Гурев қаласының қазіргі аты? (Атырау)

6. Ғалымдар бұл қаланың атауын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала" деп түсіндіреді? (Шымкент)

7. Қазақ ақындары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин жыр арнаған қай қала?

(Көкшетау)

8. Мұғалжар тауының оңтүстік батысында орналасқан Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас қала? (Ақтөбе)

9. Үшінші алтын киімді адам табылған аудан? (Зайсан)

10.1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі қазіргі таңда қай қала? (Алматы)



ІІ-топ

1.Қ.И.Сәтбаев 1942 жылы осы өңірде мыс кен орындарын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды? (Жезқазған)

2. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп аталған қала? (Ақтау)

3. 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала? (Қызылорда)

4. 1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмірін тапқан қала? (Қарағанды)

5. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин дүниеге келген өңір? (Қостанай)

6. 16-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан)

7. Қазақстанның түсті металлургия орталықтарының бірі болып саналатын қала? (Өскемен)

8. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" кесенесі орналасқан өңір? (Аягөз)

9. Жасыбай көлі, Баянауыл тауы орналасқан өңір? (Павлодар)

10. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атағын алған қала? (Астана)

IV тур «Сиқырлы ой»

Бейнефильмдерге назар аудара отырып, қойылған сұрақтарға шапшаңдық танытып жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпай.



Сұрақтар:

1.Неліктен Ұлы Жібек жолы деп аталған?

(Керуен, сауда –саттық жолы)



2. Бұл қай күй, күйдің авторы және осы күйді орындаушы кім? ("Адай" күйі, авторы Құрманғазы Сағырбайұлы, орындаушы Асылбек Енсепов)

3. Бұл фильм қай шығарма негізінде түсірілген, қандай оқиғаны қамтиды және фильмде қазақтың қандай тұлғалары сомдалған? (Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романы, Абылай хан, Әбілқайыр хан)

4. Бұл қай күй және осы күйдің шығу тарихы туралы аңызды айт?

5. Бәйгетөбе қорғаны Қазақстанның қай өңірінде орналасқан, бұл қорғаннан нешінші "Алтын адам" табылды және бесжұлдыз ненің белгісі?

(Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті жазығы, биліктің белгісі, яғни бұл қорғанда патша жерленгенін дәлелдейді).



V тур «Алтын көмбе» топтарға тапсырма беру.

Берілген тапсырма арқылы топтастыру арқылы баяндау.



І-топ: Қазақ батыры: Қабанбай батыр

ІІ-топ:Қазақ билері: Төле би

ІІІ. Ойынды қорытындылау.
Каталог: uploads -> doc -> 0528
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0528 -> Сабақтың тақырыбы Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары Сағ саны Мерзімі Оқытуда қолданылатын
0528 -> Сабақтың тақырыбы: «Әбілхан Қастеев»
0528 -> І. Ұйымдастыру кезеңі
0528 -> Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш Сабақтың мақсаты: Баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет