Тарих факультеті



Дата22.09.2023
өлшемі15,66 Kb.
#182061
Байланысты:
Олжас Мінездеме


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тарих факультеті
5В020300 – «Тарих» мамандығының 4 -курс студенті Емберген Санияға


МІНЕЗДЕМЕ

Емберген Сания Молдабайқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих факультетінің «5В091000» – Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығының 4- курс студенті болып табылады.


2018 оқу жылында факультет студенті атанып, ол университет қабырғасында өзін өте жауапты, шығармашылыққа бейім және білімге талпынған студент ретінде көрсете білді. Емберген Сания өз ортасындағы студенттермен және профессор-оқытушылармен жақсы қарым қатынаста. Университет қабырғасында оқи жүріп, сабақ барысында тек белсенді ғана емес, аса жауапкершілікті студенті болды. Айналасындағы суденттерге қамқорлық таныту, берілген жұмыстарды жауапкершілікпен атқару, факультет және кафедра тарапынан берілген жұмыстарды өз уақытында орындау мүмкіндігін ерекше атап өтуге болады.
Емберген Сания университетте өткізген төрт жыл ішінде оқу үлгерімі үздік студенттер қатарында болды. Оқудан бөлек қоғамдық шараларға белсенді түрде қатысты. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, берілген тақырыптар бойынша баяндамалар жасады. Шығармашылықпен айналысып, өлеңдер оқуды дағдыға айналдырған.
Емберген Санияны кәсіби және ғылыми салада өзінің талантын ашуға қабілетті студент ретінде бағалаймын. Қазіргі таңда «Кітапхана қорларын консервациялау және реставрациялау: мәселелері мен болашағы» атты дипломдық жұмысын өз мерзімінде аяқтап отыр. Диплом жұмысын жазу барысында берілген сын-ескертпелерді өз мерзімінде орындап, тиянақты жұмыс атқара алды. Болашақта Емберген Сания республикамыздың жас мамандарының қатарына қосылып, еліміздің көркеюі мен дамуына үлес қосады деп сенім артамыз.

Тарих, факультетінің деканы


т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Д.С. Байгунаков


Қазақстан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т.ғ.д., профессор Р.С. Мырзабекова


Ғылыми жетекші: т.ғ.д.,
қауымдастырылған пофессор Г.Е. Асанова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет