Тарих, география апталығы
7 желтоқсанда Кенащы орта мектебінде тарих, география пәнінің апталығы басталды. 1-9 сынып оқушыларына «Тарихты жазуда мемлекеттік мүдде мен тарихи шындық ескерілуі қажет» атты баяндама оқылып, кеңінен түсіндірілді.
«Біз кімбіз?» деген сауалға толыққанды жауап алмай тұрып, ұлттық мемлекеттің ірге тасын қалай алмаймыз.Соңғы жылдары Отан тарихының деректанулық негіздерімен, оның теориялық және әдістемелік мәселелерімен арнайы айналысу бағытында Қазақстанда біраз жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен тарихи деректерімізді іздеп тауып, жинауға, сақтауға және зерттеуге бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, Үкіметің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 қаулысымен Ұлттық археография және деректану орталығы ашылды. Баяндамада ауқымды, өзекті мәселелер сөз болды.
Апталықта сыныптан тыс интеллектулды ойындар, ашық сабақ көрсетіледі.
«ТАРИХ. ТАҒЫЛЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК» АТТЫ 7-12 ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН ТАРИХ, ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
№
|
Өтілетін іс-шаралар
|
Қатысатын сынып
|
Уақыты
|
Жауапты
|
1
|
Ашылуы. Баяндама. «Тарихты жазуда мемлекеттік мүдде мен тарихи шындық ескерілуі қажет»
|
1-11
|
7.12.2015ж
10.35
|
Әбілда Н.И.
|
«Сен еліңнің тарихын білесің бе?» интеллектуалдық ойын
|
5-6
|
7.12.2015ж
15.35
|
Әбілда Н.И.
|
2
|
Интеллектуалдық ойын. «XXI ғасыр көшбасшысы»
|
6-9
|
08.12.2015ж
15.30
|
Әбілда Н.И.
|
3
|
Сыныптан тыс іс-шара. «Ел ертеңі-білімді ұрпақ»
|
7-9
|
09.12.2015ж
15.35
|
Әбілда Н.И.
|
4
|
Ашық сабақ. «Көшпелі мал шаруашылығы»
|
6
|
10.12.2015ж
10.35
|
Әбілда Н.И.
|
5
|
Дебат. «Қазақстандағы тіл мәселесінің шешілуі»
|
8-9
|
11.12.2015ж
15.30
|
Тіл мұғалімдері, Әбілда Н.И.
|
6
|
Марапаттау. Апталықтың жабылуы
|
5-9
|
12.12.2015ж
15.30
|
Әбілда Н.И.
|
Тарих, география
пәнінің мұғалімі: Әбілда Н.И.
Достарыңызбен бөлісу: |