Тарих indd


Орта ғасыр тарихшылары және олардың аудиториясы



бет29/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Орта ғасыр тарихшылары және олардың аудиториясы


Орта ғасыр тарихшылары шынайы тарихшылар емес еді. Кейде бұл катего- рияға епископтар мен монахтық қауымдардың өкілдері кірді. Монастырьлық та- рихшылар шамамен алғанда 1000 жылы ерекше белсенділік танытады. Әсіресе бенедиктікмонастырьлардатарихтыжазудәстүріқарқындыдамыды,алайдаклю- нийлік монахтар бұған аса сақтықпен қарады. Монастырьлық скрипторийлерде
80 ТӨРТінШі ТАРАу

жазылған тарихи шығармалар көптеген адамдардың қажырлы еңбегінің нәти- жесі ретінде ортағасырлық тарихи эрудицияның жемісті жетістіктері саналды. Француздың Сен-дени және ағылшынның Сент-Олбанс аббаттықтары сияқты монастырьлар соңғы орта ғасырларда да тарихты жазудың маңызды орталық- тары болғанына қарамастан, хііі ғасырда монастырьлық тарихнамашылардың мәртебесі төмендей бастады. хііі ғасырда пайда болған францискалықтар және доминикалық кедейленген ордендердің мүшелері тарихи шығармаларға жаңа серпін әкелді. доминикалықтар қысқаша нұсқаулықтарды және барлық білім- ге қатысты көлемді энциклопедияларды жазуға ерекше қабілетті болды. Фран- цискалықтар әдеттегідей сауаты төмен қала тұрғындарының алдында уағыз айтумен айналыса отырып, тақырыпты, баяндау тілін, әсіресе деректерді сынау тәсілін таңдау мәселелерінде алдыңғы кітаби дәстүрден ауытқи бастайды. Мо- настырьлық тарихи шығармалардың тақырыбы өз тарихына деген қызығушы- лық аясынан шығып кетті. Монахтардың жазған туындылары корольдік және билеуші әулеттердің даңқын дәріптейтін саяси-идеологиялық сипаттағы шы- ғармаларға айналды. Тарихи шығармалар өткенге деген қызығушылықты қана- ғаттандырып қана қоймай, сонымен қатар саяси-идеологиялық және құқықтық прагматикалық қызметтерді де атқарды. Жылнамалар мен анналдар монас- тырьлық әрі епископтық кафедралардың шаруашылық және саяси құқықтарын құжаттамалық тұрғыда бекіту, билеуші әулеттердің тарихи құқықтарын өздері құрған мемлекеттер мен саяси құрылымдардың шеңберінде растау ретінде де қолданылды.


Тарихшының басты мақсаты шындықты анықтау болғандықтан, тарихи шы- ғарманы жазу маңызды әрі жауапты іс деп қабылданды. Авторлар тарихты жазу- дағы өз жұмысын «аса ауыр іс» деп атады. Мысалы, бұл анықтама өз жұмысының түрлі кезеңдерін сипаттаған гиралдус Камбрензистің (гиральд Камбрейский, 1147–1223) тарапынан үш мәрте тілге тиек етілген еді. Шынайы еңбекті жазудың маңызды шарты, ең алдымен, кең ауқымды дәйекті деректерді жинау болып са- налады. Жекелеген ақпараттық деректердің сапасы бірдей болмады. Сол себепті оларға толықтай сенім арту мүмкін емес еді. Тарихшылар өз көздерімен көр- гендерін егжей-тегжейлі баяндады. дегенмен сол заманның куәгері бола тұра, оқиғаларды сипаттау барысында авторлар тек жеке бақылауларымен және әсер- лерімен ғана шектелмеді. Шынайылық деңгейінің тағы бір ақпараттық дерегі оқиғаларды өз көздерімен көрген адамдардың куәліктері болып саналады. Олар оқиғаны баяндауда абсолютті шындықтың анық-қанығына жете бермейді. Жиі тілге тиек етілетін «сенімді адам» (яғни сенім артуға болатын куәгер) анықтама- сы оқырмандар алдында өзге адамдардан жазылып алынған хабарламалардың нақтылығына куәлік беру үшін қолданылды. Жеке естеліктердің басты кемші- ліктері – қысқамерзімділігі және бір ұрпақтың ғұмырынан аспайтын – 30 бен 50 жыл шамасындағы өткен кезеңді ғана қамтығаны. Куәгерлердің жеке куәлік- терінен бөлек ұжымдық, қоғамдық жады да есепке алынды. Олар – адамдардың қауесеті, алыпқашпа әңгімелер мен аңыздар. Жүзжылдық мерзімі бар бұл мәлі- меттер анағұрлым сенімді куәліктерден бөлек қарастырылды. Жүзжылдық меже кейде «көне» және «жаңа» уақыттардың шекарасы ретінде анықталды.
Орта ғасыр тарихшылары үшін көне заман нақты ақпараттарды тек жазбаша ескерткіштерден ғана алуға болатын кезең ретінде саналады. Ауызша хикаяларға,
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 81



аңыздар мен эпикалық жырларға байланысты пікір біржақты болмады: тарихшы- лар оларда сақталып қалған ақпараттардың белгілі бір бөлігінің ғана шынайылы- ғын мойындап, жазбаша дәстүрдің артықшылығын айрықша бағалады. Ауызша хикаяларға өткен кезеңнің бейнесін қалпына келтіру үшін сілтеме жасайтын өзге материалдар болмаған кезде ғана сүйенген еді.
Жазбаша ескерткіштердің ішінде жергілікті архивтерде жинақталған құжат- тамалық деректер мен алдыңғы буын өкілдерінің тарихи шығармаларына ерек- ше назар аударылды. Құжаттармен жұмыс жасау айрықша дағдыларды, атап айтар болсақ, ең алдымен, шынайы ескерткіштерді жалғанынан ажырата білуді талап етеді. Құжаттамалық куәліктердің шынайылығын анықтау тек түпнұсқаны тексеру нәтижелерімен ғана емес, тарихи ақиқатты құбылыс ретінде қабылдау барысында да жүзеге асырылды. Сондай-ақ шынайылық ұғымын әділдік ұғы- мынан ажыратуға болмайды, сол себептен ешбір күмән тудырмайтын құжаттар шынайы тарихи куәліктер ретінде қолданылып келді. Мұндай жайт бұрмалау- шылар белгілі бір қауымдастықтың тарихи беделіне сүйене отырып, өздерінің талаптарын бекітуге тырысқан кезде орын алған еді. Ал тарихшылар болса, осы қауымдастықтардың өкілі әрі қорғаушысы болды. Жылнамалар мен анналдар- дың авторлары кейде осы тәрізді жалған дүниелерді еңбектеріне енгізіп еді.
Орта ғасыр тарихшылары үшін архив негізгі дереккөз болмады. Олар жаз- баша дәстүрді, ізашарлардың еңбектерін алмастыра алмады. Ортағасырлық Еуропадағы жүздеген томдық туындылары бар ірі кітапханалар санаулы әрі қолжетімсіз болды. Әдетте оларда жаңа тарихи шығармалар болмады. Зерт- теуші замандастарының ішінде тағы кімдердің тарихпен шұғылданатынынан толықтай бейхабар болып, оқшауланған жағдайда жұмыс істеді. Бұл мәселе ке- йінгі орта ғасырда кітапханалар желісінің кеңеюімен біртіндеп өзгере бастады. Алайда тарихшылар көптеген құнды жаңа шығармалармен XV–XVI ғасырлар- дың аралығында кітап басып шығару ісінің дамуы тұсында ғана таныса алды. Өз ісіне тиянақты автор әрдайым іздене отырып жұмыс істеді. ізденіс барысын- да көптеген кедергіге тап болды. Қажырлы еңбекпен жинақталған мәліметтер- ді сыни тұрғыдан пайымдау жағы кемшін болып, ол көбінесе формалды түрде жүргізілді. Бұл жағдай өткеннің фактілеріне ғана емес, деректер мен ақпарат- тарға да тән болды. Ортағасырлық жазбаша шығармалар олардың шынайы- лығы мен дәлдігі тұрғысынан нақты иерархиялық жүйемен орналастырылды: олар беделді, сенім артуға тұрарлық және күмәнді болып бөлінді. Жекелеген ескерткіштер сенім артуға лайықты, беделді шығарма мәртебесіне ұзақ уақыт қолданылу дәстүрінің негізінде ие болды. Сондай-ақ олардың авторларының абыройы мен діни әрі моральдық пайдалылығын мойындау маңызды крите- рийлердің бірі болды.
деректің шынайылығын мойындау тарихи шығарма авторының оны еркін пайдалануына (еркін баяндау мағынасында) рұқсат беріледі дегенді білдірмей- ді: тек мәтіннің сөзбе-сөз қайталануы ғана қателіктер мен бұрмалаушылықтар- дың болмауына кепілдік береді. Кейде жазушылар анналдардағы жазбаларға ұқсас қысқа тарихи куәліктерді ғана пайдалануға тырысты. Бірқатар орта ға- сыр авторлары өздерінің еңбектерінде алдыңғы буынның тарихшысы жазған жалғыз мәтінге ғана сілтеме жасады. Басқалары өткен заман туралы көптеген баяндаулардың негізінде өздерінің шығармаларын құрастырды. Ортағасырлық
82 ТӨРТінШі ТАРАу

«тарихтар» өзінің құрылымы мен мазмұны жағынан компилятивті шығармалар болды. Ол, өз кезегінде, гуманистік тарихнаманың тарапынан сынға ұшырады және орта ғасыр тарихнамасының интеллектуалдық құндылығының төмендігі туралы таптаурын түсініктерді қалыптастырды. Бұл сын – анық анахронизм; ол тарихи контекст пен ортағасырлық тарихшылар жетілдірген ережелерді есепке алмайды.


Тарихнамаға латын ойшылдарының білімі мен әдеби дәстүрі айрықша ықпал етті. «Білімділер» қатарындағы барлық өкілдер жүріп өткен ортағасырлық латын мектебі кейбір мәтіндерді, ең алдымен, библиялық мәтіндерді зерттеуге және олардың даусыз беделін мойындауға негізделген еді. Осындай жолмен алынған білім айтарлықтай дәрежеде таптаурын бейнелер мен әдеби формулалардың жиынтығымен шектелді. Сондай-ақ библиялық экзегезаның интерпретацияның әдісі ретіндегі әмбебап маңызы туралы да естен шығармаған жөн. Библия белгілі бір діни әрі моральдық ой-пайымдарға негізделген ұқсастықтардың қайнар көзі ретінде қарастырылды. нақты тарихи оқиғаларды ой таразысынан өткізудің кез келген әрекеті міндетті түрде библиялық ұқсастықтарды іздеп табу талпынысын тудырды: оларды табу арқылы фактілерге шынайы мән-мағына беруге ұмтыл- ды. Тарихи шығармаларда Библияның стилін пайдаланудың екі түрлі салдары болды: әдеби-риторикалық және тұжырымдамалық.
Тарихшы тарихи оқиғалар немесе кейіпкерлер туралы баяндай отырып, да- йын риторикалық қалыпты – әдеби формулаларды, бейнелерді, ұғымдарды қолданды. Тура және жанама сілтемелер, библиялық реминисценциялар шына- йылықтың типтелуіне, оның әдеби тұрғыдан библиялық модельдерге ұқсауына алып келді. Шынайылықты қасиетті прототиппен салыстырудың бұл процесі тек риторикалық деңгеймен ғана шектеліп қалмады, библиялық оқиғаларды бүкіл адамзаттың кейінгі тарихының бейнесі ретінде қабылдады. Формалды түрде болса да, өздері өмір сүрген уақыттағы кейіпкерлердің бойынан библиялық про- тотиптердің үлгілерін тапты. Мұндай типтендіру ортағасырлық тарихи ойдың әмбебап әдісіне айналды. Әрбір опасыз адам міндетті түрде иуда болып, бауы- рын өлтіруші Қабыл болып суреттелді. Сенім жолын берік ұстанғандар христос- қа, библиялық пайғамбарлар мен әулиелерге ұқсатылды.
Тарихнама халықтың тарихи жадысын ешқашан бейнелеген емес және оны нақты түрде қалыптастырған да жоқ. Ол халық жадысының кездейсоқ рудимен- тін (мифтерін, хикаяларын, өлеңдерін) сақтай алды. Бірақ тарихи сана және онда көрініс тапқан тарихтың жалпы бейнесі адамдардың шектеулі бөлігі, ең алды- мен, білімді дін қызметкерлерінің қатарындағы аз топтың ғана үлесінде қала берді. Тарихнаманың қоғамның мәдениеті және өміріндегі функциялары мен маңызын оқырман қауымдағы жеке шығармалардың танымалдығы әрі олардың мазмұны арқылы бағалауға болады: біржақтылық, тарихи-идеологиялық құры- лымдардың жиынтығы. Сонымен қатар тарихи материалдарды жеткізе білу тә- сілдері формаларының варианттылығы мен заңдылығының даму факторлары да – назар аударуға тұрарлық дүние.
Тарихи шығармалар адамдардың бос уақыттарында көңілдерін көтеріп, олар- дың танымдық қызығушылықтары мен құлшыныстарын қанағаттандыруға тиіс болды. Бұл функциялар тарихи шығармаларды әдебиетпен, оның ішінде белле- тристикамен жақындата түсті. дауыстап оқуға арналған ортағасырлық тарихи
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 83

шығармалардың көпшілігі ұйқас пен ырғаққа құрылған. Тарихи сюжеттерді пай- даланған тарихи шығармаларды басқа да әдеби жанрлармен сабақтастырған ры- царьлық батырлық эпостар, рыцарьлық және авантюралық романдармен қатар, оқырманды бірден баурап алатын қызықты әрі қарапайым баяндалу үлгісі де жекелеген мәтіндердің кең көлемде таралуына ықпал етті. Түрлі үлгідегі белгілі тарихи шығармалар оқырман қауымның арнайы интеллектуалдық дайындығын талап етпеді, сонымен қатар олардың әлеуметтік мәселелерін, соның ішіндегі ең маңыздысы болған өзіндік әлеуметтік сананы қалыптастыру қажеттіліктерін қанағаттандырды. Соңғысы айтарлықтай дәрежеде тарихи ұқсастықтан – шығу тегі мен өткеннің батырлық дәстүрі туралы мифтердің жиынтығынан алынды.


Күрделі әрі іргелі тарихи еңбектерді тек білімді дін қызметкерлері мен оқы- мысты адамдардың аз тобы ғана оқыды. Олар бұл шығармаларды танымдық қызығушылықтарының негізінде немесе нақты шіркеулік әрі саяси институт- тардың тарихын терең зерттеу мақсатында зерделеген еді. Мұндай шығармалар аз көлемде қолжазбалық көшірме түрінде сақталған. Ал олар белгілі бір қауым- дастықтардың шеңберінде ғана таралды. Бұлардың қатарына көптеген монас- тырьлық жылнамалар мен анналдарды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген – билеуші әулетті дәріптеген және халықтың саяси тарихын зерделеуге арналған шығармаларды жатқызамыз. Соңғыларының қатарында тарихи-саяси және сая- си-теологиялық ойдың құнды ескерткіші саналатын отыз бесінші тізімде сақ- талған Мэлмсберийлік уильямнің (уильям Мальмсберийский, 1090/1096–1142)
«Англия корольдарының іс-әрекеттері» (шамамен 1125) еңбегін, отыз сегізінші тізімде сақталған Фрайзингендік Оттоның «Жылнама» еңбегін атап өтуге бола- ды. Аталған екі шығарма Англия мен Оңтүстік германияда жазылса да, қос мем- лекеттің аумағында кең көлемде таралмаған еді.
Көптеген тарихи шығармалардың аймақтық деңгейде таралуы ортағасырлық қоғамдағы тарихи сананың маңызды ерекшеліктерін көрсетеді. Тарихқа деген қызығушылық прагматикалық және функциялық сипатта болды: оның маңы- зы ретінде нақты бір қауымдастықтың саяси өзіндік бірегейлігін атауға болады. Өмірдің саяси әрі әлеуметтік тұйықталу процесіне тарихи партикуляризм сай келді. «Менікі» деп қабылданған тарих қана қауымдастықтардың назарын ау- дарды.
Ортағасырлық қоғамның саяси және институттық құрылымының өзгеріс- ке ұшырауы тарихнамалық шығармалардың формаларының дамуында көрініс тапты. Тарихнама ерте орта ғасырлар дәуірінен хі–хіі ғасырларға дейін халық- тың этностық қауымдастық ретіндегі тарихын жазу міндеттерін жариялағаны- мен, корольдік және императорлық биліктің тарихын жазумен ғана шектеліп келді. Кейінгі жүзжылдықтарда тарихшылар жекелеген епископтықтардың, монастырьлардың, қалалардың, аумақтардың, әулеттердің тарихын жазуға бе- йімделе бастады. Еуропалық тарихнаманың дамуындағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде олардың өз ана тілдерінде еңбек жазуға талпынысын атауға болды. Өткен кезең биліктің легитимдігінің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Соны- мен қатар оның әлеуметтік интеграциялық функциясы – ұжымдық бірдейлікті қалыптастыру, жекелеген әлеуметтік әрі аумақтық қауымдастықтарды бірікті- ру мәселесі барған сайын айқын біліне бастады. Өткенін зерделеп және «тари- хи тамырлары туралы мифті» қалыптастыра отырып, ортағасырлық ақсүйектер
84 ТӨРТінШі ТАРАу

өздерінің ертедегі ерліктері, рыцарьлық этиканың негізіне айналған еркіндік пен діни еңбектері туралы аңыздарды дүниеге әкелді. Тарих ақсүйектерге ко- рольдар мен аумақтық билеушілердің биліктеріне қарсы тұратын күшке айнал- ған топтық ынтымақтастықтың нормаларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ең алдымен, италиядағы қалалық коммуналар өткеннен сабақ ала отырып, өз- дерінің әкімшілік әрі саяси дербестігінің қалпына келтірілуін талап етті.


Латын тарихи шығармаларының, сондай-ақ Ұлы Карл, римдіктер мен троян- дықтар туралы түпнұсқа мәтіндердің алғашқы ежелгі француз аудармаларының пайда болуы француз королі Филипп Августтың белсенді түрде жүргізген орталық- тандыру саясатының нәтижесінде өздерінің әлеуметтік позицияларының біраз бөлігінен айырылып қалу қаупімен бетпе-бет кездескен фландриялық ақсүйек- тердің тарапынан қарсылық тудырған болатын. Осы шығармалар ақсүйектердің әлеуметтік беделі мен саяси автономиясының есебінен күшеюді көздеген монар- хиялық билікке қарсы жасырын қарсылықты білдірді. Бұл әлеуметтік топтың та- рихи ұлылығы мен құдіретінің бейнесін қалыптастыра отырып, аристократияның теңдессіз рөлі мен қажырлы еңбегін растайтын дәйекті дәлеліне айналады.
Ежелгі француз тарихи прозасының пайда болуы аристократиялық оппози- цияның тәжірибелік міндеттерін ғана көрсетіп қойған жоқ. Бұл зайырлы қауым- дастықтардың өзіндік артықшылықтарға ие болған бөлігінің тарихи санасында нағыз революцияның орын алғанын айғақтайды. Бұл революция тарихи жады- ның анағұрлым рационалды және жүйелі сипат ала бастаған жалпы құрылым- дарының өзгеруімен байланысты болды. Ол ғылыми латыннан халықтық тілге ауысудан, поэзиялық формадан прозалық формаға ауысудан, ауызша дәстүрден жазба дәстүрге көшуден анық көрінді. дегенмен процесс барысындағы жетекші рөл король билігіне тиесілі болып қала берді.
Тарихнаманы монархиялық үстемдікті нығайтудың саналы әрі мақсатты түр- де бағытталған құралы ретінде пайдаланудың алғашқы әрі анағұрлым жарқын мысалын француз Капетингтердің бастамасынан байқаймыз. хііі ғасырдың соңында негізі Ұлы Карл дәуірінен бастау алған алдыңғы буын өкілдерінің та- рихнамалық дәстүрінің баға жетпес ескерткіштерінің жинағы – «Француздардың үлкен жылнамасы» (1274) еңбегінің алғашқы редакциясы жасалды. Ежелгі фран- цуз тілінде құрастырылған бұл теңдессіз компиляцияның басты бағыты король әулеті мен ол басқаратын халық және мемлекеттің мәртебесін негіздеу болып саналды. Франция тарихының кезеңдері жылнамаларда тікелей сабақтастық ар- қылы байланысты болған Меровингтер, Каролингтер, Капетингтер әулеттерінің ауысуымен анықталады. Сонымен қатар жылнамаларда корольдар үшін ғана емес, сондай-ақ ұлттық тарихтың белсенді қатысушысы ретінде сипатталған ақ- сүйектерге де назар аударылды. Алайда олардың мемлекеттік басқарудағы орны шектеулі ғана болды.
Тарихнама орта ғасырлардың соңына қарай өзіне тән теологиялық, діни-тағы- лымдық және құқықтық т.б. әртүрлі функцияларын жоғалта бастайды. Ол барған сайын, бір жағынан, әлеуметтік және саяси бірегейліктің, екінші жағынан, ұлттық интеграцияның қайнар көзіне айналды. Осы арқылы бір уақытта білімді адамдар- дың ортасында тарихқа деген жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Өткенге деген қызығушылық христиандық теология мен саяси легитимация мақсаттары үшін прагматикалық пайдалылыққа тәуелді емес дербес құндылыққа ие болады.
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 85





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет