Тарих indd



бет26/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
репина док

ОРТА ҒАСЫР ТАРИХНАМАСЫ


Кімде-кім өткеннің тарихын жазса, сол киелі Рухтың оған бұйырғанын айтады немесе, ең алдымен, өз кезеңі туралы баяндайтын ежелгі авторлардың беделіне сүйенеді.




Лоренцо Валла


Тарихтың христиандық концепциясы


Орта ғасырдағы тарихи шығармалар өзінің тақырыбы мен жанры бойынша өте көп әрі алуан түрлі болып келеді: олар анналдар, жылнамалар, биографиялық және автобиографиялық туындылар, жекелеген зайырлы әрі шіркеу қауымдас- тықтарының тарихы, билеушілер мен ақсүйектер әулеттерінің шежіресі. Өзінің тарихи мән-мағынасы мен қызметі жағынан ол агиографиялық (агиография – әулиелердің өмірі мен қызметін зерттейтін сала. – Ред.) шығармаларға ұқсас: бұл шығармаларда тек әулиелердің өздері туралы ғана емес, сондай-ақ олардың көзі тірі кезінде тығыз байланыста болған және қайтыс болғаннан кейін де олар- ға тиесілі болатын қауымдастықтар мен елді мекендер тарихының анағұрлым ауқымды очерктері сақталған. Әлеуметтік жадыны сақтаудың арнайы формасы өмірден өткендерді еске алудың әдеби тәжірибесі болды: жыл сайынғы тұрақ- ты рәсімдерде әлеуметтік топтар (отбасылар, рулар, монастырлық қауымдар т.б.) өткен мен бүгінгінің сабақтастығы және бірлігі идеясын қолдай отырып, өзде- рінің бабалары мен алдыңғы буынның көрнекті өкілдерін еске алатын. Тарихи шығармалардың мақсатын түсінуде орта ғасыр авторлары көбінесе антикалық дәстүрдің жалғастырушылары болды. Олар сенім артуға тұрарлық куәліктер мен түсініктемелер арқылы нақтылығы мен шынайылығы расталған оқиғаларды адал ниетпен тіркеп отырды.
Орта ғасыр тарихшылары, антикалық ізашарлар секілді, өткенді тарихи (бұл сөздің қазіргі мағынасында) тұрғыдан қабылдауға дайын болмады. Өткен бүгінгі- ні тудырды, алайда мәні жағынан одан айырмашылығы бола қоймайды. Оқиғалар мәні мен адамдардың іс-әрекеттері авторлар үшін заманауи әлеуметтік шындық- тың себептерімен де түсіндірілуі мүмкін еді. Алдыңғы буын өкілдерінің тәжіри- бесі адамдарға жол көрсетіп, бағыт-бағдар сілтеп, оларды қателіктерден сақтан- дырды, тіпті шынайылық пен іс-әрекеттердің тәжірибелік нұсқаулығы ретінде қабылданды. Ортағасырлық өнерде өткен заманның адамдарын өз уақыттары үшін қалыпты саналған күйде бейнелеу дәстүрі болған еді. Олар барлығына үйрен- шікті үлгідегі киімдермен, шаш үлгілерімен, күнделікті өмірдің нышандарымен
70 ТӨРТінШі ТАРАу



бейнеленген. Бұл сыртқы белгілер бүгінгі күн зерттеушілерінің тарапынан тарихи сананың принциптік анахронизмінің куәсі ретінде қарастырылады.
Орта ғасыр авторлары антикалық тарихшылардан кейін өткен кезеңді оқи- ғалардың қайғылы немесе бақытты сәттеріндегі типтік жағдайларын анықтай- тын, мінез-құлықтың лайықты не лайықсыз үлгілерін көрсететін мысалдардың қазынасы деп қабылдады. Өткен дәуір мораль мен этика категориялары бойын- ша пайымдалып, өнеге мен өсиеттің дереккөзі қызметін атқарды. Орта ғасыр авторлары бұдан өздері тиесілі болған қауымдастықтарға қатысты маңызды идеялардың дәлелдемесін іздеді: тарихи шығармалар халықтар мен жекелеген әулеттердің даңқты өткені туралы куәліктер беруі, бұл идеяны ұлы бабалары мен алдыңғы буын өкілдерінің іс-әрекеттері арқылы дәлелдеуі қажет болды. Өткен туралы жады арқылы адамдар белгілі бір жерлерге, мүлікке, билік пен әлеуметтік беделге деген ұмтылысты заңдастыру құқығын бекіте алды. Бір сөзбен айтқанда, тарихи шығарма тек белгілі бір нақты мәліметтердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар ол оқыту әдісі, өзіндік сананың қайнар көзі мен өзекті мәселелер- ді шешудің құралы ретінде пайдаланылды.
Антика дәуірі мен орта ғасыр тарихнамасының көптеген аспектілерінің ұқ- састығы олардың сабақтастығынан туған, алайда бұл абсолютті сипатқа ие емес. Ортағасырлық тарихи сана бірқатар принциптік ерекшеліктерге ие болды: оның өзіндік болмысы адамзат дамуының жалпы концепциясын – мән-мағынасын, мақсатын және қозғаушы күштерін анықтаған христиандық діни ұғымдар жү- йесіне негізделген еді. Латындық орта ғасырдың ғылыми тарихнамасындағы тарих түсінігі христиандық хронологияның негізін қалаған әулие иеронимнің, христиандық Батыстың саяси тарихының моделін жасаған Павел Орозийдің, екі әлемнің – аспан патшалығы мен жер патшалығының күресі концепциясын құрас- тырған, оны адамзат тарихының басты мазмұны ретінде қарастырған Аурелий Аугустиннің шығармаларында қалыптасқан. Олардың тарапынан құрастырылған тарих бейнесінің негізгі сипаты бүкіл орта ғасыр барысында өзгеріссіз қала берді. христиандықтың дамыған діни әрі дүниетанымдық жүйе ретінде қалыпта- суы тарихи сананың дәстүрлі антикалық түрінен айтарлықтай өзгеше жаңа та- рихи сананың қалыптасуына алып келді. негізін алғашқы әрі анағұрлым беделді христиан теологтары – шіркеу әкелері қалаған тарих философиясы антика дәуірі тарихнамасының тәжірибесін басшылыққа ала отырып, оның негізгі принципте- рінен бас тартты немесе оларды толықтай қарама-қарсы бағытта өзгертті. Пұтқа табынушылардың тарихи шығармалары Жаңа өсиетте сипатталған иудейлердің хикаяларымен салыстыруға келмейтін, маңызы айтарлықтай төмен дүние ретін- де қарастырылды. Тарихтың библиялық моделі адамзат дамуының христиандық ұғымының негізіне айналды. Өткен кезең мен бүгінгі уақыт оқиғаларының түсін- дірмесі көптеген жағдайда сенім принципіне негізделді. Сонымен қатар ол адам өміріне құдіретті Құдайдың тылсым бейнеде араласуының маңызын мойындады
және оқиғаларды рационалды тұрғыдан түсіндіру мүмкіндігін шектеді.
Библияның абсолютті беделін мойындау антика дәуірі авторларының пайда- ланған ақпараттарын сын тұрғысынан пайымдау принциптерін қолданудан бас тартты. Библия мен христиан дінінің дамуы барысында ғасырлар бойы дүниеге келген көптеген мәтіндердің мазмұны ешқандай күмән келтіруге болмайтын абсолютті шындық ретінде қабылданды.
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 71

Ақпараттың нақтылығы мен құндылығы деректі жеткізушінің беделіне әрі дәрежесіне байланысты бағаланды. Беделді дереккөз ұғымы тарихнамалық дәстүрмен игерілген ортағасырлық сананың маңызды категорияларының бірі болды. Библиялық мәтіндерді рационалды тұрғыдан сынау принциптерінен бас тарта отырып, ерте христиандық тарихнама олардан өзгеше аллегориялық ма- ғына тапты. Сонымен қатар ол фактілер мен оқиғалардан тек әмбебап мораль- дық және мистикалық идеялардың сыртқы белгілерін ғана көрді. Құдай мен адамның арасындағы қарым-қатынастың шынайы мазмұнын ашты және болған жағдайдың терең мағынасын анықтады.


христиан теологтары антикалық ойшылдардың рационализмін жоққа шығара отырып, антикалық философияның жетістіктері мен идеяларын, ең алдымен, қа- рапайым әрі жалпы заттардағы түрлі ойлардың шиеленіске толы өзара байланы- сын көрген кейінгі антикалық неоплатонизмді пайдаланды. Библияда баяндал- ған «қасиетті тарихтың» оқиғаларын талдауға негізделген бұл жүйе ортағасырлық ойдың маңызды әдісі мәртебесіне ие болды да, адамзат тарихының және қазіргі өмірдің барлық оқиғаларын түсіндіруге қолданылды. христиан теологтарының тарихты түсіну үшін жасаған тәсілінің мәні мынада: оқиғаларды себеп пен салдар тізбегі ретінде бірізділікпен, бірақ үстіртін қарау әдісін тарихты оқиға мен адам әрекеті тек сыртқы қабатын құрайтын күрделі процесс ретінде түсіндіру тәжіри- бесі ығыстырып шығарды.
Сонымен адамзат тарихының негізінде не жатыр және оның шынайы мазмұ- нын не құрайды? Алғашқы христиан теологтары орта ғасыр барысында ешбір күмән-күдік тудырмайтын, Қайта өрлеу дәуірін бастан өткерген және айтар- лықтай дәрежеде хіх ғасырдың ортасына дейін Еуропаның тарихи санасында өзінің теңдессіз мазмұнын сақтаған бұл сұраққа жауап берді. Адамзат тарихы- ның мәні, оның шынайы мазмұны, болып жатқан барлық оқиғаның терең се- бебі Құдай еркінің (қалауының) айнасы ретінде пайымдалды. Мемлекеттер мен халықтардың шынайы тарихы Құдай ойымен жүзеге асқан оқиғалардың өзара байланысты тізбегі ретінде көрсетілді. христиандық-иудейлік діни сананың бірқатар маңызды ерекшеліктерін қабылдады, онда ажырамас екі аспект болды: Құдай мен адам арасындағы тылсым мистикалық қарым-қатынасқа негізделген діни аспект және адамдардың жалпылама өмір сүруін негіздеген прагматика- лық аспект. христиандық көзқарас бойынша, Құдай мен адамзаттың қарым-қа- тынасы бір-біріне қарама-қайшы екі қасиетті біріктіреді: олар мәңгілік әлемде де, жердегі «тарихи» уақытта да жүзеге асырылады. Адамзат тарихының дәуір- лердің ауысуымен, жекелеген мемлекеттердің және халықтардың өркендеуі әрі құлауымен байланысты даму қарқыны жақсылық пен жамандықтың, Құдай мен шайтанның үздіксіз күресі арқылы анықталады. Осы қасиеттердің біріне деген бейілділік империялар мен мемлекеттер тарихында, жеке тұлғалардың өзара қа- рым-қатынастарында көрініс берді.
Адамзат тарихы алғаш рет ғаламдық процестің маңызды әрі қажетті эле- менті болып саналды. Ол сыртқы оқиғалар мен жекелеген адамдық іс-әрекет- терден әмбебап тылсым күштердің ұдайы күресінің бейнесін көретін өзіндік бір таңғажайып эпосқа айналды. Тарихты толық деңгейде жаһандық діни про- цесс ретінде түсіну мәселесі латын шіркеуінің бас теологы, гиппон еписко- пы Аурелий Аугустиннің (Аврелий Августин, б.з. 354–430) «Құдай патшалығы
72 ТӨРТінШі ТАРАу



туралы» (б.з. 413–426) деген шығармасында негізделді. Ол қалыптастыр- ған адамзат тарихы концепциясына сай, жақсылық пен жамандықтың, Құ- дай мен ібілістің қарама-қайшылығы Құдай патшалығының – барлық дін иелері мен шынайы иман келтіргендердің мистикалық қауымдастығының – Шайтан патшалығына – бұрын өмір сүрген және қазіргі таңдағы барлық пұтқа табынушылар мен сенім жолын ұстанғандардың дұшпандарына қарсы күрес- те көрініс тапты. Бұл екі қауымдастық мәңгі қарама-қайшы екі топқа бөлінген. Алайда таңдаулылар да, күнәһарлар да шынайы тарихтың бір уақытында, жер қауымдастығында – жер патшалығында өмір сүреді. діндарлар мен күнәһар- лардың күресі тек рухани қақтығыс емес. Бұл – қарама-қарсы екі топтың тарих пен адамзат іс-әрекеттеріндегі бейнесі. Аугустин, өзге де христиан ойшылдары сияқты, адамзат тарихының соңы мен өзіндік мақсаты болатынына сенді. Ол се- нім жолына адал болғандар жеңіске жетіп, күнәһарлардың жеңіліске ұшырауы, христостың екінші келуі мен ақырзаман соты еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет