Тарих indd


Антикалық дәстүрдің құлдырауы



бет24/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Антикалық дәстүрдің құлдырауы


Аммиан Марцеллинді Рим тарихнамасының соңғы ірі өкілі деп есептейді (шамамен б.з. 330–400). Марцеллин өзінің еңбектерін доминат, Кейінгі империя дәуірінде, Рим мемлекетінің аумағында жаңа қауымдастықтардың қалыптаса бастаған уақытында жазды. Римдік тарихтың негізгі факторы герман тайпала- ры болды. христиандық бағыт уақыт өткен сайын мемлекетте жетекші рөлге ие бола бастады. Бұған қарамастан, Римнің ежелгі пұтқа табыну рухы түбегейлі жо- йылған жоқ.
Шыққан тегі грек, Антиохияның тумасы Марцеллин Рим әскерінің қатарында борышын өтеп, император Юлианның парсыларға қарсы жорығына қатысқан. Ол көптеген елдерге саяхат жасаған. Б.з. 380 жылдан бастап Римде тұрақтап қал- ды, сол қалада «Іс-әрекет» атты тарихи шығармасын жазды.
Марцеллин сенатта білім алған римдік пұтқа табынушылардың тобына жақын болды. Бұл да олар сияқты император Юлианның тұлғасы мен қызметін жоғары бағалады. Ежелгі әдет-ғұрыптарымен, дәстүрлі құндылықтарымен, пұтқа табы- нушылығымен әйгілі болған Рим тарихы Марцеллин үшін өте қымбат болды.
66 ҮШінШі ТАРАу



Марцеллин Тациттің «Тарих» атты еңбегін үлгі ете отырып, оны б.з. 96 жылдан бастап император нерваның билігі (31 кітаптан бізге 14–31 кітаптар жетті, олар б.з. 353–378 жылдардың аралығындағы оқиғаларды бейнелейді) басталғанға де- йін жалғастырады. хронологиялық тәртіппен құрастырылған императорлардың тарихы көптеген шегіністермен, ғылыми экскурстармен байланыстырылған. Шы- ғармада ішкі және сыртқы саясаттың оқиғалары туралы, Рим империясындағы, Балқан халықтарындағы, германдықтардағы, Алдыңғы Азиядағы жағдайлар тура- лы әртүрлі мәліметтер табуға болады. Марцеллиннің тарихи еңбегі Мәңгі қаланың жағдайын арқау етті, бірақ тарихшы көршілес аумақтарға да қызығушылық білді- реді. «Рим қаласының ахуалына шолу жасау» атты туындысы дүниежүзіне таралған провинциялардағы оқиғалар туралы әңгімелермен астасып жатыр.
Марцеллин еңбегінің кейіпкері – жеке тұлға емес, ал империя, римдік ұйым мен грек білімін үйлестіретін мемлекет, түрлі халықтар мен тайпалардан шық- қан адамдардың кездесетін орны. Оның тарихында алдыңғы орынға жаңа кейіпкерлер – римдіктердің өркениетіне қарсы тұрған варварлар шығады. Марцеллиннің барлық баяндаулары Адрианопольдың түбінде болған шайқаста- ғы император Валенттің қазасымен аяқталады (б.з. 378). Марцеллин кейіпкерле- рінің мінез-құлқы өзгермейді.
Рим тарихшыларының еңбектерінде белгілі бір тұрақтылық анық байқалады. Мұның мәні – авторлардың адамгершілік қасиеттерінің төмендеуінен және өз- герістер мен құлдыраудың қаупі алдында өздерін Римнің соңғы куәгерлері ре- тінде сезінуінде. Сонымен қатар олардың өздері Мәңгі қаланың құлауына сен- беді. Осындай көңіл-күй Марцеллиннің «Іс-әрекет» атты еңбегінде көрініс берді. Тарихшының пікірінше, Римге оның барлық кінәраттары және кемшіліктері бола тұрса да, адамзаттың ғұмыры аяқталғанша өмір сүру бұйырылған.
Романданған (латын тілі мен Рим мәдениетін қабылдаған адам. – Ред.) грек Марцеллиннің бойында келмеске кеткен республикаға деген сағыныш сезімі болмады, өйткені ол туралы естелік жадыдан өшкен: оқиғалардың куәгерлері- нен ешкім қалмады. Ол үшін Кейінгі империя құлдырап қана жатқан жоқ, ол кемеліне жетіп, бірден қартаюды басынан өткерді. дегенмен оның ақырғы сәті туралы сөз болған да емес.
Марцеллин, өзінің ізашарлары секілді, Рим мемлекетінің моральдық дағда- рысқа ұшырауының негізгі себебі биліктің басындағы жекелеген тұлғалардың мінез-құлықтарының бұзылуынан деп түсіндіруге тырысты.
Тарихшының басты мақсаты – шындық. Ой еркіндігі шектелген кезде бұл өсиетті басшылыққа алу – аса қиын мәселе. Марцеллиннің айтуынша, ол өзінің қауіпсіздігін ойлап, өз заманындағы оқиғаларды сипаттау қажеттігіне күмән- мен қарады.
Марцеллиннің грек тілінің ықпалымен қалыптасқан стилінің Тациттің сти- лінен айтарлықтай айырмашылығы бар: оған сөздің астарлығы, метафоралық, көркемдік бейне тән. Марцеллин өзінің туындысында өзге жазушылардың ең- бектерінен алынған көптеген мәліметтерді пайдаланды.
Аммиан Марцеллин өзін пұтқа табынушы, эллин ретінде сезінді. неоплато- низмді жақтаушы тарихшы діни мәселелерде, христиандыққа қарама-қарсы өзі- нің тура жолдан адасу және сенім жолын берік ұстану туралы дау-дамайларда айтарлықтай ұстамды болды.
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 67

Марцеллин – римдік ұлы тарихшылардың соңғы өкілі. Ол Рим империясының мәдениетінде христиандық іліммен байланысты әлем мен тарихты пайымдау әрі түсіндірудің тұтастай жаңа тәсілдері пайда болған және империяның батыс бөлі- гінің құлауына ғасырдан аз уақыт қалған кезеңде еңбек етті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет