Тарих indd


Рим тарихи шығармаларындағы грек мұрасы



бет21/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Рим тарихи шығармаларындағы грек мұрасы


Рим тарихнамасының қалыптасуына ертеректегі және эллиндік мәдениеттер- де өңделіп, жетілген тарихты жазу тәсілдері айрықша ықпал етті. Сонымен қатар римдіктерде тарих идеясы дәстүр мен орын ұғымдарымен тікелей байланысты болды: олар қаланың негізі қаланған кезден бастап уақыт санағын жүргізді және Рим бүкіл әлемнің әйгілі орталығы саналды. Римдіктер тарихты ата-бабалары- ның, яғни аңызға айналған этруск патшаларының, сенаттың, императорлардың дәстүрлерімен байланысқан үздіксіз процесс ретінде қабылдады.
58 ҮШінШі ТАРАу

Рим тарихнамасының негізі – республика идеясы, сонымен қатар империя- ның, азаматтық қайырымдылықтың, дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың идеясы болған Мәңгі қаланың тарихы. Авторлар италияның және империя провинцияларының өткеніне ұзақ уақыт бойы қызығушылық білдірмей, немқұрайды қарап келді.


Римде қолданылған тарихи шығарманың ең көне жанры анналдар еді (лат. annus – жыл). Ежелгі заманнан бері Римде абыз-понтификтер (жоғарғы абыздық коллегия мүшелері) құрастырған оқиғалардың жыл сайынғы жазбалары айрық- ша маңызға ие болды. Ерекше күнтізбелерде жоғарғы лауазымды шенеунік- тердің есімдері жазылған, ағымдағы жылда орын алған маңызды оқиғалар мен мемлекеттік құжаттардың мәтіндері беріліп отырған. Понтификтер өздерінің жазбаларында тек оқиғаны ғана атап өтеді, оларға өздерінің жеке сипаттаулары мен түсініктемелерін енгізбеген. Анағұрлым ерте кездерде анналдар деп жыл- дардың реті бойынша хронологиялық тәртіппен құрастырылған тарихи жазба- ларды атаған. Б.з.д. 123 жыл шамасында көп жылдар бойы жинақталған мате- риалдар «Ұлы анналдар» жинағына (сексен кітаптан тұрады) енгізілді. Анналдар Рим тарихнамасының қалыптасуына ерекше үлес қосты.
уақыт өте келе жылнамалардан бөлек дербес тарихи дәстүр пайда болды. Көп- теген шығармалар сақталмаған, бірақ кейінгі авторлардың еңбектерінде олар- дың үзінділері мен сілтемелері сақталғаны белгілі. Римнің ең көне тарихи еңбек- тері – «үлкен анналшылардың» шығармалары б.з.д. ііі–іі ғасырларда грек тілінде жазылған. Олардан кейін «кіші анналшылардың» еңбектері жазыла бастады.
Ежелгі Римде тарих әдеби жанр ретінде зор беделге ие болды. Тарихи шығар- малардың авторлары көбінесе қоғамның беделді өкілдері саналған саяси қай- раткерлер, әскери басшылар еді. Олардың туындыларына саясат айрықша ықпал етті. дегенмен ақиқатты анықтау басты постулат болып қала берді, өткеннің оқи- ғасын бүгінгі күнмен байланыстыру Рим авторлары үшін өте маңызды болды.
Республика ғұмырының соңғы онжылдықтарында Юлий Цезарьдың галлия- ны бағындыру мен азаматтық соғыс туралы өзінің әскери әрі саяси іс-әрекет- терін ақтайтын «хабарламалары» (түсініктемелері) жазылды; Цезарьдың өлі- мінен кейін республиканың құлау дәуірінің тарихшысы, атақты Саллюстийдің шығармасы жазылды.
гай Саллюстий Крисп (б.з.д. 86–35) ұзақ уақыт бойы лауазымды қызмет ат- қарған, квестор (қаржы және сот істерін басқарды), халық трибуны болған, аза- мат соғысы кезінде Цезарьдың жағында шайқасты, оның бұйрығымен Африка провинциясының преторы (жоғарғы лауазымды тұлға) болып тағайындалды. Цезарьдың өлімінен кейін мемлекеттік қызметтен кетіп, тарихи шығармалар жазу ісімен айналысты. Саллюстий тарихнамамен шұғылдануды абыройлы іс деп санады.
Тарихшы «Каталина бүлігі» (шамамен б.з.д. 41), «Югуртин соғысы» (б.з.д. 39 жылдан кейін) және б.з.д. 78–66 жылдардың аралығын қамтыған, аяқталмаған
«Тарих» сынды (бізге тек үзінділері ғана жетті) еңбектер жазған.
Саллюстийдің шығармалары анналистика дәстүрімен тікелей байланысты Рим тарихнамасы үшін жаңа тарихты жазудың жаңаша формасы болып саналады.
Олар жақын арадағы өткеннің жекелеген эпизодтарына немесе автордың за- манындағы саяси оқиғаларға – б.з.д. 63 жылы римдік патриций Каталинаның республикалық құрылымды жойып, жеке-дара билігін орнатуды мақсат еткен
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 59

бүлігіне; б.з.д. 111–106 жылдардың аралығындағы нумидия патшасы Югурт арасындағы соғысқа арналған. Өзінің көптеген ізашарлары мен ізбасарлары сияқты, ол тарихпен шұғылдану барысында жалған айтпау мен шындықтан қо- рықпауды талап етеді, сондай-ақ әділетсіздік пен ашу-ызаға жол бермеу керек дейді. Алайда бұл бейтараптық Саллюстийдің сипатталған сюжеттерге қатысты азаматтық ұстанымының жоқтығын білдірмейді.


Катилина бүлігі туралы тақырыпты таңдауды ол мемлекет үшін қауіпті болған қылмыс туралы жазу ниетімен түсіндіреді. Саллюстийдің өзге туындыларында Югуртпен болған соғыс тәкаппарлық пен сатқындықтың салдарынан ұзаққа со- зылғаны баяндалады. Саллюстийдің еңбектерінен іс-әрекеттердің жалпы жай- күйі мен «Ұлы Римнің» болашағы үшін алаңдаушылық сезімін аңғарамыз. Тарих- шы осы оқиғалардың өзіндік философиялық мән-мағынасын ашуға тырысты.
Мемлекеттің даңққа толы өткені мен дүрбелеңі, соғыстар мен апаттарды ба- сынан өткізген қазіргісінің арасындағы айырмашылық көптеген Рим азамат- тарын, мемлекет қайраткерлерін, ойшылдар мен тарихшыларды алаңдатты. Сонымен қатар іс-әрекеттердің мұндай ахуалының себептерін анықтау мен оларды негіздеу аса дәйекті түрде жүзеге асырылмады. Фукидид, Полибий сияқ- ты беделді жазушылардың еңбектерін зерделеген еді, бірақ олардың шығарма- ларынан жоғарыда аталған мәселелерге қатысты нақты бір ой-пайымдарды таба алмады. Саллюстийдің шығармалары жалпы құлдырау барысын сипаттап, түсін- діретін нұсқаға негізделген. Бұл нұсқа оның замандастары мен ізбасарларының арасында айтарлықтай танымал болды.
Саллюстийдің пікірінше, ішкі күштер біртіндеп Рим республикасын әлсі- ретті. Азаматтық қауым өркендеген һәм үлгі боларлық тамаша құрылымнан
«құлдыраған әрі абыройдан айырылған» мемлекетке дейінгі жолдан өтті. Б.з.д. 146 жылы Римнің соңғы қуатты дұшпаны болған Карфагеннің талқандалған уа- қытынан бастап ішкі дағдарыс айқын көріне бастады.
Автор шыққан тегі ақсүйек, ерекше дарын иесі, бірақ қатігез, қылмыс жасау- ға бейім, байлық пен билікке құмар адам Катилинаның тарихын мысал ретінде келтіреді. Саллюстий өзінің басқа шығармасында Югуртпен болған соғыстың тәкаппарлық пен ақсүйектердің сатқындығы нәтижесінде қаншалықты ұзаққа созылғанын тілге тиек етеді. «Тарихта» көптеген пессимистік көріністер сипат- талады: патшалардың қуылуынан кейін Римде бірден ішкі дағдарыс бастала- ды. Бұл процесс тек бір рет, Екінші Пуни соғысы барысында, халықтың сыртқы қауіптің алдындағы бірігуінде ғана үзілген болатын.
Осылайша Саллюстийдің шығармаларында Римнің барлық қайғы-қасіреттері мен оның біртіндеп құлауы мінез-құлықтың бұзылуынан бастау алғаны туралы теория ұсынылған. негізгі қақтығыс қоғамдық мораль саласында орын алды. Бұ- дан тарихтың маңызды міндетінің бірі – замандастарға мінез-құлықтың ғибрат- ты өнегесі мен ұрпақтарға өсиет қалдыру мәселесі туындайды. Автордың құл- дырауды көрсетуі зұлымдық ешқашан жойылмайды және Рим жақын уақытта күйрейді деген пікірін білдірмейді. Саллюстийдің өзі ұзақ уақыт бойы Цезарьды қолдап, оған республикалық-демократиялық негізді нығайтады деп сенім біл- дірген еді. Білімді римдіктердің ұғымында қала мен мемлекет ғасырлар бойына құрылған. Тарихшы өз замандастарының кемшіліктерін көрсетіп, азаматтарды саналы түрде моральдық жетілуге шақырады.
60 ҮШінШі ТАРАу

Саллюстийдің шығармалары осы мақсатқа толығымен жауап береді. Ол Фукидидтің, Полибийдің, латын прозасының негізін қалаушы Үлкен Катонның шығармаларын бағыт-бағдар ретінде ұстанды. Саяси әрі әскери тарихты сипат- тады, негізгі тұлғалардың сипаттамалары арқылы оқиғалар желісін көрсетті. Саллюстий шығармаларының мәтіндері баяндаудың негізгі сюжеті экскурстар- мен – шегіністермен үзіліп кетіп отыратындай жүйеге құрылған, онда автор өт- кен оқиғалар немесе сипатталған әрекеттің мәнін жақсы түсінуге көмектесетін фактілер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мәселен, оларға римдік азамат- тық қауымның пайда болуы туралы, ертедегі жағымды мінез-құлықтар жайын- да, Цезарь мен Катонды салыстыру жөнінде, Африканың жері мен халықтары, Сулланың мінез-құлықтары т.б. туралы экскурстар жатады.


Саллюстий тек фактілерге ғана емес, тарихи кейіпкерлерге, адамдардың қа- йырымды істері мен кемшіліктеріне де назар аударған еді. Автор белгілі бір оқи- ғалардың мерзімдерін белгілегенде қателіктерге бой алдыруы да ықтимал. Бірақ сонымен қатар олардың қатысушыларының жарқын да жанды портреттерін бе- ріп отырды. Саллюстий кейіпкерлерінің бірінші жақтан сөйлеген сөздері адам- ның мінез-құлқын анықтаудың маңызды құралы болып саналады.
Римнің тарихи шығармаларында авторлардың ойдан құрастырылған сөздері- нің көмегімен белгілі бір кейіпкерлердің сипаттамасын жасау тәсілі айтарлықтай кең тараған. Алайда тарихшылар оларды басынан аяғына дейін ойдан шығарма- ған. Римде ұзақ уақыт бойы мемлекет қайраткерлерінің сөйлеген сөздерін жазып алып, оларды тарату тәжірибесі болған, сол үшін олардың мәтіндері ерекше та- нымалдылыққа ие. Тарихтың авторлары сол себепті сөйлеуге құрылған сюжеттен жиі бас тартқан, оған көркемдік пен иландыра білу қуатын дарыта отырып, өзін- ше қайта жазған. Бұған қоса, Саллюстий өзі құрастырған, қайта көшірілген немесе қайта жазылған хаттар мен құжаттардың үзінділерін енгізіп отырған.
Римдік автордың пікірінше, оқиғаны сипаттағанда оған лайықты, дұрыс сөз- дерді қолдана білу керек. Саллюстийдің шебер әдеби стилі, оның архаикалық сипаттамалары мен ықшамдылыққа құрылған бай тілі ортағасырлық және жаңа заман тарихшылары мен жазушыларына ерекше ықпал етті. Әйгілі тарихшының еңбектері өзгелер үшін Рим прозасының теңдессіз үлгісі болды. Қазіргі зерттеу- шілер Саллюстийді Рим тарихын жоғары әдеби өнердің деңгейіне көтерген тұл- ға деп санайды.
Цезарь мен Саллюстийдің заманына дейін Рим мемлекетінің ортақ тарихы болған емес. Осындай тарихты жазу мәселесін республика мен империяның то- ғысында өмір сүрген Тит Ливий өзінің еңбегінде жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет