Практикалық сабақ 11-12. Есімше, көсемше, тұйық етістік, рай, шақ категориялары. Көсемше Көне түркілік тілде сан жағынан көп сақталмаған, «өлі» элемент түрінде ұшырасады.
Қатты(ҚҚТ) ---- -ты V-VIII ғ. көсемшелік формант және осы шақты білдірген.
-қатығды қатды қатты
Сайын, тағы , дейін, шейін – шылаулары (V-VIII) --- -ы, -и көсемше форманттарының ізі.
Орта ғасыр ескерткіштерінде кейбір фонетикалық өзгерістерге ұшырап осы тұлғалар қайталанады.
Орта ғасыр ескерткіштерінде: -ғач, -геч (шағатай ә.т.)--- мадын, -мазын, -майын.
Алтын Орда ескерткіштерінде: -ғанча, -гінче тұлғалары.
Көсемше форманттарының шақтық мән білдіруіне қарай
Осы шақ көсемшелері
Өткен шақ
Мақсат көсемшесі
-а, -е, -ы, -и, -ү,-ыт
-п, -пан, -бан, -ыбан;
-ғалы
В.Томсен: -а, -е, және –ы, -и , -у, -ү ---фонетикалық варианттар деп қараған.
-ы---Х-ХІІІ ғ. А.М.Щербак жеке сөздер құрамында сақталған тұлға. Сайын(сай-ы-н), дейін(тегі-і-н) шылаулар
Варианттардың азаюымен бірге, бір кезде әртүрлі вариантқа тән болатын мағыналық мәнерлер тек қана –а, -е, й формасына шоғырланған.
Ескі жазба ескерткіштерде істің, әрекеттің мақсатын, себебін білдіру мәні: -у, -ү, -ы тұлғалары қолданылса, қазақ тілінде –а, -е,-й көсемшелерімен беріледі.
А.М.Щербак -а, е тұлғаларының арғы түбін қимыл есімі, бұл тұлғаның үстіне-рақ жұрнағы жалғанып та қолданылуы сондай екендігін дәлелдейді деп жазады.
-п өткен шақ мәнін беретін грамматикалық тәсіл: -пан, -пен, -ыбан, -ібен-варианттары.
А.Н.Кононов
-бол етістігі –й, -а; -и, -е тұлғалы көсемшелерімен бір тіркесте энклитикалық қолданылуынан қалыптасқан деп қарайды.
Өзгеруі. –(и) ыпан˃(-ы) пан˃ып. Пан- ан буыны түсіп қалған.
С.Е.Малов
пан-= па+н
Щербак
П – тарихи тұрғыдан қимыл есім форманты, ан ескі құралдық септік қосымшасы.
Мақсат көсемше: -ғалы
Мақсат мәнді
Істің басталар моментін
Орта ғасыр ескерткіштері
-ма-етістіктің болымсыздық аффиксі; -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын йин, -иын көсемшелері.
Істің істелу тәсілі
Қандай жағдайда істелгенін білдірген
-матын, - мадын, -майын
Есімше –мыш. Орхон-Енисей ж.е. , О.ғ.ж. ---есімшенің өткен шағын жасайтын аффикс. Қалмыш(қалған), тегміш(түйіскен) –ған аффиксі қызметін атқарған.
Қимыл есім қызметі : тұйық рай –у-ға сай бітміш (жазу), берміш(беру)
-мыш ашық райлы етістік –йоқ ерміш(жоқ еді). Тұрлаусыз мүше қызметін: адырылмышда(айырылысқанда)
Шылауменде бір тіркесте қолданылған : будун болмыш учун (халық болғаны үшін)
Орта ғасыр е. –мыш істің дүдамал болған, болмағанын білдіреді.
М.Қашқари: -мыш, -міш қосымшасы да іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын білдіреді. Бірақ мұнда сөйлеушінің өзі көрмеген, анық еместік мағына бар, ол бармыш- ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын. «Ол келміш- ол келген болу керек, бірақ мен өзім көрген доқпын.»
ҚҚТ: -мыш, -мыс: айтыптымыс.
Э.Наджип ортағасырлық АлтынОрда әдеби тілінде –мыш тұлғалы есімше баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, тек қана ІІІ жақты білдіретінін, өйткені жақ жалғауларын қабылдамайтынын айтады.
Өткен шақ есімше мәні –ған Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді, Қашқари сөздігінен бастап жиі қолданылған формант.
М.Қашқари
«Іс-әрекеттің көп мәрте болғанын, созылыңқы екенін білдіруші сипат. Бұл сипат барлық тайпа тілдерінде және әрбір бөлімде бұйрық рай тұлғасында жасалады. Бұйрық рай қатаң –қ ға бітсе –ған, жұмсақ сөздерге –ген қосылады. Сондықтан көп мәрте қайталанған іс-әрекетті білдіруші сипат барған бар бұйрық райынан; тұрған тұр бұйрығынан жасалған.»
-р, -ар, -ер---- келер шақ мәнін беретін арнаулы грамматикалық тәсіл. V-VIII ғ: есімше : көрүр көзім, білір білігім, йүкүнүр күн, осы шақ мәні: берүр, барыр; келер ш. Йылан йыл онунч айқа иноз иненчү бес баққа бармен.
Болымсыз түрі мас// з. Соңғы элемент : р емес –з//-с(р-з сәйкестігі)
В.Котвич жоғарғы етістіктердің бастапқы түбірі ту, жү(йү) соңғы –р(ту-р), жү-р аорист форма деп қарайды Оның дәлелі тұр, тұт етістіктеріне ортақ бүтін ту, тут етістігінің соңғы элементі –т – каузатив тұлға, олай болса, тұр етістігінің соңғы элементтері осы шақ мәнін берген тұлға.
-атын қосымшасы:
Орта ғасыр жазбалары: барчаның баратурған йуртыға кетеді.
Қазақ фольклоры: Артынан бірнәрсе келе жатса, пысқыратұғын еді(Ер Тарғын)
-а көсемше +-түр+ -ған//а дур+ған (о.ғ.е.-адурған//-а+тур+ған)//а+ту+ғын---атын