Тарих indd


Эллинизм дәуіріндегі грек тарихнамасы



бет20/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
репина док

Эллинизм дәуіріндегі грек тарихнамасы


Классикалық дәуірдегі гректің тарихи санасы гректер мен варварлардың арасындағы жаугершіліктің мән-мағынасын ұғынуға негізделсе, эллиндік ке- зеңде ол адамзат әлемінің бірлігін тарихи тұтастық ретінде түсінуге бағыт- талған. Ұлы Александрдың жаулап алу мақсатындағы соғысының нәтижесінде
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 55

құрылған оның алып империясы грек әлемінің біртұтас тарихына қосылды. Б.з.д. V ғасырда геродот пен Фукидид қалыптастырған өткеннің жарқын бейне- лерімен танысу кейінгі ұрпақтардың тарихи ойының көкжиегін кеңейтті және бұл идея Полибийдің (б.з.д. 210–128) әйгілі «Жалпы тарих» еңбегінде көрініс тапқан жаңа үлгідегі тарихтың пайда болуына ықпал етті.


Полибий тарихты алғашқы бейнеде, яғни өткеннің оқиғасын геродоттық ма- ғынада сипаттау түрінде емес, қазіргі мағынада – адамзаттың іс-әрекеттеріне арналған ерекше түрдегі зерттеу ретінде, адамзаттың рухы үшін әмбебап құнды- лықтары бар ойлардың формасы ретінде түсінген. Оның пікірінше, өткенді тану көбінесе адамдарға пайда әкелу үшін қызмет етуі керек.
Полибий ақсүйек әрі дәулетті әулеттен шыққан. Оның әкесі ахейлік одақ- тың саяси және әскери қайраткері болған, төрт мәрте одақтық стратег жоғары лауазымын иеленген. Полибийдің әскери әрі саяси мансапты иеленгені таңғал- дырмайды. Б.з.д. 167 жылы ол басқа да мыңдаған отандастарының қатарында Римге тұтқын болып барады, ол тек отанына он жеті жылдан кейін ғана орал- ған. Полибийдің әскери білімі Римде жоғары бағаланды, ол бірнеше рет әске- ри сарапшы қызметін атқарған. Оның Карфаген қаласын қоршау іс-шарасына қатысқаны және римдіктерді ашуға булықтырған қаланы шабуылдауға (б.з.д. 146) атсалысқаны, ахейлік одақтың жеңілісінен кейін өзінің жерлестерін ты- ныштандыруға қатысқаны да белгілі. Сондай-ақ оның ұзақ ғұмыр кешкені және 82 жаста қайтыс болғаны да мәлім. дегенмен Полибийдің дүниеге келген және қайтыс болған уақыты тек болжамдық тұрғыдан ғана қалпына келтіріледі.
«Жалпы тарихтың» негізгі бөлімі б.з.д. 220–146 жылдар кезеңіне арналған. Ал алғашқы екі кітап бүкіл шығарманың кіріспесі саналады және ол б.з.д. 264–220 жылдардың аралығын қамтиды. Сонымен антикалық автор өзі баяндаған көпте- ген оқиғаларды көзімен көріп, куә болған. Полибийдің туындысын оқу барысын- да оның қай дәуірде жазылғанын естен шығармау қажет. Сондай-ақ оның бас- ты мақсаты эллиндіктердің алдында римдік жаулап алушылықты ақтау екенін ұмытпауымыз керек. Полибийдің өзі куә әрі қатысушысы болған эллиндік әлем- нің Римге бағынуы, бір жағынан, оны алдыңғыларынан ерекшелейтін жаңа сая- си әрі мәдени шындықты қалыптастырса, екіншіден, осы шынайылықты түсіну мен бейнелеудің өзге тәсілдерін қолдануды талап етті. Полибийдің айналасын- дағы әлем үнемі өзгеріп отырды: өзара ұдайы жаугершілікте болған бытыраңқы және бөлшектенген эллиндік монархиялар мен одақтық бірлестіктердің орнына римдік мемлекеттіктің тұтас әрі тұрақты саяси жүйесі орнады. Римдік үстемдік- тің орнауы еркіндік сүйгіш эллиндіктердің бағыныштылығы мен олардың пат- риоттық сезімдерінің қорлануына алып келді. Алайда оның терең салдары да болды. Бөлшектенген әлемнің бірігуі жүріп жатты, саяси билік үшін жекелеген мемлекеттердің күресін тудырған қарама-қайшылықтар жойыла бастады. Көп- теген бытыраңқы аймақтар бірнеше онжылдықтар ішінде біртұтас мемлекетке айналды. Мұның бәрі, біріншіден, грек федерациясының бірігу принциптері- нің негізінде тәрбиеленген Полибийдің сүйіспеншілігін оятса, екіншіден, оның бұрынғы Элладаның шағын мемлекеттерінің тарихында баяндалған ізашарла- рының қолданған әдістері ендігі кезекте Жерорта теңізі жағалауындағы елді мекендер бірлестігінің ауқымы мен ішкі заңдылықтарына сәйкес келмейтіні туралы ойға жетеледі.
56 ҮШінШі ТАРАу

Полибий өзінің «Жалпы тарихында» тарихи шығарма жазудың өзіндік қа- ғидаларын қалыптастыра отырып, мынадай принциптік талаптарды ұсынады: тарихтың жалпы сипаты болуы қажет, яғни өзінің баяндауларында бір мезетте Батыста да, сондай-ақ Шығыста да болып жатқан оқиғаларды қамтуы керек. Ал баяндау синхронды болуға тиіс. Рим әлемге үстемдік еткен дәуірдің куәгері бол- ған Полибий тарихи шығарманың жаңа түрі – жалпы тарихты қалыптастырды. дегенмен ол үшін тарих пәні әскери-саяси тақырыппен шектелсе де, ендігі ке- зекте негізгі мәселе ретінде соғыстың оқиғалық тарихы емес, ондағы текетірес- тегі саяси күштердің динамикасы қарастырылды.


Осылайша жалпы тарихтың бейнесі қалыптасты, оның «бөліктері» жекелеген этносаяси организмдердің тарихы болды. Полибий тарихтың мәнін табиғи цикл- дерден байқайды. Бұл тұрғыдан мемлекет индивидке баланады: ол жастық, ере- сектік сияқты кезеңдерден өте отырып, кейін қартаяды, құлайды әрі жойылады. Полибий тарихты қоғамдық өмірді басқаратын, тұрақты заңдылықтарды ашатын ғылым ретінде пайымдауға жақын болды. Бұл оған тарихты жазудың пәнін және мақсаттарын нақтылауға және оны түсінуді дамытуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ Полибий алғашқы болып тарихтағы иірім идеясын ұсынды. Ол адам өмірінде- гі табиғи циклдерге арқа сүйеп, оларды мемлекеттің тарихына қолдана отырып, Римнің өркендеуінің соңы қай уақытта болса да оның құлдырауы мен құлауына алып келетінін болжады.
Полибий бұрынғы әрі өзінің заманындағы көптеген тарихшылар драмалық эф- фектілер мен риторикалық тәсілдерді жиі қолданады деп санайды. Ол тарихи баян- даудың поэзия мен риториканың міндеттерінен бөлек өзге де міндеттерінің бар екені жайында пікір білдірген. Полибий тарихты жазудың мақсаты патриотизмді ояту және саясат өнерін үйрену деп санайды. Өйткені олар үшін әрбір оқиғаның не себептен туындағаны мен қандай деректерден алынғанын білу өте маңызды.
Полибий «іскерлік», «прагматикалық» ұғымын дамытады, оны, ең алдымен, әскери әрі саяси тарихпен байланыстырады. Ол тарихшының оқиғаның заман- дасы болғанын, дұрысы, бейнелеген оқиғаның қатысушысы болғанын талап етеді. Тарихшы еңбегінің пайдалы болуының ең басты шарты – оның мемле- кеттік және әскери тәжірибесі. Ең дұрысы, тарихты мемлекет қайраткерлерінің өздері жазғаны абзал. Прагматикалық тарихтың маңызды белгісі – себеп-сал- дарлық байланыстарды ескере отырып, оқиғаларды жүйелі түрде баяндау. Тек мұндай тарих қана не себептен және не үшін болған деген сұрақтарға жауап бе- реді. Полибий оқиғалар ішкі байланыстар арқылы біріккен әрі бірін-бірі өзара толықтырып отырады деп есептейді. Сонымен қатар Полибий бұл оқиғалардың өзінде тамыр жайып, орын алған ішкі тарихи себептерді ғана орынды санайды. Оқиғалардың арасындағы мұндай байланыстар үнемі болған, бірақ олар мей- лінше анық болмаған. Сол себептен көптеген тарихшылар оларды байқамаған немесе назардан тыс қалдырған. Полибий өз заманындағы оқиғалардың өзара байланысын анағұрлым нақты баяндаумен қатар, римдік-карфагендік Батыс пен грек-македондық Шығыстың саяси мүдделерінің тоғысқан тарихи процесі- нің сипатын толықтай анықтап бергенін бірнеше рет атап өткен еді.
Алайда тарихи оқиғалардың барысын дұрыс түсіну үшін Полибий себеп-сал- дарлық байланыстардың тереңдетілген талдау тәсілдерін меңгеру қажет деп есептейді. Бұл байланыстар автор тарапынан себептердің, сылтау немесе түрткі
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 57

болған жайттар мен оқиғалардың, әсіресе әскери қимылдардың тікелей баста- луының бірігуі ретінде анықталады. Полибийдің пікірінше, мұндай себеп-сал- дарлық тізбек буындарының бірізділігі өзгеріссіз болып саналады. Оның ай- туынша, көптеген тарихшылар оқиғалардың байланысын түсіндіргісі келген, бірақ көрсетілген компоненттерді шатастырып, оларды дұрыс анықтамаған. Алайда Полибий барлық оқиғаларды осылай талдауға болмайтынын мойын- даған. Ол, мәселен, қуаңшылықтың, күтпеген жерден туындайтын індеттердің, апаттардың себептерін іздеуден бас тартады.


Алайда Полибий талқылауындағы оқиғалық тарихтың шеңберіндегі «табиғат заңының» көрінісін рационализм шегінен асырмаған дұрыс. Өмірдің құдіретті мистикалық тылсым күшіне арналған оның үзінділері осы жайында ескертеді. дегенмен оның оқиғалар мен адам тағдырларының араласуы туралы ұстанымы
«табиғат заңының» концептісімен толықтай үйлесе бермейді. Тағдыр туралы түсінік Полибийдің дүниетанымының айтарлықтай элементі болып саналады. Егер архаикалық және классикалық дәуірде өмір сүрген гректерге ол оракулдар мен бал ашу арқылы білуге болатын, бірақ еш нәрсені өзгерте алмайтын жеке тағдыр ретінде көрініс берсе, эллиндік дәуірдегі тағдыр ұғымы күрделене түсе- ді. Ал оның функциялары алуан түрлі болды. Ол әлемнің толыққанды билеушісі, сый тартушы, сот, адамзат баласының көмекшісі, ұстазы немесе сынақтың қай- нар көзі ретінде сипатталады.
Бірақ ең бастысы – тарихшының пікірінше, тағдыр кез келген есепке қарамас- тан, күрделі іс-әрекеттердің шешімін табады, ол әлемді жаңартады әрі оқиғалар желісін өзгертеді. дегенмен бірқатар жағдайларда Полибий тағдырдың шешуші рөлін мойындамай, негізгі себепті адамдардың іс-әрекеттерінен іздейді. Рим- діктер табысқа тағдырдың сыйы арқылы немесе кездейсоқ жағдайда емес, то- лықтай табиғи жолмен жетті. Әдетте римдіктердің ұрыстарда неліктен жеңіске жете беретінін оқырмандардың білгені абзал, әйтпесе олардың табысы тағдырға таңылып кетуі әбден мүмкін. Полибий танып-білуге болмайтын немесе қиын- дық тудыратын себептері бар құбылыстарды ғана тағдырдың жазмышына жат- қызу керек деп санайды. Егер себеп нақты болса, белгілі бір әрекетті жүзеге асыру амалы адамдардың өз қолдарында. Прагматикалық тарихты жазу міндет- терінің тұрғысынан алғанда, Полибийге әлемді билеуші тағдыр ұғымы арқылы бейнелеген тылсым құбылыстардың аясын шектеу және себеп-салдарлық әдіс- тің қолданылу алаңын барынша кеңейту маңызды болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет