Тарих indd


Геродот – Еуропа тарихының атасы



бет18/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
репина док

ГеродотЕуропа тарихының атасы


геродоттың (шамамен б.з.д. 490/80–425) өмірі туралы мәлімет өте аз. Болжам бойынша, ол б.з.д. 484 жылы дүниеге келген және он жылға жуық (б.з.д. 455– 447) уақыт бойы гректердің сауда-саттық жүргізген елдеріне саяхат жасаған. геродот өзі жүріп өткен жерлердің табиғаты жайында, түрлі халықтардың өмір сүру дағдылары мен тарихы туралы мәліметтер жинады. Өзіндік зерттеулер жүргізіп, куәгерлердің әңгімелерін хатқа түсірген. Б.з.д. 440 жылдың ортасын- да өмірінің біраз жылдарын Афинада өткізіп, Периклдың үйірмесімен жақын қарым-қатынаста болды. Бәлкім ол сол жерде жүріп, өзінің еңбегінің жекеле- ген тараулары бойынша дәріс оқыған да болар. Афина тарихы оның еңбегінің негізгі өзегі болды. геродот өмірінің соңғы жылдарын италияның оңтүстігінде орналасқан грекияның отары болған Фурииде өткізді.
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 49

геродоттың не үшін саяхат жасағанын анықтау – қиындық туғызатын мәсе- лелердің бірі. Тек танымдық мүдделер ғана ма немесе оның негізгі мақсаты сау- да болды ма? Ол грек отарларынан бөлек Египетте болды, нілден Элефантинаға дейін жүзіп өтіп, Алдыңғы Азиядан Вавилонға дейін аралады. Аталған аймақ- тар гректерге жақсы таныс болды. Бұл жерде гректердің сауда-саттық орындары орналасқан еді. Осында үнемі грек саудагерлері мен жалдамалылары жіберіліп отырды. геродоттың саяхат жасаған өзге жерлері гректік елді мекендер болды. Бұлар Кіші Азия, Финикия, Сирия, геллеспонт, Қара теңіздің батыс жағалауы мен Ольвия еді.


геродот өзінің ізашары милеттік гекатейден баяндаудың көптеген білімдері мен тәсілдерін қабылдаған еді (рационал дәлелді, әлемнің әмбебап картасын, этнографиялық экскурстарды), бірақ ол адамды зерттеулерінің негізгі нысаны ретінде алды, бұл оның ең басты жетістігі еді. геродот өзін белгілі бір мемле- кеттің немесе халықтың шеңберінде шектемеген ең алғашқы әмбебап тарих- шы болды. Мәселен, жоғарыда атап өткен милеттік гекатей білімінің тереңдігі мен әмбебаптығына қарамастан, тарихшы емес, мифограф әрі географ болды. геродоттың «Тарих» атты еңбегі «жерлерді сипаттаудан» тура мағынасындағы тарихқа көшудің батыл қадамын білдіреді.
геродоттың логографтардан (олар әдетте жекелеген аймақтар мен халық- тардың үзік-үзік сипаттамаларын беріп отырған) айырмашылығы – Шығыс пен Батыстың күресі тақырыбына қатысты әртүрлі сипаттағы материалдарды бі- ріктірген еді. «Тарих» атты еңбегін Азия мен Еуропаның арасындағы қақтығыс- тың себептерін анықтаудан, соғыс өртінің тұтануына айыптыларды іздеуден бастайды.
Тарихшы өз дәуіріндегі мәдени әлемнің барлық елдерінде болып, ежелгі ха- лықтардың салт-дәстүрін, мінез-құлықтарын, өткені мен діни ғұрыптарын зерт- теді. Жергілікті тілдерді білмегендіктен, геродотқа делдал аудармашылардың, жолсеріктер мен абыздардың әңгімелерін пайдалануға тура келді. Сол себептен оның хабарламаларын көбіне фольклор саласына жатқызады, сондай-ақ кейде тарихи фактілерді бұрмаланған күйде жеткізеді. Алайда бұл фактілер, негізінен, археологиялық қазба материалдарымен және басқа да деректердің мәліметтері- мен расталып отыр.
Цицерон геродотты «тарихтың атасы» деп атады. Поэзияның гомерден бас- тау алатыны сияқты, оның еңбегі арқылы грек тарихнамасы басталады. Ол адам- заттың іс-әрекеттерінің барысы туралы баяндау мақсатында «тарих», «зерттеу»,
«тану» ұғымдарының байланысын бекітті. Тарих нақты бір себептер мен белгілі бір салдарға негізделген, көбінесе күтпеген жайттарға әкеліп соқтыратын өзара байланысы бар оқиғалардың тізбегі жайында баяндау түрінде қалыптасты.
геродоттың еңбегінде сипатталған грек-парсы соғыстары ширек ғасырға жуық уақытты қамтыған. Бірақ бұл оқиғаларды сипаттау үшін оған орасан зор тарихи уақытты алуға тура келді: ол қақтығыс орын алған елдер мен халықтар- дың өткеніне бойлай отырып, оның тарихи тамырын зерделейді. геродоттың
«Тарих» атты туындысы әскери-саяси тақырыпта жазылса да, бұл еңбекте тарих, география, археология, этнография, суға жүзу және сауда тарихы, дін мен мифо- логия жайында құнды әрі көлемді мәліметтерді молынан кездестіреміз. Мұндай экскурстардың барлығы баяндалатын негізгі оқиғалар үшін айтарлықтай аздық
50 ҮШінШі ТАРАу

ететін еді. дегенмен оларда тарихтың пәндік шекарасы (автордың қаншалықты деңгейде түсінгеніне қарамастан) белгіленген еді. геродоттың пікірінше, тарих пәні – ұлағатты әрі таңғалуға лайықты істер, ал тарихшының өткен кезең туралы білімді сақтаудағы міндеті – «өткен оқиғалардың уақыт ағысымен санадан өшуі- не жол бермеу».5


геродот – тарихи әдіс саласының негізін қалаушы: ол эллиндер мен варвар- лар неге өзара соғысты деген сұраққа жауап іздеу арқылы алдына нақты таным- дық міндет қоя отырып, тарихи желі (сюжет) мәселесін көтерді.
Алдын ала нақтыланған танымдық мақсат жиналған мәліметтердің шынайы- лығын тексеру, сондай-ақ мәліметтерді іріктеу мен реттеу, яғни тарихи баяндау- дың элементтерін анықтауға айрықша назар аударды. геродотта тарихты жазу- дың екі түрі – рационал және мифологиялық принциптер өзара астасып жатыр. Біріншісі – тарихшының өзі куә болған оқиғалардың фактілеріне, екіншісі, не- гізінен, ауызша баяндау дәстүрінен алынған алыс өткен кезең туралы мәлімет- терге негізделген. геродот таңғажайыптар туралы кейбір әңгімелерге күмәнмен қарап, оларды сынға алады. Алайда адам өміріне Құдайдың араласатыны жа- йындағы факті тарихшы үшін ақиқат болды. геродоттың пікірінше, әлемге құ- діретті Құдайдың күші үстемдік етеді. Бір жағынан, құдіретті Құдай адамдарды жалғандығы мен тәкаппарлығы үшін жазалайды. Екіншіден, адамның бақытын қызғанады. Құдайлардың жазасы мен қызғанышы – тарихи процестің шына- йы факторлары. Әлемдік тәртіптің басты принципі – адамның өмір белестерін анықтайтын өлшем, шекаралар (мойралар)6 заңы. Шектен шығуға, белгіленген шекараны бұзуға болмайды. Парсыларға Азияға иелік ету үлесі берілді. Алайда олар құдайлардың тарапынан эллиндіктерге берілген Еуропаға менмендікпен қадам басты. Бірақ олар жеңіліс тапты. Элладаға баса-көктеп кірген Ксеркс тә- каппарлық танытып, одан да көп елді мекендерді жаулап алуға тырысты, яғни қолынан келмейтін іс-әрекетке ұмтылды. Ол ауыр қылмыс жасап, сол үшін Құ- дайдың қаһарына ұшырады. геродоттың пікірінше, әркім өзіне бұйырған несі- бесіне риза болмай, одан да көбірек алуға ұмтылса жазаға ұшырайды. Бұл тарих- тың негізгі заңы болып саналады.
Бізге жеткен «Тарих» атты еңбек тоғыз кітапқа бөлінген. Әрбір кітапқа муза- лардың есімдері берілгендіктен, бұл шығармалар кейде «Музалар» деп те ата- лады. геродоттың еңбегінің бірінші бөлігі (I–IV кітаптар) кіріспеден, оған енген фольклорлық сипаттағы үзінді-новеллалардан тұрады. «Тарихтың» екінші бөлі- гіне (V–IX кітаптар) автор тарапынан қосымша новеллалар мен бірнеше көлемді тарихи шегіністермен берілген грек-парсы соғысының сипаттамалары енгізіл- ген. Тарихшы өзінің эллиндер мен варварлардың іс-әрекеттері жайындағы әңгі- мелерінде оқырмандарға эпикалық дәстүрге сай ләззат сезімін сыйлағысы кел- ді. дегенмен оның басты мақсаты уақыт өте келе белгілі бір оқиғалар мен ұлы істердің санадан өшуіне, біржолата жоғалуына жол бермеу еді. геродот уақытты оқиғалармен өлшейді. Оның тарихының әрбір эпизоды оқырманның назарында біртұтас әрі толыққанды, сонымен бірге жиналған әртүрлі фактілерді қамтыған ауқымды тарихи концепцияға негізделген сипатта бейнеленеді.
Аңыздар жөнінде сөз болғанда, геродот мүмкіндігінше өзі лайықты деп сана- ған («әлі де болса үшінші аңыз бар, мен оған басқаларына қарағанда көбірек сенім артамын») барлық нұсқаларын көрсетіп отыруға тырысады, олардың көпшілігін
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 51



ықтималдығы төмен, шындыққа жанаспайтын деп теріске шығарады. Алайда «ай- тылғанның бәрін» жеткізуді қажет деп санайды. Бірқатар жағдайларда автор жеке зерттеулерін естіген жайттардан бөлек қарастырады. геродот материалдарды іріктеудің және тарихи сынның өзге әдістерін пайдаланбайды.
Ол өзінің замандастарына жақсы таныс хикаяларға олармен келісетіндіктен ғана сілтеме жасамайды. геродот үшін олар белгілі бір оқиғаларға өзінің жеке көзқарасын білдіру мақсатында қажет болған.
геродот варварларға қатысты менмендік пен дұшпандық сияқты жат пиғыл танытпаған еді. Ол гректер үшін түсініксіз болған әдет-ғұрыптарды (мысалы, египеттік мәдениеттің көне ескерткіштерінің ықпалымен) ешбір қоспасыз әрі байыппен баяндайды және кейбір жекелеген тұстарда эллиндерден «варварлар- дың» артықшылықтары бар екенін де мойындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет