МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТОҒЫСЫНДА: ЖАҢА МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
Білетін адам тарихшы емес, іздеуші адам – тарихшы.
Люсьен Февр
хх ғасырдың соңына қарай тарихи зерттеулердің мазмұны әжептәуір кеңейе түсті, алайда 80-жылдары тарихнамалық тәжірибе тек белгілі бір жетістіктерге жетіп қана қоймай, сондай-ақ құлдыраудан да өтті.
Тарихи процестің жүйелі-тұтас көрінісіне негізделген тұтастық тәсілі ғы- лыми идеал ғана болып қалды. Әлеуметтік тарих, менталдылық тарихы, тари- хи антропология жаңа синтездің негізі ретінде өзінің жеке нысанын: әлеумет- тік қатынастарды, әлемнің көрінісін, күнделікті өмір саласын, қиял әлемін т.б. белгіледі. Бұл бастама ұзақ уақыт бойы әлеуметтік тарихшыларға тиесілі болды. Бірақ тарихшылар ұзақмерзімді процестер шеңберінде ұлттық және аймақтық деңгейлерде әрекет етті, ал жергілікті зерттеулерде стандарттау мен типтенді- руге деген ұмтылыс басым болды.
Әлеуметтік құрылымның нормативтік және категориялық талдауларды бірік- тіру мәселесінің оңтайлы шешімі табылмады. Жаңа синтездің мәселесін тікелей антропологиялық ғылымдағы пәнаралық тәжірибенің жолымен шешу талпыны- сы нәтиже бермеді.
Әлеуметтік тарихтан әлеуметтік-мәдени тарихқа дейін
Мәдени антропологияның әдіснамалық ережелеріне бағдарланған тари- хи антропологияның позициясы тұрғысынан көппәндік синтезді жүзеге асыру преспективасы оның зерттеу нысанынан көрінді, ол – өмірінің барлық көрініс- тері анықталған мәдени-тарихи адам. Бұл тарихи субъектінің әлеуметтігі тұл- ғааралық қатынастың ерекшелігі және салдары ретінде қабылданды. Тарихтың міндеттері бұл түсіндірмеде тек адамдардың мінез-құлықтарының стереотипте- рін зерделеумен ғана шектелді, ал макропроцестерді талдау тарихи зерттеулер- дің аясынан тыс қалды. Алайда бұл тәсілдің өзін-өзі қамтамасыз ету талаптары
200 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу
айтарлықтай күмән тудырды. Әрине, күрделі процестер мен құрылымдар бел- гілі бір мөлшерде адамдардың қалауы мен іс-әрекеттерін толығымен анықтай алмайды. Олар тек осы әрекеттер мен тарихи оқиғаларда ғана көрініс табады, оның өзінде толықтай емес және белгілі бір бұрмалауларға жол береді. Бірақ құ- рылымдардың пайда болу, өзгеру және жіктелу процестері де тарихтың жеке- леген субъектілерінің ниеттері мен іс-әрекеттерінен туындамайды. Сондықтан
«жаңа әлеуметтік тарихтың» көптеген елдердегі жетекші өкілдері менталдық саланы тарихи синтездің анағұрлым қолайлы құралдарының бірі ретінде мо- йындай отырып, әлеуметтік тарихтың әртүрлі аспектілерін адам субъективтілігі тарихы және мінез-құлық тарихымен байланыстырмай, әлеуметтік тарихтың түрлі аспектілерін зерттеуге назар аударды.
1970–1980 жылдардағы тарихшылардың пікірталастарында тарихи антро- пология мен әлеуметтенген тарихтың қарама-қайшылығына назар аударылса, 1980 жылдардың ортасында жағдай екі танымдық стратегияны сабақтастыруға қарай өзгерген еді. Тарихи тұрғыдан адамдар өздерінің іс-әрекеттерінде бас- шылыққа алған немесе басшылыққа алуы мүмкін ұғымдар мен құндылықтарды түсіндіру мәселесі жеткіліксіз болды. негізгі міндет осы түсініктер мен құнды- лықтардың мазмұны мен өзгерістерін белгілейтін факторларды анықтауда еді. Бұл жағдайда әлеуметтік тарихтың тарихи пәндер жүйесіндегі интегративті қызметін атап көрсетуге бейім зерттеушілер жүйелі-құрылымдық және әлеу- меттік-мәдени тәсілдердің бірізді комбинациясына негізделген әлеуметтік тал- даудың кешенді әдісін нақты-тарихи зерттеулерде іс жүзінде қолданатын жаңа, анағұрлым күрделі теориялық модельдер мен тұжырымдамалық аппаратты жа- сап шығаруға ерекше назар аударды. Осы және осыған ұқсас түсіндірмелерде сөз әлеуметтік-тарих жөнінде (немесе кең мағынасындағы әлеуметтік тарих туралы) қозғалған еді, оның нысаны қоғамдық институттардың тарихы мен әлеуметтік топтардың тарихынан және менталдылық тарихынан мүлдем өзгеше болды. Әлеуметтік тарих құрылымдарға, адамның санасы мен мінез-құлықтарына ғана емес, дамушы қоғамдық жүйеде және осы жүйені қолдайтын әрі ақтайтын өзгер- мелі мәдени ортада өзара әрекеттесу тәсіліне де назар аударады. Тәжірибе (жеке, ұжымдық, тарихи) мен алаңдаушылықтың синтездік категориялары социотарих- тың жобасында негізгі рөл атқарады. Мұнда тарих субъектісінің ішкі байланыста- ры оның қызметінің объективтік материалдық әрі рухани шарттарымен – жеке, ұжымдық мінез-құлықтың табиғи, әлеуметтік және мәдени детерминанттары- мен тұжырымдалады. Кейінірек синтездің категориялық аппараты биліктің жаңа концепцияларымен және саяси мәдениетпен, мәдени үстемдік ету және мәдени дәстүрлерді иелену ұғымдарындағы мәдениеттің түрлі деңгейлерінің өзара бай- ланыстарының түсініктемелерімен толықтырылды. Сонымен қатар әлеуметтік тәжірибе мен мәдени түсініктерді өзара негіздеудің теориясымен, әлеуметтік және мәдени бірегейлікті құрастыру идеяларымен, әлеуметтік-мәдени жүйенің шектеулі қорлары бар еркіндік кеңістігіндегі таңдау моделімен де кеңейтілген еді. Тарихнаманың тәжірибесінде анықталған және тек сыншылар ғана емес, жаңа тарих ғылымының белгілі өкілдері де үнемі атап көрсететін эпистемоло-
гиялық қиындықтар жаңа ұсыныстарға байыппен қарау қажеттігін көрсетті.
Сонымен, 1980 жылдардың ортасынан бастап жаңа түсіндірмелік модель- дерді іздеу әлеуметтік құрылымның, мәдениет пен адам белсенділігінің өзара
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 201
байланыстарының диалектикалық сипаты туралы түсініктерге негізделген тү- сіндірмелердің аясын айтарлықтай кеңейтті. Бұл уақыт «интегралдық түсіндір- мелік директиваны» (Ежи Топольскийдің терминологиясында) жүзеге асыруға ұмтылған тарихшылардың теориялық әрі тәжірибелік ізденістерінің шарықтау шегі болды және ол «жаңа тарихи білім» перспективаларын оптимистік түрде бағалаумен сипатталды. Алайда бұл жерде бір парадокс бар: дәл осы сәтте «жаңа тарихи білімнің» мәртебесі күмән туғызды, ал 1980–1990 жылдардың аралығын- да тарихнамадағы дағдарыс немесе сыни бетбұрыс туралы дәйектеме таптаурын түсінікке айналды. Бірақ зерттеудің қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардың құрамдас бөлігі тарихи жеке тұлғаларға ауыстырылуы тарихнаманың болашағы үшін ең маңызды сәт болып саналады.
1990 жылдары ғылыми-тарихи мерзімдік басылымдарда «дағдарыс» сөзімен қатар, «лингвистикалық бетбұрыс» және «семиотикалық қарсылық» тіркестері жиі көрініс берді. Эмоциялық сипаттағы көптеген шолулар мен полемикалық, тіпті қызу пікірталастар пайда болды, ал жетекші ғылыми журналдар мен ға- лымдардың форумдарында күрделі теориялық пікір алмасулар өткен еді. Соңғы онжылдықтарда жарыққа шыққан жарияланымдар, монографиялық зерттеу- лер мен мақалалардың ұжымдық жинақтары екі ғасыр мен дәуірлердің (тіптен, мыңжылдықтардың) тоғысында тарихшылар тап болған қиындықтарды ғана емес, сондай-ақ аталған мәселелерді шешудің жолын да ұсынды.
Тарихтың негізгі постмодернистік қарсылығы тарихи ақиқат концепциясы мен тарихи таным нысанына қарсы бағытталған еді. Олар жаңа түсіндірмелерде таным субъектісіне жат нәрсе ретінде емес, тіл мен дискурсивті (сөйлеу) тәжіри- бе арқылы құрастырылатын құрылым ретінде қабылданды. Тіл бейнелеу мен қа- рым-қатынастың жай ғана құралы ретінде емес, бұдан былай ойлау мен мінез- құлықты анықтайтын басты фактор ретінде қарастырылды. Тарихи нарративтің өткеннің дұрыс қалпына келтірілген формасы ретіндегі түсінігі мен ерекшелігі негізгі мәселеге айналды. Жүйелі түрде сақталмаған, үзік-үзік және көбіне ар- найы іріктелініп алынған мәліметтерді өз бетінше реттеуге негізделген тарихи баяндаулардың шығармашыл, жасанды сипаты атап өтілді.
Тарихи түсініктің тереңдігі туралы ғана емес, сонымен қатар зерттеушінің өзінің жеке шығармашылық қызметін бақылау тәсілдері мен шынайылық кри- терийлері жайындағы мәселе де жаңаша қойылып отыр. Тарихшыдан мәтіндер- дің мәнін мұқият зерделеу, айтылған пікірлердің шынайы мазмұнын анықтау үшін жаңа тәсілдерді пайдалану әрі бір қарағанда деректен байқала бермейтін мағынаны айқындау, тарихи мәтінді белгілі бір аудиторияға лайықтап жүйелеу- дің ережелері мен тәсілдерін талдау т.б. талап етіледі. Алмасып кеткен пәнара- лық ұмтылыстар тағы бір өзекті мәселені алға тартты: көптеген ғалымдардың пікірінше, тарих, бір жағынан, әлеуметтанулық және психологиялық редукцио- низмге қарсы тұру үшін өзіне қажетті әрі тиімді «у қайтарғышқа» ие болса, екін- ші жағынан, тәжірибені мәтінмен, шындықты тілмен, тарихты әдебиетпен са- бақтастырған оның жаңа формасы ретінде жарияланды.
Тарихнамада постмодернистік парадигманың қалыптасуына байланысты тарихшылардың кәсіби санасы мен өзіндік санасы саласында елеулі өзгерістер болды. Олар өзінің мамандығы туралы, тарихтың гуманитарлық-ғылыми білім- нің жүйесіндегі орны, оның ішкі құрылымы мен қосалқы пәндердің мәртебесі,
202 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу
зерттеушілік міндеттер жөніндегі дәстүрлі түсініктердің қайта қаралуымен бай- ланысты болды. Өйткені қазіргі әдебиеттанудағы үстемдік етуші ұстанымды иеленіп алған постмодернистік парадигма гуманитарлық білімнің барлық сала- сына ықпал етті. Тарихтың бір сатыдан екінші сатыға өтетін біртұтас қозғалыс ретіндегі идеясын, сонымен қатар жоғары жалпылаудың нәтижесі болып санала- тын (демек, барлық талпыныстарды тарихи баяндаудың концепциясымен бай- ланыстыратын) суперидеяларды (прогресс, еркіндік, демократия, таптық күрес), кез келген жалпылама схемаларды немесе метанарративтерді жоққа шығарумен шектелмеді. Аталған парадигма тарихи ақиқат ұғымына, сонымен қатар тарих- шының жеке бірегейлігі мен кәсіби дербестігіне (тарих пен әдебиеттің арасын- дағы мызғымастай болып көрінген межені жоя отырып); деректің шынайылық талаптарына (факті мен ойдан шығарылғанның арасындағы шекараны бұза оты- рып) және тарихи танымның мүмкіндіктеріне деген сенім мен объективті шын- дыққа ұмтылысына күмәнмен қарады.
Міне, сол себепті көптеген тарихшылар постмодернистердің бастамаларына қарсылық білдірген еді. Мұнда, әрине, парадигмалардың ауысуының психоло- гиялық аспектісі маңызды рөл атқарды. Бұл тарихи білімнің әлеуметтік беде- ліне, тарихтың ғылым ретіндегі мәртебесіне қауіп төндірді және кәсіби қауым- дастықты қайта құруға себеп болды, соның нәтижесінде «жаңа» және «ескі» тарихтың арасындағы бұрынғы «майдан шебі» жойылды. Кейбір қарсыластар одақтастарға, ал бұрынғы достар мен серіктестер дұшпанға айналды. 1960–1970 жылдары ғылыми қауымдастықта жетекші орындарды иеленген тарихшылар буыны үйреншікті әлемнің қалыптасқан компаративтік нормаларының күй- реуіне алаңдады. Сонымен бірге постмодернизмнің «темірдей әрекеті» ұлттық тарихнамада қалыптасқан өзгерістер мен жағдайларға байланысты АҚШ пен Францияда, германия мен Ұлыбританияда әртүрлі қабылданған еді. дегенмен барлық жерде шектен шыққан түсінбеушіліктер орын алды: мәтіннен тыс еште- ңе жоқ, тарихшылар түсініп, сипаттай алатын, тілден тыс ешқандай шындық жоқ деген мәлімдемелер жасалып, жаңа тенденцияларды қабылдамау және оларды жоққа шығару белең алды.
Америкалық академиялық ортада қызу пікірталастар болғанымен, іргелі жұмыстар да жүргізіліп жатты. Тарихи шығармаларды талдауға арналған жаңа теориялар мен тәсілдердің насихатталуы америкалық гуманитарлық білім өкіл- дерінің, ең алдымен, тарихнамалық сынның постмодернистік, теориялық және әдіснамалық тұрғыдан жаңартылуын қолдаған хейден уайттың тропологиялық тарих теориясымен байланысты болды.
1990 жылдардың екінші жартысында бастапқыда ақылға қонымсыз болып кө- рінген идеялардың меңгерілуіне орай, өзара түсіністік пен татуласуға шақырған
«ұстамдылар» ерекше белсенділік таныта бастады. Ымыраға келуді мақсат тұт- қандардың арасында эпистемологияның мәселелерімен айналысқан философ- тар жетекші рөл атқарды. Кейінірек бірқатар мақалалар жарыққа шықты, онда
«лингвистикалық бетбұрыстың» шектен шыққанына қарсы болған тарихшылар дискурсқа енгізілмеген тәжірибенің тұжырымдамасына негізделген «орта» не- месе «қалыпты» деп аталатын позицияның дәйекті дәлелдерін ұсынды. «Пост- модернистік қарсылық» жағдайында осы ұстанымның жақтастары объективис- тік және лингвистикалық тұрғыдағы позициялардан ерекшеленетін шындықты
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 203
тікелей қабылдаудың мүмкін еместігі тарихшының оны «құрастырудағы» шексіз еркіндігін білдірмейді деген идеяны негізге алды.
Орталық позиция, бір жағынан, ол туралы біздің түсініктерімізге тәуелді емес және осы көріністерге ықпал ететін дискурстан тыс шындықтың болмайтыны жөніндегі идеяға негізделеді. Алайда оның жақтастары жаңа перспективалар аясында өздерінің тәжірибелерін қайта ой елегінен өткізеді және «лингвисти- калық бетбұрыс» тарихындағы оң әсерін мойындайды. Өйткені оның факті мен ойдан құрастырылған дүниенің бір-біріне ұқсап, оларды ажырата алмайтын, яғни тарих ұғымы әдебиет ұғымынан ерекшеленетін деңгейге жеткенге дейін пайдалы болатынын мәлімдеді.
Орталық позицияны ұстанған тарихшылар өз тұжырымдамаларын сыни тұр- ғыдан зерделей отырып, жаңашылдығы ұзақ уақыт бойы беймәлім болып келген әлеуметтік тарихтың осы нұсқаларының эпистемологиялық принциптерін ай- қындады. «Лингвистикалық бетбұрыс» жалпыға ортақ мәдени өзгеріс көріністе- рінің бірі бола отырып, ұзақ уақыт бойы сұранысқа ие болмай, өзін жоғалта бас- таған еді. Бірақ бірте-бірте тарихнаманың өзінде жетіле бастаған, сондай-ақ ол
«жаңа тарихтың» пәнаралық аясында өңделгеннің барлығын бір өзінің бойында жүзеге асырды. Сөйтіп, 1980 жылдары микротарихқа деген қызығушылықтың артуы әлеуметтік тарихтың макротарихи нұсқасының эвристикалық әлеуетінің сарқылуына жауап болды. Бұл қазіргі таңдағы қоғамтануда қордаланған микро- талдаудың теориялық қорын пайдалана отырып, оның нысанын, міндеттері мен әдістерін қайтадан анықтауға деген қажеттілікті туғызды. Жалпы алғанда, 1970 жылдардың екінші жартысы әлемдік тарихнамада макроәлеуметтанулық тео- рияға сүйенген сциентистік парадигмаға, сондай-ақ оның қалыптасып келе жат- қан постмодернистік антиподына ғылыми-тарихи балама іздеу уақыты болды.
«Лингвистикалық бетбұрысқа» дейін біраз уақыт бұрын тарихи пәндерді құ- рылымдық жағынан қайта құру қажеттігі анық байқалды: экономикалық, саяси, әлеуметтік тарих және идеялар тарихы деп бөлінетін ескі құрылымның мәні түбе- гейлі өзгерді. Алайда бұл қайта құру белгілі бір уақытқа дейін өзара астасып жат- қан және бір-бірінен анық бөлінбеген пәндері бар «жаңа әлеуметтік тарих» ием- деніп алған, үнемі кеңейіп отырған зерттеу алаңында жасырын түрде жүзеге асты. 1970–1980 жылдары әлеуметтік тарих саласында әлеуметтік-құрылымдық та- рихтан әлеуметтік-мәдени тарихқа қарай түбегейлі бетбұрыс жасалды. Бұл мә- дени антропологияның, әлеуметтік психологияның, лингвистика (ең алдымен, менталдылық тарихы мен халық мәдениетінде) әдістерінің таралуына орай мик- ротарихқа деген қызығушылықты қалыптастырумен, жеке тұлғадан тыс құры- лымдарды талдаудан индивидтерді, жеке өмірлік жағдайларды зерттеуге қайта оралумен байланысты болды. Бұл әсіресе 1980 жылдары символикалық антро- пологияның ықпалымен қалыптасқан және антропологияға бағытталған «жаңа
мәдени тарихтың» көптеген жақтастары пайда болған кезде анық байқалды.
Тарихи ақиқатты қалыптастыру мен сипаттауда тілдің, мәтін мен нарратив- тік құрылымдардың белсенді рөлін мойындау тарихқа қатысты мәдениеттану- лық тәсілдің базалық сипаттамасы болып саналады. Әдетте оны «жаңа мәдени тарихтың» анағұрлым жалпы теориялық және әдіснамалық принциптерінің жиынтығы ретінде түсінуге болады. Соңғысы әлеуметтік мәдени тарих арсе- налындағы барлық әлеуметтік категорияны қайта анықтау мен жұмылдыру
204 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу
процесіндегі өсу межелеріне айналған «жаңа әлеуметтік тарихтың» ауыр ке- зеңдерінде қалыптасты. 1990 жылдардың басында эпистемологиялық дағда- рыс жағдайында постмодернизмнен сабақ ала отырып және өткеннің жақын күндердегі тарихнамалық тәжірибесін қайта ой елегінен өткізіп, ғылыми қауымдастықтың жетекші бөлігі қазіргі таңдағы қоғамтану саласында жинақ- талған микроталдаудың теориялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзінің тәжірибесіне сырттай баға беріп, әлеуметтік тарихты тар формалардан арыл- туға, жаңа идеяларды бейімдеуге және жаңа зерттеу кеңістігіне шығуға бағыт- талған жаңа модельдерді әзірлеуге қабілетті екенін көрсетті.
Сонымен, тәжірибе жасаушы тарихшылардың көпшілігі британдық белгілі әлеуметтанушы Энтони гидденстің құрылымдық теориясын жақсы қабылдады. Әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі тәртіп бойынша, реляциялық структуризмнің әдіснамасы макроқұрылымдардан (мысалы, мемлекеттер тобы немесе олар- дың экономикалық, әлеуметтік әрі мәдени жүйелері) орта деңгейлі құрылымдар (ішкі саяси институттар, бюрократиялар, корпорациялар, әлеуметтік ұйымдар, аймақтық қосалқы мәдениеттер) мен «жоғарыдағы», «төмендегі», «орталықта- ғы» және қоғамдық перифериядағы микроқұрылымдарға (олигархия, элиталық клубтар, маргиналдық топтар, отбасылар) дейінгі индивидтердің немесе топ- тардың іс-әрекеттерін сипаттау мен түсіндіруді қамтиды. Бұл жағдайда макро және микроқұрылымдардың өзара байланыстарын анықтайтын қандай да бір формула жоқ: олар әртүрлі схемаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Сондай-ақ құ- рылымдық қарым-қатынастар түрлі қарқынмен өзгереді және субъектілердің мүмкіндіктері де олармен бірге түрленіп отырады.
индивидтер әлеуметтік немесе мәдени факторлардың ықпалымен толықтай қалыптасады деп санайтын әлеуметтік және мәдени детерминизмнің жалған баламасын сынау әрекеті осы теориялық платформа негізінде жүргізіледі. ин- тегралдық модель әлеуметтік шындықтың барлық деңгейлерінің талдауын бір арнаға тоғыстырады. Сондай-ақ әрекет етуші тұлғалардың белсенділігі ескеріле- ді: индивидтер өздеріне ережені, рөлдерді, құндылықтарды, нышандарды және интерпретациялық схемаларды үйрететін билікке қарсы шығып қана қоймайды, сонымен қатар олардың оқытқанды үйренбейтін тенденциялары тағы бар. Өйт- кені олар алған білімдері мен дағдыларын өздерінің қажеттіліктеріне, ниеттері мен мәжбүрлі жағдайға байланысты түсіндіреді және өзгертеді. Осылайша әлеу- меттену мен «мәдениеттену» бірыңғай нәтижелерді бермейді. Мұндай плюра- листік әрі динамикалық болжамдардың мынадай салдары болады: әлеуметтік- мәдени әртектілікті неғұрлым толық түсіну, әлеуметтік-мәдени өзгерістердің әлдеқайда күрделі бейнесін көру, жеке әрі ұжымдық іс-әрекеттер мен кездей- соқтық үшін ауқымды кеңістік бөлу.
Қазіргі таңдағы өзге әлеуметтік модельдердегі ұқсас теориялық ойлардың әдіснамалық сипаттағы өте маңызды бір салдары бар. Бұл – өзара ықпал етуші әлеуметтік агенттердің тәжірибелік қызметіндегі олардың үздіксіз түсіндірмесі, қолдаулары мен өзгерістерінің призмасы арқылы әлеуметтік өмір мен әлеумет- тік топтардың формаларын талдаудың процессуалдық тәсілі. Осылайша әлеу- меттік-мәдени тарихтағы өміршең әлеуметтік категорияны қайта анықтау мен жұмылдыру процесі құрылымдық (нормативтік) және феноменологиялық (ин- терпретациялық, конструктивистік) тәсілдерді біріктіруге негізделеді.
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 205
Осыған байланысты әлеуметтік-мәдени тарихты мәдениеттің әлеуметтік тарихынан әлеуметтік мәдени тарихқа немесе мәдени тәжірибе арқылы әлеу- меттік болмысты құрастыруды көздейтін қоғамның мәдени тарихына қайта бағыттауға назар аударылды. Оның мүмкіндіктері, бұл бағыттың жетекшісі, француздың белгілі тарихшысы Роже Шартьенің нұсқасына сай, өз кезегінде, күнделікті қарым-қатынастардың тәжірибесімен анықталып, шектеледі. Зерт- теушінің басты міндеті – алдыңғы буынның ұжымдық құрылымдарының мә- дени тәжірибесі құрастырған, объективті тұрғыдан шектеулі мүмкіндіктердің кеңістігінде индивидтердің субъективті түсініктерінің, ойларының, қабілетте- рінің, ұмтылыстарының қалайша әрекет ететінін көрсету әрі олардың ықпалын сезіну. Бұл күрделі бірлесу «шындықтың үш регистрін» жеке-жеке айқындау- ға мүмкіндік беретін құрамы бойынша өзара ұқсас репрезентация түсінігімен сипатталады: а) ұжымдық түсініктер – индивидтердің әлеуметтік әлемді қа- былдау схемасын ұйымдастыратын менталдылық; ә) символдық түсініктер – қоғамға өзінің әлеуметтік мәртебесін немесе саяси қуатын көрсету, кіріктіру формалары; б) өкілдің – репрезанттың (нақты немесе абстрактілі, жеке немесе ұжымдық) бәсекелестік күресте орныққан және қоғам тарапынан мойындалған әлеуметтік мәртебесі мен саяси өкілеттігін бекіту.
Мұндай теориялық модельдерде әлеуметтік-таптық қақтығыстар репрезен- тациялардың күресіне ұласады. Бәсекелес репрезентативтік стратегиялар кон- цепциясының аналитикалық әлеуеті түрлі деңгейдегі әлеуметтік процестердің динамикасын сипаттау мен түсіндіруде жаңа перспективаларды ашуға мүмкін- дік береді.
Әлеуметтік-мәдени тәсілді ұстанған тарихшы, ең алдымен, өткен кезең адам- дарының нақты өмірдің тікелей қарым-қатынастарында қалыпты жағдайдан ауытқығанға дейінгі әртүрлі ахуалдарда өздерін қалай ұстағанын анықтауы ке- рек. Зерттеудің мазмұнын күрделендіретін әрі танымдық әлеуетін арттыратын аналитикалық перспективаның төңкерісі жүріп жатыр. Тарихшы индивидтер- дің белгілі бір болмыс ретіндегі әлеуметтік топтарға тиесілі екенін қабылдап, субъектілердің арасындағы қарым-қатынастарды негізсіз бекітілген заңдылық ретінде қарастырудың орнына осы өзара қатынастардың қандай тәсілдер арқы- лы одақтар мен мүдделердің ортақтығын қалыптастыратынын немесе, басқаша айтқанда, әлеуметтік топтарды құратынын зерттейді. Сонымен негізгі мәселе барлық әлеуметтік категорияларды жоққа шығаруда емес, олардың пайда бо- луына себеп болған әлеуметтік қатынастармен байланыстыруда.
индивид пен қоғамның дихотомиясынан бас тарта отырып, кейбір автор- лар Михаил Михайлович Бахтиннің (1895–1975) диалогтік концепциясына және лингвистикалық, әлеуметтік әрі психологиялық процестерді кешенді түрде зерттеуге негізделген мәдени тәжірибені зерделеуге бағытталған әлеуметтік тәсіліне сүйенеді. Жеке тәжірибе мен мағыналық қызмет «бәсекеге қабілетті қоғамдастықтар» түріндегі өзіндік «полифонияға» ие осы тарихи социумның ішінде – тұлғааралық және топаралық қатынастардың контексінде түсіндіріле- ді. Олардың әрқайсысы «бәсекеге қабілетті қоғамдастықтар» индивидке белгілі бір жағдайларда мінез-құлықтың жеке бағдарламасын ұсынады. Бір жағынан, әр мәтінді оқу оның көкжиегін анықтайтын дискурстық және әлеуметтік тәжіри- белердің контексіне енуді қамтиды. Екіншіден, әрбір мәтінде бұл контекстердің
206 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу
түрлі қырлары ашылады және оларға тән қарама-қайшылықтар мен қақтығыс- тар анықталады.
Тарихты зерделеу барысында символдық жүйелерді, ең алдымен, лингвисти- калық құрылымдарды талдауға басымдық беріледі. Олар арқылы өткен кезеңнің адамдары шындықты қабылдап, танып әрі талқылап, өздерінің ой-қиялдарында болашақты бейнеледі. Әлеуметтік мәдени тарих ұғымдарды, түсініктерді талдай отырып, әлеуметтік тәжірибенің кең мағынадағы дискурстық аспектісіне баса назар аударады.
Қазіргі әдіснамалық пікірталастарда тарихтағы микро және макротәсілдер- дің арақатынасы мен өзара үйлесу мәселесі ерекше орын алады. Микротарих- тың ерекшелігі оның нысанының көлеміне байланысты емес: белгілі бір объект бірдей дәрежеде макро және микротарихи зерттеулердің нысаны бола алады. негізгі мәселе бұл нысанның қай қырынан қарастырылуында, яғни өзінің тео- риялық платформасына және тарихи процесті өрістетудің қабылданған моделі- не сай бақылаушының таңдаған позициясына байланысты зерделенеді. Басқаша айтқанда, басты ерекшелік зерттеу ойының қозғалу бағытына байланысты: ол бүгінгінің, яғни қазіргі кезеңдегі біздің өмір сүріп отырған әлеміміздің қалып- тасуын ретроспективті түрде бақылай отырып, бүгінгі күннен өткенге қарай жүретінін немесе қалыптасу сатысындағы өткен кезеңнің өзіне назар аудара- тынын анықтайды. Соңғы жағдайда бұл қозғалыс өткен кезеңнен бүгінгі күн- ге бағытталған және зерттеуші мынадай сұрақтарға жауап іздейді: тарихи таң- даудың жүйелі жағдайларында қандай әлеуетті мүмкіндіктер жасырын болды; бұл процестерде өзге емес, дәл осы мүмкіндіктер қалайша және неліктен жүзеге асырылып отырды; индивидтердің субъективті түсініктері, ойлары, қабілеттері, ұмтылыстары бұрынғы мәдени тәжірибе қалыптастырған объективті ұжымдық құрылымдармен шектелген еркіндіктің кеңістігінде қандай жолдармен әрекет етті? Алғашқы көріністе біз дамудың траекториясындағы өткен шындықтың бірөлшемді проекциясын аламыз және осылайша тарихтың жүзеге асырылған нұсқасын ғана көреміз. Екіншісінде келмеске кеткен бұл шындықты болжанба- ған болашақ ретінде, өзіндегі әртүрлі, тіпті қарама-қайшы әлеуетті мүмкіндік- тер – даму нұсқалары ретінде қарастырамыз, яғни оның барынша мүмкін болған әртүрлілігі мен толық нұсқасын байқаймыз. Басқаша айтқанда, микротарихтың деңгейінде балама дамудың бастамасын көруге болады.
Жаңа әлеуметтік-мәдени тарихта әлеуметтік өмір мен әлеуметтік топтардың формаларын талдауда процессуалдық тәсіл өзара әрекет етуші индивидтердің тәжірибелік қызметіндегі үздіксіз түсіндіру, қолдау немесе өзгерту арқылы қол- данылады. Әлеуметтік-мәдени көзқарасты ұстанған тарихшы өткен кезең адам- дарының әртүрлі жағдайларда қалай әрекет еткенін елестетуге тиісті.
Жалпы тарихнамалық панорамада кездейсоқтық пен казусты зерттеудің ерекше нысаны саналған бағыттар қалыптасты. Қазіргі тарихшылардың арасын- да айрықша жағдайларға қызығушылық танытып, олардан үлкен бір құбылысты көруге тырысады: жасырын процестерді немесе тенденцияларды тауып, сол ар- қылы өткен кезең туралы бүгінгі түсініктерді байыта түсуге ұмтылады. Тарихшы нақты казустарды талдау арқылы маңызды сұрақтарға жауап іздейді: өткен ке- зеңнің адамы өзінің таңдауын қалай жасайды, ол қандай уәждерді басшылыққа алады, өмірде өзінің мақсатын қызықты етіп қалай жүзеге асырады, ол өзінің
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 207
даралығын қалайша көрсете және өзінің «қолтаңбасын» қаншалықты деңгейде қалдыра алады? Саяси тарихтағы казустық тәсілдің қызықты нұсқаларының бірі –
«бір оқиғаның тарихы» деп аталатын талдау. Әрбір оқиға орын алған сәттен бастап өзгеше түсіндірілетіні ақиқат. Бірақ бүгінгі күні оқиғаның тарихы тура- лы сөз қозғағанда, біз оның іске асу процесі мен оған әсер еткен құбылыстарды, сондай-ақ кейінгі тарихта ол жайында сақталған естеліктерді меңзеп отырмыз. Фактілер уақыт өте келе аңыздармен толығып, өзгеше мағынаға ие болады. Ке- йінірек фактілер мифке немесе символға айналып, сол күйінде тарихқа енеді. Осылайша тарихи жадының қалыптасуында оқиғаның өзі ғана емес, қоғамдық сана үшін маңызы бар тарихи немесе мифтік мәні бар түсініктер, оның ойдағы бейнесі айрықша рөл атқарады.
1991 жылдан бастап қазіргі мәдени тарихта француздың әйгілі тарихшысы Жак ле гофф ұсынған тарихтың жаңартылған әдіснамасының кешенді бағдарла- масы қолданылып келеді. Ол төмендегідей үш бағыттың нәтижелі перспектива- лары туралы атап өткен еді: ойлаудың дағдыларын зерделейтін интеллектуал- дық өмірдің тарихы; менталдылық тарихы, яғни қалыпты сананың ұжымдық автоматизмінің тарихы; құндылық бағдарының тарихы. идеялардың, стерео- типтер мен құндылықтардың бұл үштігі макро және микродеңгейлер тәрізді ру- хани саланың тарихи даму динамикасын қамтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қазіргі тарихнамалық жағдайдағы постструктурализм жасаған өзге- рістер 1960–1980 жылдары қалыптасқан және үстемдік еткен әлеуметтік тарих- тың парадигмаларына күмән туғызды. Алайда қоғам мен мәдениет арасындағы жаңаша қойылып отырған қарым-қатынастар әлеуметтік тұжырымдаманы жоқ- қа шығармайды. Ал субъективтіліктің жасампаз рөлі мен оның әлеуметтік тәжі- рибесін түсінудегі айқындаушы мәнін мойындау транстұлғалық деп аталатын іс-әрекет шарттарын талдауды қажетсіз деп санамайды.
Әлеуметтік тарихтың тарихи білімнің саласы ретіндегі әрекетіне күмән туған жағдайда, дағдарысты еңсеру оның зерттеу перспективасын барынша кеңейтуді талап етеді. Соңғысы әлеуметтік құрылымның, мәдениеттің, индивидтің кон- цепцияларын теориялық тұрғыдан қайта пайымдау нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін. Олар енді бір-бірінен ажыраған онтологиялық болмыс ретінде қарас- тырылмайды және өзара байланысқан аспектілер немесе өлшемдер, адамның мінез-құлықтары мен әлеуметтік әрекеттестік ретінде қабылданады. Әлеумет- тік тарихтың аяқталғанын жариялауға асығатындар ұзаққа созылған әрі үздіксіз шығармашылық процесс саналатын тұжырымдамалық негіздерді сын тұрғысы- нан қайта зерделеу және әлеуметтік тарихшылардың зерттеу стратегияларының әлеуметтік-мәдени талдау бағытына ығысуы нәтижесінде бірінші орынға шық- қан әлеуметтік-тарихи білімнің формалары туралы айтады.
1990 жылдары әлеуметтік тарихтың екі нұсқасындағы (қызмет шарттарын анықтауға бағытталған әлеуметтік және әрекет етуші тұлғалардың санасын зерттейтін антропологиялық) өзгерістер нәтижесінде мәдени субъектілердің («прагматикалық бетбұрыс») қызметіндегі әлеуметтіктің қалыптасу проце- сін қамтыған тарихи әлеуметтену туралы жаңа түсініктер пайда болды. Жаңа әлеуметтік тарих өткенді зерттеудің әлеуметтік-мәдени аспектісін сәтті қол- данды, бай және әр алуан тәжірибесіне сүйене отырып, өзінің мазмұнын қайта зерделеді.
208 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу
Жаңа әлеуметтік тарихтағы өзгеріс адам қызметінің құрылымдық сарала- нуы мен қайта ұйымдастырылуын ғана емес, сонымен қатар «ақыл-ойды қайта ұйымдастыруды» – құндылықтар мен ұғымдардағы өзгерістерді, яғни әлемге өзгеше көзқараспен қарайтын белгілі бір жаңа сананы немесе жаңа мәдениет- ті қамтитын процесті зерделейді. Бұл сондай-ақ тарихи қоғамды көптеген ал- дыңғы буын өкілдерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып, әрекет етуші тұлға- лардың шынайы өмірінің шарттары мен мінез-құлық модельдерін ұсынатын олардың жеке және ұжымдық тәжірибелері процесінде өзгеретін біртұтас ди- намикалық жүйе ретінде қайта қалпына келтіруді білдіреді. негізгі себептерді (шарттарды) адам қызметінің нақты мотивтеріне айналдыру механизмін зерт- теу оның екі жағын бірдей кешенді түрде талдауды көздейді. Бұл – тұлғалар мен топтардың мінез-құлықтарына ықпал ету әрекетін анықтайтын макрота- рихқа, сондай-ақ жеке іс-әрекетті ұжымдық қызметке қосу тәсілін зерттеуге, соның нәтижесінде нақты тарихи тәжірибенің деңгейінде жекені әлеуметтікте және әлеуметтікті жекеде белгілеуге мүмкіндік беретін микротарихқа назар аудару деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |