Тарих история history


Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
sciPaper168382

Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері...
Серия "История. Философия". № 2(98)/2020
45
2017 жылы сәуір айында Мосул аймағын ИШИМ бақылауынан босату үдерісінде 
прогресс байқалған соң КДП, КПО, Горран қозғалысы басшылары ИКАА тәуелсіздігіне 
қатысты референдум 2017 жылы өткізілетінін жеткізді. Сол жылдың 7 шілдесінде ИКАА 
басшысы Масуд Барзани ИКАА тәуелсіздігіне қатысты референдум 2017 жылдың 25 
қыркүйегінде өтеді деп жариялады. Көп ұзамай 14 тамызда Масуд Барзани бастаған күрді 
делегациясы Бағдадта Ирак Премьер-министрі Х. Аль-Абадимен ИКАА-ның тәуелсіздігі 
жайлы референдумге қатысты келіссөз жүргізді. Ирак Премьер-министрі референдумды 
«конституцияға қарсы іс-әрекет», - деп бағалады. Абади күрділердің референдумы бір жақты 
референдум деп атады. Келіссөз барысында тараптар ортақ шешімге келе алмады.
2017 жыл 25-қыркүйекте ИКАА аумағында және күрділер мен Ирак Үкіметі арасында 
тартыс аймақтар болып саналатын Киркук, Дияла, Саладдин, Ханакин аймақтарында да 
референдум жүргізілді. Референдум қорытындысын төмендегі кестеден көруге болады.
Мазмұны 
Жалпы сайлаушы саны 
Пайыздық 
көрсеткіш 
ИКАА ішінде/сыртындағы 
сайлаушылар саны 
4,581,255 
100% 
Референдумға қатысушылар саны 
3,305,935 
72,16% 
Жарамды дауыстар саны 
3,085,935 
100% 
Тәуелсіздікті жақтаушылар саны 
2,861,471 
92,73% 
Тәуелсіздікке қарсылар саны 
224,464 
7,27% 
Жарамсыз дауыстар саны 
40,011 
Сайлау 
коммитеті 
дерегімен 
сәйкес келмейтін дауыс саны 
170,611 
Бос бюллетень саны 
9,368 
Кесте – 1: Ирак күрді тәуелсіздігіне қатысты референдум нәтижесі [24] 
ИКАА-ның тәуелсіздігі жайлы референдум бір жақты өтті. Референдумға Ирактың 
бүкіл халқы қатыспады. Демек, Ирак күрділерінің тәуелсіздік жайлы референдумы 
федералды Үкіметінің келісімінсіз, анти-конституциялық негізде тек қана ИКАА шеңберінде 
ғана өткенін ескерсек, Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысы бір жақты сецессия деп 
айтуға негіз бар. Халықаралық тарихи тәжірибеге сүйенсек, бір жақты сецессия қозғалысы 
сәтті аяқталуы үшін қажетті элементтің бірі жанжалға үшінші тараптың қосылуы болып 
табылады. Ирак күрділерінің бір жақты қозғалысына аймақтық деңгейдегі мемлекеттер, 
анығында Түркия және Иранның позициясы қалай болғанын талдап көрелік.
7)
 
Аймақтық деңгейдегі Ирак күрді сецессионистік қозғалысының дамуы 
(1)
 
Түркияның рөлі 
Жоғарыда атап өткенде Түркия кез-келген күрділерге қатысты мәселені айналып өте 
алмайды. Себебі Түркияның Шығыс бөлігі негізінен күрділерден тұрады.Түрік 
Республикасы құрылған сәттен бастап өз территориясындағы күрдтер қозғалысымен күресіп 
келгеніне қарамастан, соңғы онжылдықта ИКАА-мен тамаша қарым-қатынасты болып келді. 
Анкара Ирак Күрдістанының нағыз саяси қорғаушысы, сонымен бірге стратегиялық 
экономикалық серіктес және әскери одақтас болды. Өз кезегінде, ИКАА да Түркияның 
аймақтағы ең маңызды серіктесі болды. Әсіресе, Түркия ИКАА-ны Иранның аймақтағы 
ықпалына тосқауыл және Иракқа қысым жасау құралы ретінде көрді.
ИКАА сонымен бірге маңызды экономикалық серіктес болып табылады. Бір ғана 2016 
жылы ИКАА-ның Түркияға экспортының құны 5,4 млрд долларға, импорт құны 7,6 млрд 
долларды құрады. ИКАА, сонымен қатар, Түркияға мұнай мен газ жеткізілімін 
әртараптандырудың әлеуетті көзі болып табылады. Тек Күрд тәуелсіздігінің референдумы 
бұл ынтымақтастық үшін үлкен проблема тудырды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет