34
Вестник Карагандинского университета
ТАРИХ
ИСТОРИЯ
HISTORY
UDC 327.5
Б.М. Балаубаева, С.М. Парпиев, С.А. Нуралиева
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
(E-mail:
binurbalaubayeva@gmail.com, pmsacademic@gmail.com sania.nurali@gmail.com)
Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері мен шектеулігі:
мемлекеттік және аймақтық деңгей негізінде
I.
Кіріспе
Халықаралық қатынастардың негізі субъектісі – егеменді мемлекет болып табылады.
1816 жылы халықаралық қауымдастықты құрайтын егеменді мемлекеттер саны 25 болса [1],
1945 жылы Екінші Дүниежүзілік соғысы аяқталып Біріккен Ұлттар Ұйымы(БҰҰ) құрылған
соң оған мүше болған егеменді мемлекеттер саны 45-ке жетті. Ал, күні бүгінде БҰҰ-ға толық
мүше егеменді мемлекеттер саны 195-ті құрайды [2]. Бұл соңғы
екі ғасыр бойы егеменді
мемлекеттердің үздіксіз қалыптасу үдерісінде екендігін көрсетеді. Осылайша уақыт пен
кеңістіктің дамуына қарай халықаралық аренада жаңа тәуелсіз, хәм егеменді мемлекеттердің
қалыптасуы мен пайда болуы немен байланысты? Британдық саясаттанушы ғалым Б.
Коггинс осыған қатысты 4 факторды атап өтеді:
біріншіден, XIX ғасырдың екінші
жартысынан Еуропа құрлығында кең дамыған национализм идеологиясы мен осы идеология
негізінде өрбіген XX ғасыр басындағы Бірінші Дүниежүзілік соғысы. Екінші фактор ретінде
Коггинс национализм идеясы өз шыңына жеткен Екінші Дүниежүзілік соғысты меңзейді. Ал,
үшінші фактор – Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейінгі 1960-70
жылдары пайда болған
деколонизация үдерісімен байланысады. Коггинс бойынша егеменді мемлекеттердің көптеп
пайда болуына мұрындық болған төртінші фактор – коммунистік блоктың (КСРО,
Чехословакия, Югославия) ыдырауына байланысты болды [3].
Коггинстің позициясын толықтыратын болсақ, осы 4
факторға да мұрындық болған
национализм идеясы болғанымен, тағы да тереңірек үңілсек оның негізінде «ұлттық өзін-өзін
айқындау» идеясы екендігіне көз жеткізуге болады. Оған сәйкес, кез келген өзін-өзі ұлт деп
санайтын топ немесе қауымдастық өз тобы-қауымдастығы шеңберінде өзгенің ықпалынсыз
өз тағдырын шеше алады. Бұл идея 1919 жылы АҚШ Президенті В. Вильсон тарапынан
ұсынылды [4]. Өзін-өзі айқындау құқығы мен идеясы күні бүгінге
дейін көптеген егеменді
мемлекеті жоқ ұлттық топтар мен қауымдастықтар қозғалысының негізі болып келеді.
Ал, өзін-өзі айқындау құқығы мен идеясы соңғы бір ғасыр бойы көптеген сепаратистік
(бөліну), сецессинонистік (бөліну және тәуелсіз болу) қозғалысының басты идеологиясына,
қозғаушы күшіне болды. Бұл әсіресе, ғасырлар бойы әр-түрлі
тарихи себептермен өз
егеменді мемлекетін құра алмаған ұлт өкілдерінің басты идеологиялық қаруына айналды.
Өз егеменді мемлекетін құра алмаған, соңғы бір ғасыр
бойы осы өзін-өзі айқындау
идеясы негізінде үздіксіз күрес жүргізіп келген ұлттың бірі – Таяу Шығыстағы күрді ұлты
болып табылады. Күрділер қазіргі таңда жалпы саны 40 миллионнан асатын,
тарихи және
қазіргі негізгі қоныстану орны Түркия, Иран, Ирак, Сирияның территорияларының