Тарих история history


Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
sciPaper168382

Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева
40 
Вестник Карагандинского университета 
 
1.
 
Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысының қалыптасуы 
 
1)
 
Ирак күрді ұлттық бірегейлігінің қалыптасуы мен сақталуы 
Күрді ұлты халқынының саны 40 миллиондай болатын, Таяу Шығыстағы Түркия, Иран, 
Ирак, Сирия мемлекеттерінің территориясын мекендейтін, әлемдегі өзінің тәуелсіз мемлекеті 
жоқ ең ірі ұлт болып табылады. Күрді ұлты сан ғасырлар бойы алдымен, Араб халифатының, 
сосын Осман Империясының, Бірінші Дүниежізілік соғысынан аяқталған соң Осман 
Империясының ыдырауына байланысты құрылған Түркия, Ирак, Сирия мемлекеттерінің 
және Иран мемлекеттерінің территорияларын қоныстанып келеді. Күрділердің қоныстанған 
аймағы «Күрдістан» деп аталады. Тарихи «Күрдістан» жері қазіргі Түркияның Шығыс бөлігі, 
Иранның Оңтүстік-Батыс бөлігін, Ирактың Солтүстік, Солтүстік-Шығыс, Солтүстік-Батыс 
бөлігін. Сирияның Солтүстік бөлігін қамтиды [15]. 
Сурет – 2: Күрділердің қоныстану аумағы [16]. 
XVIII ғасырдың екінші жартысында Еуропа құрлығында таралған ұлтшылдық идеясы 
Осман Империясы аумағына да тарады. Бұған дейін ислам және мұсылмандық идеямен өмір 
сүріп келген Осман Империясы халықтары арасында алғаш рет «ұлт» деген түсінікке назар 
аударушылық басталды. Осыған орай, күрділер де өздерінің діни аспекттен қарағанда 
мұсылман болғанымен, тіл, мәдени салт-дәстүрі жағынан түріктер мен арабтардан, 
парсылардан айырмашылығы бар екендігін аңғаруға болады. 
Күрділердің тарихи қоныстану аймағы болып табылатын «Күрдістан» аумағының 
бөлінуі сонау 1639 жылы Осман империясы мен Иран Сефевидтер империясы арасында 
болған Зохаб келісім-шартынан басталады. Зохаб келісіміне орай қазіргі Иран аумағына 
кіретін күрді қоныстану аймағы 1639 жылдан бері Иранның аумағында қалып қойды. Ал, 
Осман империясы құрамында қалған Күрдістан аумағы 1918 жылы Осман империясы 
құлағанға дейін Осман империясы құрамында болды. Осман империясы құлаған соң, 
империя аумағындағы күрді иеліктері Ұлыбритания мен Францияның, бертін келе 
қалыптасқын Түркияның бақылауын өтті [17]. Түркия, Иран, Ирак, Сирия да дербес 
мемлекет болып қалыптасқан соң, өз аумағындағы ұлттық-көпшілік (ethnic majority) 
негізінде ұлттық идеологияны қалыптастырды. Ал, мемлекет аумағындағы азшылық-
ұлттардың (ethnic minority) болмысын мойындаудан бас тартты. Бір мысал ретінде, 
Түркияның алғаш президенті Мұстафа Кемал Ататүрікті алуға болады. Ататүрік жүргізген 
ұлт саясаты мұсылмандық негізіндегі арабшылықтан бас тартып, «түрікшілікке» бағытталды. 
Түркия аумағындағы саны жағынан ең ірі ұлт болып табылатын күрділер «басқа ұлт» ретінде 
қарастырылмай, «таулық түріктер» деп аталды. Яғни, күрді ұлтының болмысы мен ұлт 
ретіндегі статусы мойындалмады. Бұл жағдай күні бүгінге дейін жалғасып келуде. Иран да 
тәуелсіздік мемлекет болып қалыптасқан соң орнаған Шах режимі Түркияның позициясын 
іле-шала қолдап, өз қарамағындағы күрділерді «таулық парсылар» немесе «таулық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет