Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері... Серия "История. Философия". № 2(98)/2020
39
Сецессионистік қозғалыс қарулы қақтығыс арқылы жүзеге асатын жағдайда мемлекетке
сецессияға бағытталған аумақтың бүкіл тұрғындарымен соғысуға тура келеді. Бұл аймақтағы
тұрақсыздық пен ойран, хаос, босқындардың ағылуы, геноцид сияқты үлкен апаттарға алып
келеді. Бұл жағдайда осы жанжалға сыртқы күштерінің араласуына алып келеді. Егер тиісті
мемлекет сецессионистік қозғалысты басу барысында осында өрескел құқық
бұзушылықтарға жол берсе, бұл халықаралық қауымдастық тарапынан үлкен сынға ұшырап,
сецессионистік қозғалыстың нәтижесі сецессионистік топтың пайдасына шешілу мүмкіндігін
жоғарылатады. Сецессионистік қозғалыс ішкі деңгейде сәтті аяқталғанымен бұл
сецессияның толығымын аяқталғанын білдірмейді. Сецессия нәтижесінде пайда болған жаңа
мемлекет халықаралық қауымдастықтың жаңа пайда болған мемлекеттің дербес саяси
субъект ретіндегі статусын мойындап, легитимділігін қамтамасыз етуі қажет. сонда ғана
сецессионистік қозғалыс түбегейлі толық сәтті жүзеге асты деп айта аламыз.
Демек, «сецессия», «сецессия түрі», «сецессионистік қозғалыс» ғылыми ұғымдары
негізінде осы «зерттеудің қаңқасын (research framework)» қалыптастырып көрелік. Вудқа
сүйене отырып, сецессияны туындататын 5 түрлі фактор: ұлттық топтың бірегейлігінің берік
болуы,
территориясынның
болуы,
тиісті
мемлекет
тарапынан
экономикалық
дискриминацияның болуы, саяси-әлеуметтік дискриминацияның болуы және соңғысы
мемлекет тарапынан жасалатын қатау ассимилияциялық ұлт саясаты. Бұл сецессионистік
қозғалыстың пайда болуына алып келетін негізгі факторлар болып табылады. Бұған
сецессияның түрін қосалық. Яғни, келісілгін сецессия ма, әлде бір жақты сецессия ма?
Үшіншіден, сецессияның сәтті аяқталуына үшінші тараптың – халықаралық
қауымдастықтың, немесе аймақтық кез-келген мемлекеттің араласуы мен сецессия арқылы
құрылғалы жатқан жаңа мемлекеттің тәуелсіз саяси сібъект ретіндегі статусын мойындау
арқылы легитимділігін қамтамасыз етуі өте маңызды болып саналады.
Ал, осы айтылған элементтерді ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысына қалай
қолдана аламыз? Алдымен, аталған сецессионистік қозғалыстың қалыптасуының 5 факторы
арқылы күрді сецессионистік қозғалысының шығу себептерін айқындап көрелік. Сосын,
сецессионистік қозғалысының жүру үдерісіндегі жағдаяттарға қарай ол бір жақты болды ма
әлде келісілген сецессия болды ма соны айқындаймыз. Ал үшіншіден аймақтық деңгейдегі
мемлекеттер күрді сецессионистік қозғалысына араласты ма жоқ па соны тауып көрелік.
Аймақтық мемлекеттердің күрді сецессионистік қозғалысына қатысты позициясы негізінде
қозғалыстың нәтижелі/нәтижесіз аяқталатынына түбегейлі әсер ететін болғандықтан, бұл
жағдай өте маңызды. Төмендегі суретте осы зерттеудің қаңқасы бейнеленген.
Сурет – 1: «Зерттеу қаңқасы»
III. Сараптау